2019 жылдың 17 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері Жуалы ауданы Көктөбе орта мектебі оқушыларына «Дін және жастар» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар назарына жастардың қоғамдағы рөлі, еліміздегі экстремистік деп танылған ұйымдардың келбеті, мақсаты және аталған ағымдардың жетегінде кетпеу амалдары туралы баяндалды. Семинар соңында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға жауап берілді.