Жұмыс тобы дін саласындағы ақпараттық – түсіндіру тобы және ауылдық деңгейдегі мобильдік топ мүшелерімен кездесу өткізді

Ү.ж. 18 маусымында облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Жамбыл ауданы көлемінде құрылған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы және ауылдық деңгейдегі мобильдік топ мүшелерімен кездесу өткізді.

Дін  істері басқармасының басшысы Ж.Омаров алғы сөзінде өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтаудағы дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының негізгі мақсат-міндеттері, басымдықтары жөнінде атап өтті.

Жиын барысында Басқарманың бас маманы Е.Әскенұлы мен Орталық  инспекторы А.Құлымбетов 2019 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бекітілген «Халық арасында адрестік ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің әдістемелік ұсыныстары» турасында қатысушыларды ақпараттандырды. Жаңа әдістемеге сәйкес  ақпараттық түсіндіру жұмысын нысаналы топ өкілдері арасында жүргізу қажеттілігі, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне қойылатын басты талаптар жөнінде мәлімет берді.

Сонымен бірге Бесағаш ауылының тұрғыны Ә.Сәпиев пен Қызылқайнар ауылдық округі қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Ысқақов дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жаңа сапалық деңгейге көтеру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Өз кезегінде, аудандық ақпараттық-түсіндіру және ауылдық мобильдік топ мүшелері дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысты сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауабын алды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov