«Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында сауалнама арқылы жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА 2018

Жамбыл облысы әкімдігінің
«Дін проблемаларын зерттеу орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша

«Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу»
жобасы аясында сауалнама арқылы жүргізілген әлеуметтік
зерттеудің қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Тараз – 2018
«Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында сауалнама арқылы жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

I Кіріспе

Қазақ қоғамының бүгінгісі мен ертенгісі не болмақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысымызды сақтап қалу мақсатында жасаған жұмыстың мәресіне келгендіктен көкейдегі толғамды ойдың тобықтай түйінін көрсететін кез келген сияқты. Мемлекеттің негізгі факторларын құрайтын тіл, дін және діл мәселесі, яғни бір мемлекеттің өзге мемлекеттен айырып тұратыны оның тілі, діні, ділі болмақ. Сол себепті мемлекет дінге ерекше көңіл бөледі. Елімізде болып жатқан діни құбылыстарды зерттеп, бақылап, талдау жасау діни қызмет саласындағы мемлекеттік органдардың басым бағыттары.
Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-cі мен ЖК «Куленова Н.Т.» арасында жасалған келісімге сәйкес және бірлескен жоспар бойынша Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу аясында сауалнама толтыру іс-шарасы өтті.

ӘЛЕУМ0ЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ТАҚЫРЫБЫ

Әлеуметтік зерттеудің тақырыбы: «Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу». Осы тақырып аясында «Дін проблемаларын зерттеу орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бекітілген сұрақтарға Жамбыл облысы тұрғындарының пікірлерін алып, соған сәйкес әлеуметтік зертттеу жүргізу.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ НЫСАНЫ

«Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік зерттеуінің нысаны: Жамбыл облысына қарасты 10 аудан мен Тараз қаласының 16-65 жас аралығындағы 2000 респонденті болып табылады. Респонденттердің пікір алуандығын анықтау мақсатында арнайы сауалнама сұрақтары ұсынылып, алынған жауаптарға зерделеу жасалды.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

«Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбы аясында сауалнама арқылы пікір алу нәтижесінде жүзеге асырылатын әлеуметтік зерттеудің негізгі мақсаты – Жамбыл облысындағы діни ахуалға талдау жасау. Сол арқылы төмендегі көрсеткіштерді айқындау болып табылады:
— Жамбыл облысындағы діни ахуалдың деңгейі және конфессиалық бағытын анықтау;
— Тұрғындардың басқа дінге өтуіне қатысты әсерлер факторларын зерттеу;
— Радикалды діни идеологияға ұшыраған облыс жастарына талдау жүргізу;
— Дін саласы бойынша болжамды тұрақсыздану факторларын зерделеу;
— Төзімділік, конфессияаралық шиеленісу мен жанжалдың болжамды деңгейіне талдау жасау;
— Дін саласында мемлекеттің саясатын қолдау деңгейіне анықтау және талдау;
— Отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы дәни жағдайға байланысты қарым-қатынасты анықтау;
— Интернеттегі (әлеуметтік желідегі) діни тақырыптардың жастарға қаншалықты әсер етіп жатқанын анықтау.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Іс-шара барысында талқыланған тақырып бойынша ағымдағы ахуалдың басты үрдістері мен жағдайларын анықтау, сондай-ақ болжау арқылы алдағы уақытта тиімді шаралар қабылдау мақсатында тиісті ұсыныстар әзірлеу.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ІРІКТЕМЕЛІК ЖИЫНТЫҒЫ

Әлеуметтік зерттеуде Жамбыл облысы бойынша облысқа кіретін 10 аудан мен Тараз қаласынан 16-65 жас аралығындағы 2000 адам қатысқан. Оның 52,8 %-ы ер адам болса, 47,2%-ы әйел адам болды.
Респонденттердің Тараз қаласы мен аудандар бойынша тұрғындар санына тиісті бөлінуі келесідей: Тараз қаласы – 650 адам, Байзақ ауданы – 176 адам, Жамбыл ауданы – 146 адам, Жуалы ауданы – 92 адам, Қордай ауданы – 250 адам, Меркі ауданы – 152 адам, Мойынқұм ауданы – 60 адам, Сарысу ауданы – 80 адам, Талас ауданы – 96 адам, Т.Рысқұлов ауданы – 120 адам, Шу ауданы – 178 адам.
Әлеуметтік зерттеуге қатысқан респонденттердің жас ерекшеліктері келесідей: 16-18 жас аралығы – 6,8%, 18-19 жас аралығы – 7%, 20-29 жас аралығы – 22,6%, 30-39 жас аралығы – 24,8%, 40-49 жас аралығы – 26,2%, 50-59 жас аралығы – 7,7%, 60-65 жас аралығы – 4,9% құрады.
Сауалнамаға қамтылған респонденттердің 57 %-ы қазақ, 16 %-ы орыс, 27 %-ы өзге ұлт өкілдері.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ БАРЫСЫНДА КЕЛЕСІ ЗЕРТТЕУ ГИПОТЕЗАЛАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

— Облыстағы әртүрлі конфессия өкілдері арасындағы қарым-қатынас достық қатынаста болғандықтан діни ахуал тұрақтылығы байқалуда;
— Мемлекеттің дін саласында және ұлттар достығына байланысты жүргізіп отырған саясаты дұрыс болғандықтан ел арасында ашық түрде діни конфликттерге жол берілмейді;
— Жастардың көпшілік бөлігі діни білімдерін әлеуметтік желілерден алғандықтан және интернет-ресурстардағы діни материалдарға
— мониторингтің жетіспеушілігінен олардың арасында өзге ағымдарға өтушілердің бар болуы;
— Тұрғындардың радикалды идеологияға ұшырауында олардың әлеуметтік жағдайы аса маңызды емес;
— Діни экстремизм мен терроризм мәселелері халықты мазасыздандырмағандықтан бұл қауіптің орын алу болжамы төмен;
— Мемлекеттің дін саласында ұстанып отырған саясаты халық арасында оң бағада және қолдау табуда.

«Айтыңызшы, Сіз өзіңізді діндарлар қатарына жатқызасыз ба?»–деген бірінші сұраққа респонденттердің 74,5%-ы «Мен дінге сенемін, алайда тек діни мейрамдармен шектелемін, мешітке сирек барамын (шіркеу, синагога, сыйыну үйі)» – деп жауап берген. 75,9% респонденттің 65,4%-ы ер адам болса, 34,6%-ы әйел адамды құрап отыр. Жауап берушілердің 19,9%-ы «Мен дінге іс жүзінде сенемін, бес уақыт намаз оқимын, құран білемін (конфессианалды ұстанымыма байланысты)» деген жауапты белгілеген болса, 5,6% респондент «Мен дінге сенбеймін, діни өмірге қатыспаймын»деп жауап берді.

«Сіз қай дінді ұстанасыз?»– деген екінші сауалға респонденттердің 89,8%-ы «Ислам сунит (Ханафи масхабы)» деп жауап берсе, 89,8% респонденттің 66,2% ер адам, 33,8%-ы әйел адам. Жас ерекшеліктері бойынша 36,4%-ы 16-29 жас аралығында, 51,0%-ы 30-49 жас аралығында және 12,6%-ы 50-65 жас аралығында. 6,8%-ы «Мен Құдайға сенемін,алайда ешбір діни ағымға жатпаймын» деген, ал 3,4%-ы «Православие» деген жауапты нұсқаған.

«Сіз таңдаған дініңіз жайлы білімдерді қай ақпарат көздерінен алдыңыз?»– деген сұраққа 25,8% респондент «ата-анам, жақын туыстарым», ер адамдардың 48,4%-ы, әйел адамдардың 51,6%-ы. 1,7% «дінде жүрген бауырларым», 27,6 % «рухани ұстазым, тәрбиешім», 1,2% «достарым немесе қызметтестерім», 20,3% «діни әдебиеттер (кітаптар, брошюралар, газеттер)», 21,2% «интернет ресурстар (сайттар, форумдар, әлеуметтік желілер)» осы жауап нұсқасын таңдаған 16-29 жас аралығындағы респонденттердің үлес салмағы 64,3%-ды құрап отыр. 0,5% «телехабарлар», 0,9% «БАҚ, баспасөз», 0,8% «кездейсоқ адамдардан, таныстардан» деп жауап берді.

«Дінге белсенді сенетін адамдарға деген Сіздің көзқарасыңыз?» — деген сауалға респонденттердің 52,8%-ы «дұрыс» деп жауап берсе, 52,8% дұрыс деп жауап берген респонденттердің көбісі (72,4%) ер адамдар. 28,8%-ы «өте жақсы» деген нұсқаны белгілеген. Дінге белсенді сенетін адамдарға теріс көзқарастағылардың мөлшері айтарлықтай төмен: респонденттердің 1.5%-ы «қарсы» және 1,3%-ы «өте қарсы» деп жауап берді. 10,8% респондент «бейтарап» деп белгілесе әсіресе 40-49 жас аралығындағы (42,4%) респонденттер, 4,8%-ы «жауап беруге қиналамын» жауабын таңдады.

«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын естіген бе едіңіз?» — деген сауалға респонденттердің 87,3%-ы «ия» деп олардың 68,5%-ы ер азаматтар, тиісінше 12,7%-ы «жоқ» деп жауап берді. Жоқ деп жауап бергендердің 61,8%-ы 16-19 жас аралығындағы жастар.

«Елімізде болып жатқан діни хал-ахуал туралы Сіздің хабардар болуыңызды қалай бағалайсыз?» – деген кезекті сауалға респонденттердің 48,3%-ы «Мен еліміздегі діни хал-ахуал жайында жақсы хабардармын, өйткені уақытылы осы тақырып аясындағы жаңалықтарды оқып/көріп тұрамын», бұл нұсқаны таңдаған (48,2%) респонденттің көпшілігі 50-65 жас аралығындағы азаматтар. 31,7%-ы «Мен жақсы хабардар емеспін, бірақ жобасын білемін», 6,1%-ы «Мен хабардар емеспін, менің оған уақытым жоқ», 9,2%-ы «Мені бұл тақырып аясы қызықтырмайды», 4,8%-ы «Басқа жауап» деп жауап берген.

«Қандай ақпарат көзінен Сіз діни бағыттағы ақпараттарды алып отырасыз?» — деген келесі сұраққа респонденттердің 36%-ы «Теледидар» олардың 37,6%-ы 40-65 жас аралығындағы респонденттер, 26,3%-ы «Газет, журнал», 0,8%-ы «Радио», 17,2%-ы «Интернет-сайттар, әлеуметтік желілер», 17,1%-ы «Жақын орта(туыстар, достар, қызметтестер)» және 2,5%-ы «Басқа» деп белгілеген.

«Аймақтағы діни жағдайды қалай бағалайсыз?» — деген кезекті сауалға сауалнама қатысушыларының 68,1%-ы «Жайлы» деп белгілеген, олардың 36,8%-ы 50-65 жас аралығындағы азаматтар. 20% респондент «Өте жайлы» жауабын таңдаған. Бұлардың 22,8%-ы 40-49 жас аралығындағы респонденттер. Ал бұл сұраққа теріс баға бергендер, яғни 3,2% «Өте жайсыз» десе, 8,7% респондент «Жайсыз» деген жауапқа нұсқаған.

«Айтыңыз, сіздің аймақта дін саласында бүгінгі күні қандай проблемалар актуалды болып отыр?» — деген сауалға респонденттердің 29%-ы «Тұрғындардың дін туралы ақпараттанулары жеткілікті жоғары деңгейде емес», бұл жауап нұсқасын 40-59 жас аралығындағы респонденттер (32,4%) таңдаған 7,6%-ы «Конфессияаралық қарым-қатнастың нашарлауы», 0,2%-ы «Экстремизм мен терроризмнің радикалды идеологиясының кең таралуы», 1,8%-ы «Тұрғындардың көпшілік қатарында діншілдік деігейінің көтерілуі», көпшілік 61,4%-ы «Айрықша проблема жоқ, бәрі жақсы» деп жауап берді. Бұған 60-65 жас аралығындағы азаматтар (46,2%) көбірек жауап берген. «Дінге нанымда адам құқығының қысым көруі» және «Елдегі діни жағдаят саясатын қолдан жасау» жауаптарын ешқандай қатысушы көрсетпеген.

Облыстағы конфессияаралық қарым-қатынасқа 75,7% респондент «достық қатынас» (36,8%) 20-49 жас аралығындағы респонденттер, 7% «Бірқатар қайшылықтар бар, бірақ олар соншалықты қауіпті емес», 3,1% «Мүдделері қиысады, талай кездері болып қалады», 0,7% «Конфликтілік қатынас», 13,4% «Жауап беруге қиналамын» деген жауап берген.

Келесі «Сіз соңғы жылдары өз қалаңызда\аудан\ауылда басқа дін өкілдерінің дін алшақтығы себептерінен туындаған конфликтіге куә болдыңыз ба?» – деген сауалға қатысушылардың 95,7%-ы «Жоқ» олардың ішінде 62,4%-ы ер, 37,6%-ы әйел адамдар және тиісінше 4,3%-ы «Иә» деп жауап берді.

«Егер басқа діндегі адамдар Сіздің діни нанымыңызға тиіссе, Сіз не істейсіз?» – деген сұраққа 33,3% қатысушы «Ештеңе болмағандай түр танытамын», (38,4%) 50-65 жас аралығындағы респонденттер, 29,7% «Жағдайды әңгіме арқылы жұмсартуға тырсамын», (24,2%) 40-49 жас аралығындағы азаматтар, 5,3% «Сөзбен тік жауап беремін», 5,2% «Құқық қорғау орындарына шағымданамын», 4,7%«Қоғамдық орындардың назарын аудартамын (БАҚ, қоғамдық ұйымдар)», 4,8% «Діни қоғамға шағымданамын», 6,5% «Адам құқығын қорғаушы орындарға шағымданамын», 3,5% «Ештеңе жасамаймын, өйткені бұл әрекеттерінен түк шықпайтынына сенімдімін», 7% «Жауап беруге қиналамын» деп жауап берді.

Келесі«Мемлекеттің дін саласындағы жүргізіп отырған саясатын Сіз қолдайсыз ба?» -деген сауалға респоденттердің 89,7%-ы «Қолдаймын», 52,8% ерлер, 47,6% әйелдер. 0,85%-ы «Қолдамаймын» және 9,45%-ы «Жауап беруге қиналамын» деген.

«Сіз қалай ойлайсыз, мемлекет діни ұйымдардың жұмыстарын реттеуге араласу керек пе?» — деген сауалға қатысушылардың 4%-ы «Мемлекеттің ешқандай бір дінге қолдау көрсетуіне болмайды», 12,7%-ы «Мемлекет ешқандай жолмен де діни ұйымдардың істеріне араласа алмайды», 5,2%-ы «Мемлекет жаңа діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау жасау керек», 6,4%-ы «Мемлекет кең тарағандарына қолдау көрсету керек», 5,1%-ы «Мемлекет елімізде жұмыс жасауда кез-келген діни ұйымға тосқауыл қоймау керек», 51,3%-ы «Мемлекет аз да болса барлық діни ұйымдардың қызметтерін реттеп отыру керек», бұл нұсқаны (20,2%) 40-49 жас аралығындағы және (19,6%) 50-59 жас аралығындағы респонденттер қолдаған. 3,4%-ы «Басқа», 11,9%-ы «Жауап беруге қиналамын» деген жауаптарды алға тартқан.

«Сіз қалай ойлайсыз сіздің аймақта діни негізде ашық түрде конфликт болуы мүмкін бе?» — деген сұраққа қатысушылардың 0,2%-ы «Ия, сөзсіз», 19,3%-ы «Жағдайға қарай», 64,5%-ы «Ешқашан да» (36,4%) 50-65 жас аралығындағы респонденттер таңдаған, 1,8%-ы «Басқа», 14,2%-ы «Жауапқа қиналамын» деп жауап берді.

Сізді діни экстремизм мен терроризм мәселелері мазасыздандыра ма? – деген келесі сұраққа сауалнама қатысушыларының 19,3%-ы «Жоқ, басқа проблемалар жеткілікті», 7,6%-ы «Ия, бір мазасыздықты сезінемін», 1%-ы «Ия, үнемі қорқынышта жүремін», 57,3%-ы «Жоқ, ешқандай қорқыныш сезінбеймін», бұл нұсқаға әйел азаматтарымыз белсенділік танытқан, оларың үлес салмағы 66,8%-ды құрап отыр. 14,8%-ы «Ешқашан ойланбаппын» деп жауап берді.

«Айтыңызшы, Сіздің ойыңызша, діни экстремизм және терроризм дегеніміз не?» — деген сұраққа сауалнама қатысушыларының 32,2%-ы «Мақсатқа жету үшін күш қолдану мүмкіндігі», бұл нұсқаны 26,4% 20-29 жас аралығындағы жастар белгілеген. 27,2%-ы «Сендірудің мықты формасы, соның ішінде діни», 1,3%-ы «Басқа көзқарастағы тұлғаларға шыдамаушылық көрсету», 8,5%-ы «Білмеймін, бұл туралы ойланбаппын», 1,2%-ы «Терракттік үкімет орнатуға ұмтылу», 29,4%-ы «Жауапқа қиналамын» деп жауап берді.

Келесі «Сіз өзіңіз тұрған тұрғылықты жерде діни экстремизмнің немесе терроризмнің белгілерімен соңғы жылдары кездестіңіз ба?» – деген сауалға 97,3% респондент «Жоқ» деп жауап берсе, бұл нұсқаны 51,6% ер азаматтар, 48,4% әйел азаматтар таңдаған. 2,7% респондент «Ия» деп жауап берген.

Сіз күнделікті өмірде мына жағдайлармен кездестіңіз бе? – деген сауалға сауалнамаға қатысқан респонденттердің 5,3%-ы «Әлеуметтік нәсілшілдік, ұлттық және діни негіздегі араздық», 7,9%-ы «Белгілі бір дін ұстанушы өкілдерінің артықшылықтарын насихаттау», 0,5%-ы «Дінге қатысты ұстанымы болғаны үшін адамдардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру», 50,1%-ы «Басқа», 34,3%-ы «Жауапқа қиналамын» деп жауап берді.

Айтыңызшы, «Сіздің экстремистік бірлестіктер мен топтарға көзқарасыңыз қандай?» — деген сауалға респонденттердің 71,7%-ы «Олардың әрекеттерін тоқтату керек деп санаймын», бұл нұсқаны 60-65 жас аралығындағы респонденттердің (34,8%) көпшілігі белгілеген. 3,3%-ы «Басқа», 25%-ы «Жауапқа қиналамын» деп жауап берді.

«Сіздің пікіріңізше, халық арасында қандай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдіс-тәсілдерін қолданған тиімді болып табылады?» – деген соңғы сауалға сауалнамаға қатысушылардың 29,9%-ы «Діни ағымдар саласы бойынша тұрғындарға нүктелік консультативті және практикалық көмек көрсету», бұл нұсқаны (26,8%) 16-29 жас аралығындағы жастар таңдаса, 2,5%-ы «Радикалды идеологияға бейім жандарға мекен-жайлық профилактикалық жұмыстар жүргізу», 1,3%-ы «Оқу орындарын идеологиялық жаулау», 22,9%-ы «Жастармен жұмыс», бұл жауап нұсқасын (36,4%) 50-65 жас аралығындағы респонденттер белгілеген. 1,1%-ы «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес үшін республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар», 38,3%-ы «БАҚ, сонымен бірге интернет жүйесінде мониторинг және профилактикалық жұмыстар жүргізу», 3,6%-ы «Жауапқа қиналамын» деп жауап берді.

Әлеуметтік зерттеу қорытындылары бойынша тұжырымдар
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында діни ахуал деңгейі жалпылама алғанда тұрақты деп болжам жасауға болады. Оған алғышарттар жеткілікті. Және де оған облыс бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы да дәлел бола алады. Сондай-ақ бірқатар проблемалар да бар. Олардың бірі – басқа дінге өту. Тұрғындардың басқа дінге өтуіне қатысты факторлары көбіне діни сауаттылықтың төмен деңгейі, діни ақпараттанудың төмендігінен деген болжам жасауға болады. Өйткені, адамдар көбіне ондай қадамдарға білместіктен барады. Азаматтардың басқа дінге кетуінің негізгі себептерінің бірі – бізде жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының қоғамның барлық мүшелеріне толық жете бермеуі, кейбір азаматтарымыздың оны қабылдамауы. Осыған орай басқа дінге көбіне діни сауаттылығы төмен азаматтар барады деп пайымдауға болады.
Дін саласы бойынша болжамды тұрақсыздану факторларына қатысты әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша келесідей тұжырымдама жасауға болады. Осы әлеуметтік зерттеу нәтижесін талдай келе, болжамды түрде қарастырғанда жалпы тұрақсыздану факторлары жоқ. Оған келесі пікірлер негіз болып табылады.
Аймақтағы діни жағдайдың облыс бойынша «жайлы» деген көрсеткіші 69,8%-ды құраса, 17,2% «өте жайлы» деген. Жалпы алғанда облыс бойынша 87% респондент жағдайды жақсы деп бағалап отыр. Ал енді жекелеген жауапты аудандар мен Тараз қаласына тоқталар болсақ, Жуалы (72,8%), Мойынқұм (72,2%) және Талас (71,3%) аудандарының жұртшылығының басым бөлігі аймақтағы діни жағдайды «жайлы» деп көрсетті.
Сонымен қатар аймақтағы діни негізде ашық түрде конфликт орын алу ықтималдылығына көпшілік (64,7%) «ешқашан да» деп жауап беруін жоғарыда айтылған қорытындыға негіз етіп алуға келеді.
Әлеуметтік зерттеу аясында облыстағы конфессияаралық шиеленісу мен жанжалдың болжамды деңгейіне талдау келесідей нәтижелерді көрсетті. Облыстағы конфессияаралық қарым-қатынасқа өз бағаңызды беріңіз деген сауалға 74,2% респондент«Достық қатынас», 7,3% респондент«Бірқатар қайшылықтар бар, бірақ олар соншалықты қауіпті емес», 0,5% респондент«Конфликтілік қатынас» деп жауап берген.
Сондай-ақ Сіз соңғы жылдары өз қалаңызда/аудан/ауылда басқа дін өкілдерінің дін алшақтығы себептерінен туындаған конфликтіге куә болдыңыз ба? деген сауалға 96,8% респондент «жоқ» және тек 3,2% «иә» деген жауапты белгіледі.
Егер басқа діндегі адамдар Сіздің діни нанымыңызға тиіссе, Сіз не істейсіз? деген сұраққа 34,1% респондент «Ештеңе болмағандай түр танытамын», 29,2% респондент «Жағдайды әңгіме арқылы жұмсартуға тырысамын»деп жауап берді. Ол дегеніміз облыс тұрғындары діни нанымға қатысты қандай да бір тиісушілік, әсер етушілік орын алған жағдайда көбіне төзімділік танытатындықтарын көрсетеді. Осы әлеуметтік зерттеу аясында сауалдарға берілген тұрғындардың пікірлері – жалпы облыс көлемінде конфессияаралық шиеленісу мен жанжалдардың ықтималдылығы болжамды түрде өте төмен деп тұжырым жасауға толық негіз береді.
Ал енді тұрғындардың мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатын қаншалықты қолдауына келсек, Мемлекеттің дін саласындағы жүргізіп отырған саясатын Сіз қалай бағалайсыз? деген сауалға көпшілік, яғни 89,7%респондент қолдайтындықтарын білдірген.
Әлеуметтік зерттеу – тұрғындардың діни ахуалды түсіну және бағалау деңгейі шамалас екендігін, тұрғындардың бір бөлігі дін қатынастары мәселелерінен бөлек тұрмыстық мәселелерге көбірек көңіл аударатындары белгілі болды, дегенмен дін саласына қатысты күдік аралас қызығушылық күшейе түскенін, осыған орай тұрғындардың ақпараттану үлесі жоғарылап келе жатқанын аңғаруға болады. Олардың қатарында әсіресе дін мен дәстүр сабақтастығы мәселесі тұрғындардың білуге ұмтылатын ерекше тақырып екендігін атап өту керек.

Әлеуметтік зерттеу қорытындылары бойынша келесі ұсыныстарды келтіреміз:
Жалпы алғанда облыс бойынша тұрғындар арасында Тараз қалалық және аудандардағы ішкі саясат бөлімдері тарапынан мемлекеттің дін саласына байланысты іс-шараларын көбейту және дін саласында жүргізіп отырған іс-шаралары турасында тұрғындарды ақпараттандыруды одан әрі арттыру керек. Дәл осындай жұмыстар Меркі, Сарысу, Байзақ, Т.Рысқұлов, Талас, Жамбыл аудандарында және Тараз қаласында жандандырылғаны дұрыс;
— Шу, Сарысу, Талас, Жуалы, Мойынқұм, Жуалы аудандарының тұрғындарын экстремизм мен терроризм мәселелері өзге аудандардан салыстырмалы түрде көбірек мазасыздандырғандықтан, осы аймақтарда мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан алдын алу жұмыстарына көбірек көңіл бөлу керек;
— Жамбыл облысындағы діни жағдайға байланысты іс-шараларда сауалнамадағы Сіздің пікіріңізше, халық арасында қандай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдіс-тәсілдерін қолданған тиімді болып табылады? деген сұраққа берген халықтың өз ойын да есепке алған дұрыс. Яғни тұрғындардың 35,8%-ы «Діни ағымдар саласы бойынша тұрғындарға нүктелік консультативті және практикалық көмек көрсету», 10,9%-ы «Радикалды идеологияға бейім жандарға мекен-жайлық профилактикалық жұмыстар жүргізу», 28,1%-ы «Жастармен жұмыс», 9,8%-ы «БАҚ, сонымен бірге интернет жүйесінде мониторинг және профилактикалық жұмыстар жүргізу»деп жауап бергенін ескеру керек;
— Ауылдық округтердегі имамдардың біліктілігін арттыру;
— Қалалық мешіттерге LED экран орнату. Аталмыш экран арқылы мешітке барушы жамағат бір кезд бірнеше мешітте бір уағыз айтушыны тыңдай алады. (Шымент қаласында бұндай экрандар жұмыс жасауда)
— Деструктивті ұстанымдағыларды бейнелейтін ақпараттық жадынаманы түрлі форматта тарату;
— БАҚ-та жарияланатын көп терминдер арнайы аудиторияға түсінікті болғанымен, көпшілікке түсініксіз болуы мүмкін, сол себепті оқырмандар үшін діни мәселенің мәнін ұғындыру жұмыстары халық арасында жиі жүргізілген дұрыс;
— Діни экстремизм туралы жазылған ғылыми әдебиеттерді, кітаптарды, анықтамалық-ақпараттық брошюраларды кітапханаларда және тиісті орындарды мемлекетттік тапсырыспен қамтамасыз ету;
— Ғылыми-танымдық журналдарда діни экстремизм туралы ғылыми мақалаларды дұрыстап саралап жариялау;
— Бұқаралық ақпарат құралдарында діни экстремизм алдын алу үшін көпшілікке түсінікті мазмұнда мақалалар жазу;
— Діни экстремизм жайлы ғылыми зерттеулерді кешенді жүргізу үшін, осы құбылысты зерттеушілерге мемлекеттік арнайы тапсырыс бойынша гранттар бөлу;
— Қоғамдық саяси партиялардың діни экстремизмнің алдын алу жөнінде, өздерінің еріктерімен бас қосқан біріккен отырыстары әр ауданда ұйымдастырылуы қажет.

«Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу»
жобасы аясында жүргізілген фокус-топтық
зерттеу қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ ЕСЕБІ

ФОКУС-ГРУППАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТАҚЫРЫБЫ
«Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу»

ФОКУС-ГРУППАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ НЫСАНЫ
Жамбыл облысындағы қоғамдық діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым өкілдерінен (жоғары оқу орнының дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәндерінің оқытушылары, этно-мәдени орталық өкілдері, БАҚ өкілдері, мешіт имамдары мен теолог мамандар) талқыланып отырған сала бойынша сұхбат алу, пікір алуандығын анықтау және пікір алмасу болып табылады.

Фокус-группалық зерттеуге қатысқан азаматтар:
— Аманбаев Ержан Маханұлы. Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы;
— Омаров Сәкен Әлмағамбетұлы. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы;
— Баярисов Режеп Уразбаевич. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, дінтанушы, философ;
— Спанов Мейірхан Жантайұлы. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы.
— Кульбаева Дина Дюсебаевна. . М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі,философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, философ.
— Әлмұратов Бақыт Темірханұлы. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің аға оқытушысы, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің әлеуметтанушысы, әлеуметтік ғылымдардың магистрі.
— Зайнутдинов Абдурахим Юлдашевич. «Өзбек» этно-мәдени орталығының өкілі, мешіт имамы;
— Узденова Леля Ахматовна. «Бірлік – Карачаева және болгар» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының директоры;
— Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «Дінтану секторының» жетекшісі, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы;
— Сәрсенбаев Арман Әділұлы. Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің инспекторы.

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-сі мен ЖК «Куленова Н.Т.» арасында жасалған келісімге сәйкес және бірлескен жоспар бойынша 2018 жылдың 29 мамырында Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу аясында фокус-топтық зерттеу іс-шарасы өтті.
Фокус-топтық зерттеу әдісі дегеніміз – саяси әлеуметтану ғылымының сапалық әдісі болып табылады. Мәні жағынан фокус-топтық зерттеу – талқыланып отырған сала бойынша сарапшы болып табылатын адамдардан сұхбат алу. Фокус-топтық зерттеудің мақсаты – қандай да бір мәселе бойынша пікір алуандығын анықтау болып табылатын бірнеше пікір алмасудан тұрады.
Тараз қаласында өткізілген іс-шараға Орталық «һибатулла Тарази» мешітінің имамы, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстағы ЖОО-ның дінтану, әлеуметтану, философия және саясаттану пәндерінің оқытушылары, этно-мәдени орталық өкілдері мен теолог мамандар шақыртылды.
Фокус-группалық зерттеу арнайы әлеуметтанушы мамандармен бекітілген келесі сұрақтар негізінде жүргізілді:
1. Елімізде болып жатқан діни хал-ахуалға сіздің көзқарасыңыз?
2. Дінге белсенді сенетін адамдарға сіздің көзқарасыңыз қандай?
3. Сіздің аймақта дін саласында бүгінгі күні қандай проблемалар актуалды болып отыр?
4. Жамбыл облысындағы конфессияаралық қарым-қатынасқа қандай баға бересіз?
5. Мемлекеттің дін саласындағы жүргізіп отырған саясатын қалай бағалайсыз?
6. Сіздің аймақта діни негізде ашық түрде конфликт болуы мүмкін бе?
7. Халық арасында экстремизмге байланысты қандай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдіс-тәсілдерін қолданған тиімді болып табылады?
Сонымен қатар, эксперттерден отбасындағы ата-ана мен баланың дінге байланысты қарым-қатынасы қандай болғаны дұрыс екендігін анықтау үшін сауалдар алынды.
Жалпы дін қоғамдық құбылыс болғандықтан, қоғамдық санаға ықпал ететін рухани мәдениет феномені ретінде кез-келген қоғамның өмірі мен сенімдер жүйесінде, халықтың бірлігі мен мемлекеттік тұтастығын сақтауда маңызды орын алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады, әркімнің діни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік береді, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі рухани рөлін таниды, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейді, конфессияаралық келісімнің, азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын таниды.
Діни қатынастарды реттеу саласында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы қабылданды. Аталған заңның қабылдануы – азаматтардың, қоғамның және жалпы мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жасалған маңызды қадам болды. Діни қызмет саласындағы ережелер белгіленіп, тиісті рәсімдер ретке келтірілді.
Жамбыл облысындағы діни ахуалды зерделеу барысындағы фокус-топтық зерттеу бойынша алға тартылған сұрақтарға қатысушылардың пікірлері келесідей болды.
Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы — Аманбаев Ержан Маханұлы елімізде дін жағынан ешқандай алауыздықтың болмай, қоғамда бірлік пен татулықты қамтамасыз ету мемлекеттің басым саясаты екендігін атай келе, Тараз қаласындағы 30 мешіттегі ұстаздарға ай сайын жиналыстар өткізіліп, жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Дінге белсенді сенетін адамдарға көзқарасы ретінде қазіргі таңда әсіре діншілдік вахаби бағытындағыларда болмаса, Ханафи бағытындағыларда ол жоқ. Қазіргі таңда вахабилерге қарсы имунитет – ол Ханафилер. Қазір біздер әсіре діншілдіктің алдын-алу мақсатында қаладағы мешіттерге 2 имамнан сабақ қойдық және жылына екі рет белсенді жамағаттарды оқытып отырамыз. Жамбыл облысындағы дін саласында бүгінгі күні проблема – ол «әмин мәселесі», қара киіну. Қазір кез-келген теріс ағымдағылар болсын өз конституциялық праволарын жақсы біледі. Облыста конфессияаралық қарым-қатынас жақсы. Мемлекеттің дін саласында атқарған жұмыстары – дін министрлігі құрылды, діни басқармалар, оңалту орталықтары құрылды. Яғни ол еңбектің барлығын жоққа шығаруға болмайды. Ержан Маханұлының пайымдауынша облыста діни негізде ашық түрде конфликт болмайды. Конфликт көбіне жасырын, жабық түрде, араға іріткі салып кету секілді әрекеттермен жүргізіледі. Ашық конфликттер көбіне еліміздің батыс өңіріне тән. Халық арасындағы экстремизм мәселесіне келсек ең әуелде қазіргі әлеуметтік майданда оны халық арасында насихаттайтын әлеуметтік желілердегі сайттарды жабу керек. Және де ең бастысы барлығымыз еліміздің тыныштығы үшін дәстүрлі ханафи бағытын ел арасында сіңдіруіміз керек. Ислам – өзі бейбітшілік. Дінге байланысты мәселелерді тек имамдар, дін саласындағы мамандарға бұрып қоймай, әрбір адам өзі үшін де оқығаны жөн деген ойлар айтылды. Ержан Маханұлының ойынша діни сауаттылық халық арасында әлі де болса төмен. Ол ата-ана мен бала арасындағы дінге байланысты қарым-қатынасқа да байланысты. Ата-ана баланың бойына діни иман, салт-дәстүрді өздері сіңдіргендері дұрыс.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Баярисов Режеп Уразбаевич дінге сенетін адамдарды – діннің рухани құндылығын жетік түсінген адамдар мен діннің сыртқы рәсімдерін орындауға көбірек көңіл бөліп, әсіре діншілдікке бой алдыратындар деп бөлетінін айтты. Елімізде дін мәселелері қанша тұрақты дегенмен, шешімін таппаған мәселелер де көптеп кездесетінін атап өтті. Осы орайда халық арасында салафи ағымындағылардан тартыну турасында факттар келтірді. Елімізде теріс ағымдағылар дегенде тек салафи бағытындағылар емес, одан да басқа радикалды бағыт ұстанғандар бар. Оны көпшілік орындарда қазақтың дәстүрлеріне қарсы шығу, оны дұрыс емес, адасушылық деп тану сияқты құбылыстардан байқаймыз. Режеп Уразбаевич осы орайда өз ойын нығайту мақсатында бірнеше ұтымды мысалдар келтіріп өтті. Дін саласында мемлекеттің саясаты толыққанды өз мақсаттарына жетіп отыр деп айтуға келмейді. Әсіресе дін саласында жастарымыздың көптеген жағымсыз жағдайларға жолығып жатқанын көріп жүрміз. Салафи бағытындағылардың әрекетіне былтырғы жылдары тосқауыл қойылады екен деген сыбыс болғанымен, ол әлі орындалмағанын білеміз. Діни сауаттылыққа байланысты іс-шаралардан мектеп, университеттен басқа жердегі адамдарымыз тыс қалып жатыр. Діни сауаттылыққа байланысты шаралар жүйелі түрде атқарылу керек, ол халықтың мейлінше көп бөлігін қамту керек және сол арқылы елдегі діни сауаттылыққа байланысты өз жемісін бермек. Баярисов Режеп Уразбаевичтың пайымдауынша діни негіздегі ашық түрдегі конфликттен ешкім ешқашан 100 пайыз сақтанған емес. Мысал ретінде бірер жыл бұрынғы Байзақ ауданындағы қақтығысты келтірді. Ол кезде ондай қақтығысты ешкім де күткен жоқ. Бірақ күтпеген жерден орын алды. Еліміздегі әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмыс-тіршілігі нашарлау отбасыларды өзге дін өкілдері болсын, секта адамдары болсын өте шебер пайдалануда. Олар ол адамдарды қаржылық жағынан қызықтырып өздеріне тартуда. Бірақ бұл дегеніміз егер елде халықтың жағдайы бірыңғай жақсы болса оларға ешкім ермейді деген сөз емес. Себебі елдегі қалталы азаматтардың да жат ағымдар арбауында кетіп жатқандығын көзбен көріп жүрміз.
Режеп Уразбаевич сөз соңында діни тұрғыда айтары бар адамдар арасында осы секілді кездесулер өткізудің маңызы жоғары екендігін және де болашақта өзге де отырыстарға қатысуға келісетінін атап өтті.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті Омаров Сәкен Әлмағамбетұлы елімізде діни ахуал жалпы тұрақты деп атап өтті. Оның ішінде Жамбыл облысында өзге региондармен салыстырғанда тұрақтылық байқалады. Егер елде діни тұрақтылық болғанын қаласақ, онда біздер тек дін мәселесімен шектелмей, мәдениетке, ғылымға, ғылыми білімге аса ден қоюымыз керек. Исламда да бар егер сүйікті құл болғың келсе – ғалым бол немесе ғалымның досы бол деген. Тағы біздің қоғамның бір ерекшелігі – бізде дінге көп бет бұрушылар – жастар екендігі. Енді біздегі қазір болып жатқан келеңсіздіктер көбіне ашық түрде емес, әлеуметтік желі арқылы, яғни ақпараттық соғыс екендігін ескеріп, осыған аса назар аудару керек. Көрші елдер, оның ішінде Өзбекстан бар, өзге де Орта Азия елдерінің тәжірибелерін зерттеуіміз керек. Сәкен Әлмағамбетұлының пайымдауынша елде діни тұрақтылықты қалыптастырудың басты тетігі – діни сауаттылықты арттыру. Әлемдік тәжірибеде ғылымға жақын адамдардың дінді түсінулері ерекше болатынын атап өтті. Мысалы Нобель сыйлығын алған адамдардың ішінде исламға бет бұрып жатқандарды көріп те жүрміз. Елдегі діни жағдай қаншалықты тұрақты дегенімізбен де ол бізге қол қусырып жата беруге себеп емес. Себебі өзге пиғылдағылардың еш тоқтаусыз, жаңа күшпен әрекет етіп жүргендерін байқап, көріп жүрміз. Ендігі кезекте біздер оларға қарсы ұтымды қимылдарды ойластыруымыз керек. Оны ойластыру дін саласындағы имамдардың ғана емес, сонымен қатар ғылым саласында жүргендердің де араласуын талап етеді.
Омаров Сәкен Әлмағамбетұлының айтуынша, біздер қанша жерден зайырлы мемлекетпіз, яғни мемлекеттік саясат дінге бағытталмайды дегенімізбен, діннің өзі саясатқа айналып кетіп отыр. Елімізде өзге сектаға өткендер көбіне жұмыс жасамайды. Ал олар қалай күндерін көріп отыр. Қазіргі таңда ешкімге жасырын емес салафилерді – Сауд Арабиясы, иогова куәгерлерін – Америка, ал баптисттерді – Германия қаржыландырып отырғандығы. Сол үшін біздер өз халқымыз үшін діни ахуалдың тұрақты болуына жағдай жасауымыз керек. Ол үшін еліміздегі күлкілі жағдайлардың бірі – имамдардың жалақысын көтеру керек. Әр аймақтарда дұрыс діни үгіт-насихат жүргізу топтарын қарастыру керек. Оған жылда мемлекеттің бөліп отырған қаражаты жеткілікті деп ойлаймын. Сол бөлінген қаражатты тиімді пайдалану керек.
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің аға оқытушысы Әлмұратов Бақыт Темірханұлының пайымдауынша, еліміз тәуелсіздік алып, өзін зайырлы мемлекет деп таныған соң, яғни мемлекет істері мен дін істері бір-бірінен бөлек, әрбірі өз алдына деп жүргенде елдегі діни ахуалды мемлекет өзі бақылауда ұстау керек екендігін кеш түсінді. Мемлекет тәуелсіздігінен тек 20 жылдан кейін дін істері министрлігі, облыстық әкімшіліктер жанынан дін істері басқармалары құрылды. Мысалы Жамбыл облысында да діни басқарма бар, оның жанында бірнеше орталықтар жұмыс жасайды. Бірақ оны қарапайым халық көп біле бермейді. Себебі қазір ақпараттық қоғам, біздер көптеген ақпаратты әлеуметтік желілерден аламыз. Әлмұратов Бақыт Темірханұлының айтуынша елімізде болсын, оның ішінде Жамбыл облысында болсын діни ахуал тұрақты деп айтуға келеді. Сол тұрақтылықты нығайту үшін ақпараттық құралдардағы, әлеуметтік желілердегі діни ақпаратты мемлекет бақылауда ұстау керек. Жалпы Бақыт Темірханұлы Жамбыл облысы әкімдігі діни басқармасының «Дін проблемаларын зерттеу орталығымен» біріге жұмыс жасап жатқандықтан, олардың тарапынан мектеп оқушылары арасында болсын, университет студенттері арасында болсын сауалнамалар алынып, бірқатар іш-шаралар атқарылып жатқандығын ескеріп өтті. Жалпы дін мен ғылым – құстың қос қанатындай деп түсінемін. Екеуін қатар алып жүруге тырысу керек. Себебі тек дін бағытында кетсек, фанатизмге ұрынуға болады. Ал енді тек ғылым бағытында кетсек, айлакер болып шығуымыз да мүмкін. Бақыт Темірханұлы қоғамдағы сөзіне адам ерттіре алатын, қоғамдық пікір қалыптастыра алатын беделді адамдардың көпшілік орындардағы әсерін де атап өтті. Осы турасында өз ойын өмірден алынған бірнеше мысалдармен бекітті.Дін психологиясында баланың санасына қалай дұрыс әсер ету керек екендігін атап өтті. Қазіргі қоғамда салафилердің әсерінен қазақтың дәстүрінен аластату жүріп жатыр. Біздер соны өз қолымызға алуымыз керек. Ата-бабамыз мысалы дін мен дәстүрді қалай шебер ұштастырған. Қоғамның тағы бір мәселесі біздер салафилерге аса мән береміз деп басқа теріс ағымдарды ұмытып кеттік. Мысалы иогова куәгерлерінің «Қазақстан 2025» деген секілді жастардың миын улауға бағытталған бағдарламалары бар. Олармен де күрес жүргізуді ұмытпау керек.
Бақыт Темірханұлы алдағы құрастырылатын сауалнамаларға елдегі жұмыс жасап отырған Үкіметтік емес Ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктердің қаншалықты маңызы бар екендігін анықтайтын сауалдар қосу керектігін алға тартты. Үкіметтік емес ұйымдар өздеріне бөлінген көп қаржыны қаншалықты тиімді пайдаланып жатыр. Оларды алыс шалғайдағы ауылдағылар танып, біледі ме деген сұрақтар толғандырады.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті Спанов Мейірхан Жантайұлы бүгінгі таңда діннің өте өзекті және күрделі мәселе болып тұрғандығын атап өтті. Қазақстан егемендік алғалы дін туралы заңдар қабылданды және қазірге дейін оған бірнеше өзгерістер енгізілді. Бірақ бұрынғы заңдарға заман талабына сай ұтымды өзгерістер енді деп айтуға келмейді. Жалпы елде діни ахуал тұрақты дегенімізбен де, тосқауылдан болатын нәрселерге дайын болу керек. Себебі бүгінгі таңда діни радикалды топтар күн санап өз ықпалын арттыруға тырысуда. Олар біздің тарихымызға, дәстүрімізге, мәдениетімізге қарсы әрекеттерін тоқтатпауда. Сол себепті біз бір күнде Сирияның кейпін кешіп кетпейміз деп сенімді түрде айта алмаймыз. Сол үшін біздер жұмысты үзбей жасап, әрқашан сақ жүруіміз керек.
Мейірхан Жантайұлы дінге белсенді сенетін адамдарға көзқарасын келесідей жеткізді. Яғни таяқтың екі үшы бар дегендей дін – оны дұрыс түсініп, ғылыми тұрғыда маңызын біліп пайдаланған адамға – тіршіліктің қайнар көзі. Ал енді діннің түпкі мағынасын дұрыс түсінбей, асыра сілтеп жүрген адамдардың жағдайы аянышты. Мейірхан Жантайұлы өзге ағымдарға бет бұрғандар жайлы мысалды өз айналасындағылардан да келтірді. Ал енді аймақтағы дін саласындағы бүгінгі күнгі актуалды проблемаларға – қазақи ұлттық құндылықтардың жойылып бара жатуы, отбасы институттарының бала тәрбиесін қалыптастыруда дұрыс жұмыс жасамауы. Мейірхан Жантайұлы осы секілді мәселелерге шешім ретінде облыстық телеарналарда дін саласында арнайы программалар таратуды ұсынды. Аптасына үш-төрт рет жүретін программаға жүйелі түрде дін саласының мамандары, мешім имамдары, ғалымдар және басқа да зиялы қауым өкілдері шақыртылып отырса. Және ол бағдарламалар адамдар үйде болмайтын немесе ұйқыға жататын уақыттарда емес, халыққа көруге ыңғайлы уақытттарда берілсе. Одан кейінгі Тараз қаласына қатысты мәселе, шет жақтардағы кішігірім мешіттерде әлі де ерекшеленіп намаз оқитындар кездесіп жатады. Бірақ бұл жағдай орталық мешіттерде толықтай болмаса да, айтарлықтай деңгейде шешімін тауып қалды.
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «Дінтану секторының» жетекшісі Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлының Жамбыл облысындағы діни ахуалға берер бағасы – тұрақты деген ойда. Оған себеп ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының атқарып отырған шараларын да атап өтуге болады. Бірақ соған қарамастан ақпараттық жұмыстарды одан әрі жандандыруымыз керек. Ақпарат дегенде қазіргі таңда жастарымыз ақпарат көздері арқылы шығыстық және батыстық мәдениетті сіңіруде. Батыстық деген түсінікті – батыс Еуропа елдеріне еліктеу болса, шығыстық – ол араб елдерінің мәдениеті. Жастарымыз дінмен бірге сол араб дәстүрлерін, араб мәдениетін, араб құндылықтарын сіңіруде. Осы орайда біздер өз ұлттық құндылықтарымызды қолға алуымыз керек.
Бахтияр Қаржаубайұлының дінді белсенді ұстанатын адамдарды онша құптамайтынын білдірді. Діни фанатизм қоғамда радикалды идеологияның дамуына алып келеді. Діни фанаттар қоғамдағы барлық құбылысты біржақтама түсінеді, қоғамдағы барлық мәселеге дін тұрғысынан ғана қарайды. Осы тұрғыда біздерде дінді жастарға түсіндіргенде кемшіліктеріміз де бар. Ол дін туралы айтып кеткен қазақ ойшылдарына байланысты. Яғни дін турасында әңгіме қозғағанда әрқашан қазақ ойшылдары – Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б. дүниетанымдарында ислам діні жатқандығын түсініп, уағыздарымызды сонымен сабақтастыруға тырысуымыз керек. Дінді жеткізудің әдістемесін кішкене дұрыстауымыз керек. Қазіргі таңда Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде Абай дүниетанымы факультатив ретінде жүргізіліп жатыр. Ол өте жақсы нәрсе. Себебі Абай білімінде қазақтардың мұсылмандықпен ұштасқан менталитеті жатыр. Абай: «адамға нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек керек» — деген. Ал діни фанаттарда осы айтылған ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек бар ма? Әрине жоқ. Яғни осы үш қасиетті бірге ұстасақ онда дінді де дұрыс меңгеруге болады.
Бахтияр Қаржаубайұлыаймақта діни негізде ашық түрде конфликт болуы, болмауы турасында, ашықтан гөрі жасырын, яғни интернет желісі арқылы орын алып алауыздықтарды атап өтті. Әсіресе адамдар қатты талқылап жатқан – ақида мәселесі. Бұл – үлен конфликт. Осы мәселелерді шешу үшін мықты отбасы институттарын қалыптастыру керек.
Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің инспекторы Сәрсенбаев Арман Әділұлының пайымдауынша жалпы Жамбыл облысында діни ахуал тұрақты. Оған бір фактор ретінде елдегі конфессияаралық келісім, достықты келтіруге болады. Ата заңымыздың 22-бабы ар-ождан бостандығы дейді. Яғни әркімнің өз сенімі өзі қолында. Ал біреудің сеніміне нұқсан келтіру, қоғамда діни алауыздық тудыру қылмыстық кодекстің 174-бабында қарастырылған. Адамдардың діни сенімдерін заңмен қорғау арқылы конфессияаралық конфликттердің алды алынған. Елімізде қазіргі таңда 18 конфессия тіркелген. Ал енді жастар арасындағы діни проблемаларға келер болсақ, олар көбіне дін саласы мамандарынан ұлттық құндылық мәселелерін сұрауға ұялады. Және қоғамдағы ең басты мәселе жоғарыдағылар атап өткендей – ақпараттық соғыс мәселесі. Яғни әлеуметтік желілерге ҚМДБ тарапынан тексерілген дұрыс мағлұмат салынса, екінші тарапта радикалды бағыттағы адамдардың жүктеген материалдары тұр. Осы тұста жаңадан мағлұмат алуға ұмтылған адамдарға өте ауыр тиюде. Осы тұста осы радикалды, деструктивті ойлардың жастар арасында таралып кетуінің алдын алу қажет. Сонымен қатар Арман Әділұлы осы бағыттағы жұмыстар дін саласы мамандары тарапынан қазіргі таңда көптеп жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Дінге байланысты қоғамдағы тағы бір проблема ол – діннің кейбір жастар арасында мода ретінде қабылдануы. Ғаламтор желісі қатты дамыған қазіргі заманда жастарымыздың дінге байланысты қимылдарды жасағанын әлеуметтік желілерде басқаларға көрсету үшін шығарып жатады. Мысалы ауыз бекітіп, сәресін ішіп жатқанын, намаз оқып жатқанын, т.с.с. Ал ол мақтану діни тұрғыда мүлде дұрыс емес. Ол нәрселердің барлығы өзгеге көрсету үшін емес, Алла разылығын алу мақсатында жүргізілуі керек дүниелер. Дінге белсенді сенетін адам – қарапайым, кішіпейіл, мейірімді, өзгелер үлгі тұтарлықтай болуы керек.
Арман Әділұлының пайымдауынша мемлекеттің дін саласындағы жүргізіп отырған саясаты бір сарынға түскен. Қазіргі таңда өзге сенімді таратушы миссионерлер бұрынғыдай көшеде еркін уағыздарын жүргізіп жүре алмайды. Ал жалпылама келсек елімізде әрине діни негізде проблемалар мүлде жоқ деуге келмейді. Себебі Қазақстан тәуелсіздіктен кейінгі жаңа бір даму кезеңінде. Ол кезеңде әр түрлі проблемалардың туындауы шартты нәрсе. Осы туындаған мәселелер еліміздің жүргізіп отырған саясаты дәл қазіргідей жалғасса, алдағы жылдары міндетті түрде шешімін табады деген ойдамын. Ал енді аймақтағы діни негізде ашық түрде конфликт туындауы мүмкін бе деген сұраққа келгенде, ашық түрде болсын немес басқандай конфликт болсын, одан ешкім жүз пайыз сақтанған емес. Бірақ ондай келеңсіздіктердің алдын алу шаралары күнделікті жүргізіліп отыр. Бүгінгі өткізіліп отырған фокус-группалық зерттеу де сөздеріме нақты дәлел бола алады.
«Бірлік – карачаев және болгар» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының директоры Узденова Леля Ахматовна Жамбыл облысындағы діни ахуалға тұрақты деп баға берді. Әзірше өзім дін саласында ашықтан-ашық болып жатқан конфликттерді кезіктірген жоқпын. Ал жалпы дін мәселесіне келер болсақ бұл тұста әсіресе жастарға аса назар аударған жөн.
Себебі біздің жасымыздағы адамдар бұл мәселеде өз жолын тауып, тұрақталған. Ал жастар әлі толық қалыптаспағандықтан кей тұстарда діни фанатизмге бой алдыруға жақындау тұрады. Мені қсы мәселе қатты толғандырады. Өз басым да жастармен көбірек жұмыстар атқаруға тырысамын. Және де олар көбірек құранға жақын болғанын қалаймын. Леля Ахматовна өзі Гродиково ауылдық округінде тұратынын және ол жер көпұлтты болғанымен халық арасында конфессияаралық сипатта конфликттер кездеспейтінін атап өтті.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Кульбаева Дина Дюсебаевна да елдегі және Жамбыл облысындағы діни ахуалды тұрақты деп бағалайтынын алға тартты. Бұл тұрақтылық қазақ халқының тыныш жүрсең тоқ жүресің дегендей менталитетіне байланысты деп түсінемін. Яғни біздің кез-келген дінге, кез-келген ұлтқа деген төзімділігіміз ол ұлттық қасиеттерімізге байланысты. Ал енді діни сауаттылық жағына келер болсақ, егер сырт жақтан қандай да бір ірткі салушылар болса, онда біздің халықтың оған әлі толық дайын еместігін айту керек. Сол үшін де біздер халық арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатындағы жұмыстарды мықтап қолға алуымыз керек. Қазіргі таңда университеттерде дінтану пәні оқытылып жатыр. Бірақ ол жеткіліксіз. Себебі бір семестр ғана жүргізіледі. Ал ол үйінде діни сауаты ашылмаған кейбір студенттер үшін өте аз. Қоғамдағы ата-ананың балаларға қатысты діни білім бермеулерінің себебі – олардың балалар алдында мүмкін дұрыс түсіндірмей қаламын ба деген қорқыныш сезімі. Себебі олардың өздерінің діни білімдері жеткіліксіз. Ата-ананың балалармен көп діни сауаттылық бойынша жұмыс жасамайтындығын студенттер арасында жүргізілген сауалнама жұмыстары көрсетеді. Жалпы сырт көзге діни тұрақтылық көрінгенімен, ішіне терең үңілетін болсақ атқаруға тиіс мәселелер өте көп.
Дина Дюсебаевна дінге белсенді сенетін адамдарды екіге бөлді. Олар: бірі – дінді терең зерттеп, ішкі құндылығын сезініп ұстанатындар болса, екіншісі – дінді толық түсінбей, тек сыртқы атрибуттарын орындап жүргендер. Енді осы мәселелердің шешу жолы ретінде теледидар арқылы программалар жүргізгеннен гөрі, жастар көп уақытын бөлетін әлеуметтік желілерге аса назар аударған жөн деп білемін. Және де Дина Дюсебаевна жастар көбіне жастарды тыңдайды деген сенімде. Сол себепті жастардың өздерінің арасынан белсенді, сауаттылары өз ойын әлеуметтік желілер арқылы білдіріп, өз арттарынан басқаларды тартып отырса деген ой білдірді.
Дина Дюсебаевнаның діни негіздегі ашық конфликттердің болу мүмкіндігіне қатысты ойы елде ондай жағдайды туындататын ерекше бір күштерден қауіп жоқ дегенге саяды. Ал жалпы әлемдегі және соның ішіндегі біздің елдегі қазіргі діни мәселелер әр түрлі діндер арасында емес, ислам әлемінің өз ішінде туындап жатыр. Сонымен қатар кез-келген елдегі діни ахуал халықтың экономикалық жағдайына да тікелей байланысты. Сол себепті елдегі экономикалық жағдай түзеліп, халықтың хәл-ахуалы реттелер болса онда халық арасында ашық түрде конфликттер болмауы керек. Яғни философтардың тілімен айтқанда тұрмыс – сананы билейді. Адамның тұрмыс жағдайы жақсы болса, оның өзге жат сектаны қабылдау ықтималдылығы төмендейді. Дина Дюсебаевна әлеуметтік жағынан қорғалмаған адамдардың жат дінге өтіп кеткендігінен өз көзімен көрген нақты мысалдармен бөлісті. Жалпы мемлекет дінге жан-жақты қадағалау жұмыстарын күшейтуі керек.
«Өзбек» этно-мәдени орталығының өкілі, мешіт имамы Зайнутдинов Абдурахим Юлдашевичтың ойынша еліміздегі діни ахуал мемлекеттің ұтымды саясатының арқасында 2000 жылдармен салыстырғанда айтарлықтай жақсарып қалған. Дінге белсенді сенетін адамдар турасында айтпас бұрын, Абдурахим Юлдашевич өзінің де дінге белсенді сенушілер қатарынан екендігін білдірді. Себебі Абдурахим Юлдашевич – бір мешіттің имамы. Мешіттегі жағдай мешітте жүрудің тәртібі жасалынған соң жақсарған. Ол тәртіп мешіт ішінде бүлік шығаруға, елден ерекшеленуге тыйым салады. Сондай-ақ Абдурахим ағамыз өзі имамдық етіп отырған мешітте әйел кісілерге діни сауат ашу сабақтарын шқандарын тілге тиек етті. Және елдегі мешіттерге қатысты бір проблема кішігірім шеткейдегі мешіттерге мемлекет тарапынан кей кездері имамның тағайындалмай қалуы. Ондай жағдайда жамағат өз араларынан имам сайлайды. Ал ол имамның қай бағытты ұстанары тағы белгісіз.
Абдурахим Юлдашевич дін саласында бүгінгі күнгі ең басты проблемалардың бірі ретінде – имамдарға мемлекет тарапынан жалақы тағайындалмауын атап өтті. Сол себепті діни білім алған, діни сауатты жас мамандар мешіттерге барып имам болудан отбасын асырау керектігі себебінен бармайды. Олардың орнына діни сауаты төмендеу зейнеттегі қариялар имамдық атқарып жүр. Ол кісілердің жамағатты дұрыс жолға бағыттауға діни білімі жеткіліксіз болуы әбден мүмкін.
Абдурахим Юлдашевичтың пайымдауынша мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатын жақсы деп айтуға болады, бірақ кемшіліктері де жеткілікті. Имамдарға жалақыны тағайындауда Түркия елінің мысалын айтуға болады. Ол елде имамдарға мемлекет жалақыны тікелей бермей, арнайы фондтар түзіп, сол фондтарға ақша құю арқылы беріледі. Елдегі діни ахуалды нығайтуда көрші Өзбекстан елінің қазір қолға алған саясатын Абдурахим Юлдашевич атап өтті. Олардың саясаты дұрыс діни сауатты адамдардың санын артттыру. Елде қаншалықты діни сауатты адамдар көбейсе, соншалықты теріс, жат ағымдар сол елге жоламайды. Сөз соңында Абдурахим Юлдашевич залдағы діни білімі бар зиялы қауым өкілдерін халықпен көбірек жұмыс жасап, оларды дұрыс жолға бағыттауға шақырды.
Қорытынды

