«Жусан» операциясы аясында Байзақ ауданына оралған азаматшалармен кездесу өтті

Бүгін облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Джумекеева, Орталық инспекторы А.Рапилбекова, Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» дін секторының меңгерушісі С.Арғынбаева Байзақ ауданындағы террористтік аймақтардан қайтарылған жасөспірімдердің отбасымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге психологиялық, теологиялық жұмыстармен қатар, деструктивті діни ағымдардың қоғамға келтірер зияны жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мемлекеттіміздің дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен зайырлылық ұстанымдары туралы атап өтілді.

Сөз соңында қақтығыс аймағынан келген жасөспірімдер көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, жауап алды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov