А.ж. 24 шілдесінде Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының Меркі ауданы бойынша инспекторы Жұмасетов Бақыт Facebook, Instagram, ВКонтакте, Youtube желілері арқылы «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбында онлайн эфир дәрісін жүргізді.
Аудан инспекторы онлайн дәріс барысында исламдағы жат ағымдар туралы және олардың арбау тәсілдерінен қалай қорғану қажеттігі жөнінде ақпараттар айтылды.Сондай-ақ, дәстүрлі діндердің адам баласына тыныштық пен бейбітшілікті, ынтымақ пен татулықты дәріптейтіндігі туралы жан-жақты мағлұмат берді.
Желі қолданушылары көкейінде жүрген пікірлерін айтып, жауаптарын алды.