Жалпы фокус-группалық сауалнаманы қорыта келгенде елімізде болып жатқан діни хал-ахуал негізінен тыныш күйде. Бірақ жер-жерде орын алып жатқан оқиғалар түпкілікті алаңсызданып, уайымсыз отыруға негіз бермейді. Яғни мемлекеттік басқарушы органдар дін саласының мамандарымен бірігіп әрқашан діни ахуалды реттеудің, тұрақтандырудың жаңа жолдарын қарастырып отыруы керек. Себебі фокус-группалық зерттеуге қатысушы зиялы қауым өкілдері атап өткендей дін мәселесі-өте нәзік мәселе. Дін мәселесінде елеп-ескеруді қажет етпейтін кіші детальдар болмайды. Бүгін уақытылы шешілмеген кез-келген мәселе-ертең мемлекеттік қауіпсіздігімізге нұқсан келтіретін үлкен қауіпке айналуы мүмкін.
Ал енді дінге белсенді сенетін адамдарға келетін болсақ, фокус-группалық зерттеуге қатысушылардың ойы діни сенімдегі адамдардың діни білімінің бастауы қайдан шығып жатқанының маңызды екенінде болды. Әсіресе жастардың, яғни халықтың соңғы уақытта діни жолға белсенді бет бұрып жатқан бөлігі, діни сауатының дұрыс бағытта, дұрыс ұстаз, мамандардан ашылуына қатты мән берген жөн. Жалпы дәстүрлі дінге белсенді сенетін адамдардың санының артуы мемлекетте бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына ықпалдасады.
Ал тікелей Жамбыл облысына келер болсақ, дін саласында бүгінгі күні ескеретін проблемалар, атқарылатын жұмыстар жоқ емес. Бұл тұста облыстың көпұлттылығын, өзге елдермен шекараласатындығын ескермеуге болмайды. Әр ұлттың өзіне тән дінмен ұштасып жатқан салт-дәстүрлері болады. Дін мәселесін реттегенде осы секілді мәселерге аса мән берген жөн. Өйтпеген жағдайда дін мәселесінен ұлтаралық мәселе туындатып алу қаупі туындайды. Жамбыл облысындағы конфессияаралық қарым-қатынас турасында сөз қозғайтын болсақ, жағдай негізінен тұрақты деуге келеді. Себебі зерттеуге қатыысушы зиялы-қауым өкілдері жоғарыда атағандай дін мәселесінде конфессияаралық мәселеден гөрі белгілі бір дін төңірегіндегі мәселелер қиындау келеді. Мәселен дәстүрлі ислам мен исламның атын жамылатын арам пиғылды секталардың арасындағы түсініспеушіліктер секілді. Осы бағытта мемлекеттің дін саласындағы жүргізіп отырған саясаты дұрыс бағытта келе жатқандығы байқалады. Мемлекет діни негізде ашық түрде конфликт болдырмау үшін әр кезде аймақтарда дін мәселелерін зерттеп, мониторингтер жүргізіп, халықтың діни көңіл-күйін анықтап отыру керек. Сонда ғана адамдардың дұрыс емес пиғылдағы секталардан сақтануына, сол арқылы діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға мүмкіндік туындайды. Қорыта келе фокус-группалық зерттеуде қатысушылардың бөліскен ойлары, айтқан кеңестері, халық арасында экстремизмге байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдіс-тәсілдерін қалай тиімді қолдану турасындағы ойларының Жамбыл облысындағы діни көңіл-күйді анықтауға қосар үлесі бар деп есептейміз.

