Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Мемлекеттік бардарламасын іске асыру, сонымен қатар жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру мақсатында 2019 жылдың 16 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері Жуалы ауданы А..С.Пушкин орта мектеп оқушыларымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында, еліміздегі соның ішінде облысымыздағы қазіргі діни ахуалға тоқтала келе, дін атын жамылған ағымдардың зияны мен қоғамға қауіпін түсіндірді. Тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.