Жоғарыдағы айтылған фокус-топтық зерттеудің талдамалы есеп қорытындысы ретінде мынадай ұсыныстарды ұсынамыз:
— Қазіргі қоғам ақпараттық қоғам болғандықтан, халықтың үстем бөлігінің ақпарат көзіне айналған ғаламтор кеңістігіндегі сайттар мен ақпараттық материалдарға мониторинг жұмыстарын күшейту, діни мазмұндағы ғаламтор ресурстарының мазмұндарын жүйелі түрде мұқият зерделеп отыру;
— Халық арасында радикалды идеологияға қарсы, конфессияаралық келісімге бағытталған, діни сауаттылыққа негізделген мақсатты және кешенді түсіндіру жұмыстарын одан жандандыру, күшейту;
— Жоғары оқу орындары басшылықтарына «дінтану негіздері» пәнінің сағатын арттыруды ұсыну, өзге де білім мекемелерінде осы пәннің маңыздылығын арттыру. «Дінтану негіздері» пәні ұстаздарының білімдерін толықтыру, қайта даярлау курстарынан өткізу;
— Халық арасында БАҚ, әлеуметтік желі, телебағдарламалар арқылы ата-ана мен баланың дінге байланысты қарым-қатынасы қандай болғаны дұрыс екендігін түсіндіретін, баланың алғашқы діни білімі отбасында қалыптасуының қаншалықты маңызды екендігін көрсету;
— Халық арасында зайырлылық қағидасын түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
— Ислам қағидалары мен қазақтың салт-дәстүрінің сабақтасу үлгілерін сипаттайтын оқу құралдарын жазып шығаруды қарастыру.
— ЖОО, мектептер, өзге де білім ошақтарын арнайы сараптамадан өткен діни әдебиеттер оқулықтармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету;
— Халық арасында діни сауаттылықты, діни білімді негізгі насихаттаушы дін мамандары, мешіт имамдары болғандықтан жастар арасында осы салада білім аламын деушілерге көбірек көңіл бөлу, ЖОО, медреселерде оларды тегін оқыту үшін арнайы гранттар санын көбейту.

«Жамбыл облысының діни ахуалына
зерделеу жұмыстарын жүргізу»
жобасы аясында жүргізілген эксперттік
сауалнама қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ ЕСЕБІ

ЭКСПЕРТТІК САУАЛНАМАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
«Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу»

ЭКСПЕРТТІК САУАЛМАНАНЫҢ НЫСАНЫ
Жамбыл облысындағы қоғамдық діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, жоғарғы оқу орындарының философия, саясаттану, әлеуметтану, дінтану пәндерінің оқытушылары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен теолог мамандар, БАҚ өкілдері, мешіт имамдары және өзге де мемлекеттік қызметкерлер арасында талқыланып отырған сала бойынша сауалнама алу арқылы пікір алуандығын анықтау болып табылады.
Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ мен ЖК «Куленова Н.Т.» арасында жасалған келісімге сәйкес Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізу аясында эксперттік сауалнама іс-шарасы өтті.
Эксперттік сауалнамада 107 адам қамтылды. Әлеуметтік зерттеу барысында облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-сі ұсынған келесі сауалдар қойылды.

1. «Айтыңызшы, Сіз өзіңізді діндарлар қатарына жатқызасыз ба?» деген бірінші сұраққа респонденттердің жауабы келесідей болды:
1. 14 респондент «Мен дінге іс жүзінде сенемін, бес уақыт намаз оқимын, құран білемін (конфессианалды ұстанымыма байланысты)»; (13.1%)
2. 92 респондент «Мен дінге сенемін, алайда тек діни мейрамдармен шектелемін, мешітке сирек барамын (шіркеу, синагога, сыйыну Үйі)»; (86%)
3. 0 респондент «Мен дінге сенбеймін, діни өмірге қатыспаймын, басқалардың діни нанымдарын сыйламаймын»; (100%)
4. 0 респондент «Мен атеистпін (Құдайға сенбеймін)»; (100%)
5. 1 респондент «Басқа»; (0.9%)

2. «Сіз қай дінді ұстанасыз?» — деген сауалға:

1. 102 респондент «Ислам сунни (Ханафи масхабы)»; (95.3%)
2. 0 респондент «Салафизм»; (0%)
3. 0 респондент «Шииттік ислам»; (0%)
4. 0 респондент «Исламның басқа бағыттары»; (0%)
5. 2 респондент «Православие»; (1.9%)
6. 0 респондент «Католицизм»; (0%)
7. 0 респондент «Протестантизм»; (0%)
8. 0 респондент «Иудаизм»; (0%)
9. 0 респондент «Буддизм»; (0%)
10. 3 респондент «Мен Құдайға сенемін,алайда ешбір діни ағымға жатпаймын»; (2.8%)
11. 0 респондент «Тәңіршілдік»; (0%)
12. 0 респондент«Басқаға»; (0%) – деп жауап берді.

3. «Сіз таңдаған дініңіз жайлы білімдерді қай ақпарат көздерінен аласыз? – деген сауалға:

1. 41 респондент «Ата-анам, жақын туыстарым»; (38.3%)
2. 2 респондент «Дінде жүрген бауырларым»; (1.9%)
3. 5 респондент «Рухани ұстазым,тәрбиешім»; (4.8%)
4. 6 респондент «Достарым немесе қызметтестерім»; (5.7%)
5. 27 респондент «Діни әдебиеттер (кітаптар,брошюралар,газеттер)»; (25.2%)
6. 0 респондент «Кездейсоқ адамдардан, таныстардан»; (0%)
7. 7 респондент «Интернет-ресурстар (сайттар, форумдар, әлеуметтік желілер)»; (6.5%)
8. 7 респондент «Телехабарлар»; (6.5%)
9. 10 респондент «БАҚ,баспасөз»; (9.3%)
10. 2 респондент «Басқа»; (1.8%)

4. «Дінге белсенді сенетін адамдарға деген Сіздің көзқарасыңыз?» — деген сауалға:

1. 63 респондент «Дұрыс»; (58.9%)
2. 13 респондент «Өте жақсы»; (12.1%)
3. 0 респондент «Өте қарсы»; (%)
4. 0 респондент «Қарсы»; (0%)
5. 22 респондент «Бейтарап»; (20.6%)
6. 9 респондент «Жауап беруге қиналамын»; (8.4%) – деп жауап берді.

5. «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын естіген бе едіңіз?» — деген сауалға:

1. 9 респондент «Жоқ»; (8.4%)
2.98 респондент «Ия»; (91.6%) – деп жауап берді.

6. «Елімізде болып жатқан діни хал-ахуал туралы Сіздің хабардар болуыңызды қалай бағалайсыз?» — деген сауалға:

1. 82 респондент «Мен еліміздегі діни хал-ахуал жайында жақсы хабардармын, өйткені уақытылы осы тақырып аясындағы жаңалықтарды оқып/көріп тұрамын»; (76.6%)
2. 22 респондент «Мен жақсы хабардар емеспін, бірақ жобасын білемін»; (20.6%)
3. 1 респондент «Мен хабардар емеспін, менің оған уақытым жоқ»; (0.9%)
4. 2 респондент «Мені бұл тақырып аясы қызықтырмайды»; (1.9%)
5. 0 респондент «Басқа жауап»; (0%) –деп жауап берді.

7. «Қандай ақпарат көзінен Сіз діни бағыттағы ақпараттарды алып отырасыз?» — деген сауалға:

1. 49 респондент «Теледидар (7 адам Асыл арна)»; (45.8%)
2. 27 респондент «Газет, журналдар»; (25,2%)
3. 1 респондент «Радио (атауларын жазыңыз)»; (0,9%)
4. 16 респондент «Интернет-сайттар, әлеуметтік желілер (атауларын көрсетіңіз)»; (15%)
5. 14 респондент «Жақын орта (туыстар, достар, қызыметтестер)»; (13.1%)
6. 0 респондент «Басқа»; (0%) – деп жауап берді.

8.«Аймақтағы діни жағдайды қалай бағалайсыз?» — деген сұраққа:

1. 85 респондент «Жайлы»; (79.4%)
2. 13 респондент «Өте жайлы»; (12.2%)
3. 0 респондент «Өте жайсыз»; (0%)
4. 9 респондент «Жайсыз»; (8.4%) – деп жауап берді.

9. «Айтыңызшы, Сіздің аймақта дін саласында бүгінгі күні қандай проблемалар актуалды болып отыр?» – деген сұраққа:

1. 34 респондент «Тұрғындардың дін туралы ақпараттанулары жеткілікті жоғары деңгейде емес»; (31.8%)
2. 2 респондент «Конфессияаралық қарым-қатынастың нашарлауы»; (1.8%)
3. 0 респондент «Дінге нанымда адам құқығының қысым көруі»; (0%)

4. 2 респондент «Экстремизм мен терроризмнің радикалды идеологиясының кең таралуы»; (1.8%)
5. 4 респондент «Тұрғындардың көпшілік қатарында діншілдік деңгейінің көтерілуі»; (3.8%)
6. 0 респондент «Елдегі діни жағдаят саясатын қолдан жасау»; (0%)
7. 65 респондент «Айрықша проблема жоқ, бәрі жақсы»; (60.8%) – деп жауап берді.

10. «Облыстағы конфессияаралық қарым-қатынасқа өз бағаңызды беріңіз» — деген сұраққа:

1. 71 респондент «Достық қатынас»; (66.4%)
2. 7 респондент «Бірқатар қайшылықтар бар,бірақ олар соншалықты қауіпті емес»; (6.5%)
3. 1 респондент «Мүдделер қиысады, талай кездері болып қалады»; (0.9%)
4. 0 респондент «Конфликттілік қатынас»; (0%)
5. 28 респондент «Жауап беруге қиналамын»; (26.2%) – деп жауап берді.

11. «Сіз соңғы жылдары өз қалаңызда\аудан\ауылда басқа дін өкілдерінің дін алшақтығы себептерінен туындаған конфликтіге куә болдыңыз ба?» — деген сұраққа:

1. 4 респондент «Иә»; (3.7%)
2. 103 респондент «Жоқ»; (96.3%) – деп жауап берді.

12. «Егер басқа діндегі адамдар Сіздің діни нанымыңызға тиіссе, Сіз не істейсіз?» — деген сұраққа:

1. 47 респондент «Ештеңе болмағандай түр танытамын»; (44%)
2. 20 респондент «Жағдайды әңгіме арқылы жұмсартуға тырысамын»; (18.7%)
3. 4 респондент «Сөзбен тік жауап беремін»; (3.8%)
4. 0 респондент «Физикалық күш көрсетемін»; (0%)
5. 1 респондент «Құқық қорғау орындарына шағымданамын»; (0.9%)
6. 1 респондент «Қоғамдық орындардың назарын аудартамын (БАҚ,қоғамдық ұйымдар)»; (0.9%)
7. 0 респондент «Діни қоғамға шағымданамын»; (0%)
8. 1 респондент «Адам құқығын қорғаушы орындарға шағымданамын»; (0.9%)
9. 12 респондент «Ештеңе жасамаймын,өйткені бұл әрекеттерінен түк шықпайтынына сенімдімін»; (11.2%)

10. 0 респондент «Басқа»; (0%)
11. 21 респондент «Жауап беруге қиналамын»; (19.6%) – деп жауап берді.

13. «Мемлекеттің дін саласындағы жүргізіп отырған саясатын Сіз қолдайсыз ба?» — деген сауалға:

1. 90 респондент «Қолдаймын»; (84.1%)
2. 3 респондент «Қолдамаймын»; (2.8%)
3. 14 респондент «Жауап беруге қиналамын»; (13.1%) – деп жауап берді.

14. «Сіз қалай ойлайсыз, мемлекет діни ұйымдардың жұмыстарын реттеуге араласу керек пе?» — деген сұраққа:

1. 4 респондент «Мемлекеттің ешқандай бір дінге қолдау көрсетуіне болмайды»; (3.8%)
2. 1 респондент «Мемлекет ешқандай жолмен де діни ұйымдардың істеріне араласа алмайды»; (0.9%)
3. 9 респондент «Мемлекет жаңа діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау жасау керек»; (8.4%)
4. 1 респондент «Мемлекет кең тарағандарына қолдау көрсету керек»; (0.9%)
5. 0 респондент «Мемлекет елімізде жұмыс жасауда кез келген діни ұйымға тосқауыл қоймау керек»; (0%)
6. 53 респондент «Мемлекет аз болса да барлық діни ұйымдардың қызметтерін реттеп отыру керек»; (49.5%)
7. 0 респондент «Басқа»; (0%)
8. 39 респондент «Жауап беруге қиналамын»; (36.5%) – деп жауап берді.

15. «Сіз қалай ойлайсыз Сіздің аймақта діни негізде ашық түрде конфликт болуы мүмкін бе?» — деген сауалға:

1. 0 респондент «Ия, сөзсіз»; (0%)
2. 46 респондент «Жағдайға қарай»; (43%)
3. 17 респондент «Ешқашанда»; (15.9%)
4. 2 респондент «Басқа»; (0.8%)
5. 42 респондент «Жауапқа қиналамын»; (39.3%) – деп жауап берген.

16. «Сізді діни экстремизм мен терроризм мәселелері мазасыздандыра ма?» — деген сауалға:

1. 19 респондент «Жоқ,басқа проблемалар жеткілікті»; (17.8%)

2. 6 респондент «Ия, бір мазасыздықты сезінемін»; (5.6%)
3. 1 респондент «Ия, үнемі қорқынышта жүремін»; (0.9%)
4. 69 респондент «Жоқ, ешқандай қорқыныш сезінбеймін»; (64.5%)
5. 12 респондент «Ешқашан ойланбаппын»; (11.2%)
6. 0 респондент «Басқа»; (0%) – деп жауап берген.

17. «Айтыңызшы, Сіздің ойыңызша, діни экстремизм және терроризм дегеніміз не?» — деген сауалға:

1. 45 респондент «Мақсатқа жету үшін күш қолдану мүмкіндігі»; (42.1%)
2. 27 респондент «Сендірудің мықты формасы, соның ішінде діни»; (25.2%)
3. 0 респондент «Әділдік орнату құралы»; (0%)
4. 1 респондент «Басқа көзқарастағы тұлғаларға шыдамаушылық көрсету»; (0.9%)
5. 2 респондент «Үкіметпен келіспейтін саяси күрес түрі»; (1.9%)
6. 0 респондент «Діни мүддені қорғау әдісі»; (0%)
7. 5 респондент «Білмеймін, бұл туралы ойланбаппын»; (4.7%)
8. 0 респондент «Соңғы шараларды қолдану идеологиясы»; (0%)
9. 3 респондент «Терракттық үкімет (діни мемлекет) орнатуға ұмтылу»; (2.8%)
10. 1 респондент «Іскери әрекеттерді жүргізу амалдары»; (0.9%)
11. 0 респондент «Басқа»; (0%)
12. 23 респондент «Жауапқа қиналамын»; (21.5%) – деп жауап берген.

18. «Сіз өзіңіз тұрған тұрғылықты жерде діни экстремизмнің немесе терроризмнің белгілерімен соңғы жылдары кездестіңіз ба?» — деген сұраққа:

1. 5 респондент «Ия»(4.7%)
2. 102 респондент «Жоқ»(95.3%) — деп жауап берді.

19. «Сіз күнделікті өмірде мына жағдайлармен кездестіңіз бе?» — деген сауалға:

1. 2 респондент «Әлеуметтік, нәсілшілдік, ұлттық, және діни негіздегі араздық»; (1.9%)
2. 0 респондент «Экстримистік күрестің террористік әрекеттерін қолдануды ақтау»; (0%)
3. 8 респондент «Белгілі бір дін ұстанушы өкілдерінің артықшылықтарын насмхаттау»; (7.5%)
4. 0 респондент «Дінге қатысты ұстанымы болғаны үшін адамдардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру»; (0%)
5. 0 респондент «Экстримистік әдебиеттер мен ақпараттарды тарату»; (0%)
6. 0 респондент «Террористік ұйымдарды қаржыландыру»; (0%)
7. 0 респондент «Насихат жұмыстарымен кездестім: экстремистік мазмұндағы үнпарақтарды,газеттерді,журналдарды көрдім»; (0%)
8. 4 респондент «Басқа»; (3.7%)
9. 93 респондент «Жауапқа қиналамын»; (86.9%) – деп жауап берді.

20. «Айтыңызшы, Сіздің экстремистік бірлестіктер мен топтарға көзқарасыңыз қандай?» — деген сауалға:

1. 0 респондент «Мен олардың кей бір жерлерін қолдаймын»; (0%)
2. 0 респондент «Өзімде соларға кірер едім»; (0%)
3. 56 респондент «Олардың әрекеттерін тоқтату керек деп санаймын»; (52.3%)
4. 2 респондент «Басқа»; (1.9%)
5. 49 респондент «Жауапқа қиналамын»; (45.8%) – деп жауап берген.

21. «Сіз экстремистік топ өкілдеріне қандай сипаттама берер едіңіз?» — деген сұраққа:

1. 71 респондент «Адасқан адамдар, ақымақтар»; (66.3%)
2. 5 респондент «Қарапайым жалдамалылар, олардың қожайындары көлеңкеде қалып қояды»; (4.7%)
3. 0 респондент «Ержүрек, әділдік үшін күресушілер»; (0%)
4. 0 респондент «Авантюристер, өз пайдасы мен атағын ойлайтындар»; (0%)
5. 5 респондент «Өмірден түңілген , басқа жол қалмаған адамдар»; (4.7%)
6. 0 респондент «Әділет үшін күресуші, ержүрек және жағдайы жақсы адамдар»; (0%)
7. 1 респондент «Басқа»; (0.9%)
8. 25 респондент «Жауапқа қиналамын»; (23.4%) – деп жауап берген.
22. «Сіз қалай ойлайсыз экстремистердің әрекеттерін ақтауға болады ма?» — деген сауалға:

1. 1 респондент «Дәстүрлі духовенство қызметінен көңілі қалса»; (0.9%)
2. 0 респондент «Материалдық сый-ақы берілген жағдайда»; (0%)
3. 21 респондент «Ешқандай жағдайда да»; (19.7%)
4. 0 респондент «Шарасыз болып тығырыққа тірелсе»; (0%)
5. 0 респондент «Наным мүддесін қорғаған кезде»; (0%)
6. 32 респондент «Олардың әрекеттерін еш жағдайда ақтауға болмайды»; (29.9%)
7. 3 респондент «Басқа»; (2.8%)
8. 50 респондент «Жауапқа қиналамын»; (46.7%) – деп жауап берген.

23. «Сіз қалай ойлайсыз, Сіз және Сіздің жақындарыңыз тұрған мекендеріңізде экстремизм мен терроризм әрекеттерінен қорғалған ба?» — деген сауалға:

1. 71 респондент «Ия,қорғалған»; (66.4%)
2. 6 респондент «Жоқ,қорғалмаған»; (5.6%)
3. 30 респондент «Жауапқа қиналамын»; (28%) – деп жауап берген.

24. «Сіздің пікіріңізше, халық арасында қандай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдіс-тәсілдерін қолданған тиімді болып табылады?» — деген сұраққа:

1. 44 респондент «Діни ағымдар саласы бойынша тұрғындарға нүктелік консультативті және практикалық көмек көрсету»; (41.1%)
2. 10 респондент «Радикалды идеологияға бейім жандарға мекен-жайлық профилактикалық жұмыстар жүргізу»; (9.4%)
3. 0 респондент «Оқу орындарын идеологиялық жаулау»; (0%)
4. 30 респондент «Жастармен жұмыс»; (28%)
5. 3 респондент «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес үшін республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар»; (2.8%)
6. 14 респондент «БАҚ, сонымен бірге Интернет жүйесінде мониторинг және профилактикалық жұмыстар жүргізу»; (13.1%)
7. 1 респондент «Басқа»; (0.9%)
8. 5 респондент «Жауапқа қиналамын»; (4.7%) – деп жауап берді.

25. «Айтыңызшы, сіз елімізде жұмыс жасап отырған Үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктердің атқарып жатқан жұмысы және маңыздылығын қалай бағалайсыз?» — деген сауалға:

1. 4 респондент «Жоғары бағадамын (олардың жұмысы дұрыс бағытта және маңызды)»; (3.7%)
2. 65 респондент «Орташа (Олардың жұмысы көзге аса көрінбейді, бірақ маңыздылығы бар)»; (60.8%)
3. 7 респондент «Төмен (Олардың жұмысына көңілім толмайды және маңыздылығы жоқ)»; (6.5%)
4. 31 респондент «Жауап қиналамын»; (29%) – деп жауап берді.

26. «Сіз қалай ойлайсыз, облыстық және республикалық телеарналарда діни сауаттылықты көтеру бағдарламаларының санын және сапасын арттыру арқылы халықтың діни білімін көтеруге болады ма?» — деген сауалға:

1. 63 респондент «Ия, толықтай қолдаймын»; (58.8%)
2. 5 респондент «Жоқ, онша әсер етпейді»; (4.7%)
3. 39 респондент «Жауапқа қиналамын»; (36.5%) – деп жауап берген.

27. «Сіз әлеуметтік желілерде дін туралы мағлұмат іздегенде ақпараттың қаншалықты тексерілген дерек көздерінен алынғандығына көңіл бөлесіз бе?» — деген сауалға:

1. 58 респондент«Ия, мен үшін ақпарттың дұрыс және тексерілген болғаны маңызды»; (54.2%)
2. 3 респондент «Жоқ, маған дін жайлы ақпарат болса болды»; (2.8%)
3. 46 респондент «Жауапқа қиналамын»; (43%) – деп жауап берді.

28. «Сіз қалай ойлайсыз, білім ошақтарында(ЖОО, мектептер)«дінтану негіздері» пәнін оқыту қаншалықты маңызды?» — деген сауалға:

1. 99 респондент «Өте маңызды, себебі ол пән адамның бойындағы діни сауаттылықтың негізін қалыптастырады»; (92.5%)
2. 7 респондент «Орта маңызға ие, ол пәнді оқығаннан халықтың діни сауаты аса өзгермейді»; (6.6%)
3. 1 респондент «Маңызды емес, ол пән тек адамдардың уақытын алады»; (0.9%) – деп жауап берді.

29. «Айтыңызшы, сіздің діни біліміңіздің қалыптасуында ата-анаңыздың әсері жоғары болды ма?» — деген сұраққа:

1. 96 респондент «Ия, ата-анам менің діни білімімнің негізін қалады»; (89.7%)
2. 5 респондент «Орташа, ата-анамның бұл процесте орны айтарлықтай емес»; (4.7%)
3. 0 респондент «Жоқ, менің діни сауат ашуымда ата-анамның қатысы жоқ»; (0%)
4. 6 респондент «Жауапқа қиналамын»; (5.6%) – деп жауап берген.

30. «Респонденттің жынысы»

1. 64 респондент «Ер»; (59.9%)
2. 43 респондент «Әйел»; (40.1%)

31. «Сіздің толық жасыңыз нешеде екенін айтсаңыз?» — деген сауалға:

1. 1 респондент «16-20»; (0.9%)
2. 12 респондент «21-25»; (11.2%)
3. 14 респондент «26-29»; (13.2%)
4. 18 респондент «30-35»; (16.8%)
5. 17 респондент «36-40»; (15.9%)
6. 18 респондент «41-45»; (16.8%)
7. 13 респондент «46-50»; (12.1%)
8. 11 респондент «51-60»; (10.3%)
9. 3 респондент «61+»; (2.8%) – деп жауап берген.

32. «Өтініш, ұлтыңызды көрсетіңіз» — деген сауалға:

1. 103 респондент «Қазақ»; (96,2%)
2. 0 респондент «Орыс»; (0%)
3. 3 респондент «Басқа»(1 респондент өзбек деп жазды); (2,8%) – деп жауап берген.

33. «Сіздің білімдеңгейіңіз қандай?» — деген сұраққа:

1. 105 респондент «Жоғары»; (98,1%)
2. 2 респондент «Аяқталмаған жоғары»; (1,9%)
3. 0 респондент «Арнайы орта білім»; (0%)
4. 0 респондент «Жалпы орта білім»; (0%)
5. 0 респондент «9 кластық білім»; (0%) – деп жауап берген.
34. «Қазіргі уақытта – …»

1. 0 респондент «Мектепте білім аламын»; (0%)
2. 0 респондент «Колледжде білім аламын»; (0%)
3. 0 респондент «ЖОО-да білім аламын»; (0%)
4. 28 респондент «ЖОО оқытушысы, ғылыми қызметкер»; (26,2%)
5. 15 респондент «Мұғалім, дәрігер»; (14%)
6. 26 респондент «Мемлекеттік қызметші»; (24,4%)
7. 7 респондент «Мешіт (шіркеу) өкілі»; (6,5%)
8. 9 респондент «ҮЕҰ (НПО) өкілі»; (8,4%)
9. 12 респондент «БАҚ өкілі»; (11,2%)
10. 7 респондент «Саудагер, кәсіпкер»; (6,5%)
11. 0 респондент «Мүгедек/әлеуметтік қамсыздандырылуда»; (0%)
12. 3 респондент «Жұмысшы»; (2,8%)
13. 0 респондент «Жұмыссыз»; (0%)
14. 0 респондент «Басқа»; (0%)– деп жауап берді.

Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 79,4 %-ы Жамбыл облысындағы діни жағдайды жайлы деп бағаласа, 12,2 %-ы өте жайлы және 8,4%-ы жайсыз деген бағасын берді.
Эксперттік сауалнама нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы жайлы естігендігін және басым бөлігінің мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатын қолдайтындығын байқауға болады.
Жамбыл облысындағы конфессияаралық қарым-қатынасқа бағасын беруде респонденттердің 26,2%-ы жауап беруге қиналған болса, 66,4%-ы конфессияаралық қатынас жылы достық сипатта деп жауап берді. Тек 6,5% қатысушы соншалықты қауіпті емес, бірақ сонда да қайшылықтар бар деп атап өткен.
Сіз тұрып жатқан жерде діни негізде ашық түрде конфликт болуы мүмкін бе деген сауалға қатысушылардың 39,3 %-ы жауап беруге қиналған болса, 43%-ы бұл мәселенің жағдайға қарай құбылыс екендігін ескерді. 15,9%-ы ешқашанда деп жауап берді.
Сіз таңдаған дініңіз жайлы білімдерді қай ақпарат көздерінен алдыңыз деген сұраққа респонденттердің жауабы әр түрлі болды. Соның ішінде көпшілік жауап мына нұсқаларға тиесілі: 38,3% қатысушы ата-ана, жақын туыстарынан алғанын айтса, 25,2%-ы діни әдебиеттер, оның ішінде кітаптар, брошюралар мен газеттерді оқып алатынын атап өтті.
Елімізде және облыста болып жатқан діни хал-ахуал туралы өздерінің хабардар болуын респонденттер келесідей бағалады: 76,6%-ы мен еліміздегі діни хал-ахуал жайында жақсы хабардармын, өйткені уақытылы осы тақырып аясындағы жаңалықтарды оқып, көріп тұрамын десе, 20,6%-ы жақсы хабардар емеспін, бірақ жобасын білемін деп жауап берді. Ол тақырыпқа қызықпайтын және хабардар емес адамдардың пайыздық көрсеткіші айтарлықтай төмен болды.
Жүргізілген эксперттік сауалнама нәтижесі бойынша келесі ұсыныстарды ұсынамыз:
— Білім ошақтарында(ЖОО, мектептер) «дінтану негіздері» пәнін оқытуды жүйелі түрде жүргізу, олардың сағаттарын арттыру;
— Өзге діни ағымдарға жастардың ауып кетпеуі үшін ата-аналарға баланың жас кезінен діннің негізі отбасында қалануының қаншалықты маңызды екендігін ақпарат көздері арқылы жеткізу;
— Елімізде жұмыс жасап жатқан Үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктердің елдегі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардың нығаюына жұмыстар жасауын алға тарту;
— Радикалды идеологияға бейім адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізуді күшейту, олармен мекен-жайлық профилактикалық жұмыстарды арттыру.
— Тиісті ақпарат құралдарының көмегімен халықтың дін туралы дұрыс ақпараттануын мүмкіндігінше қамтамасыз ету.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Новости области

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov