«Жастар және дін»

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері А.Рапилбекова және Ж.Қадырқұлова Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты оқушыларына «Жастар және дін» тақырыбында радикалды діни ағымдардың және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға діни экстремизм және терроризм идеялары таралуының алдын алу мәселелері, жақтаушыларды жинақтаудың әдістері мен тактикасы, сонымен қатар интернет-ресурстар арқылы жинақтау туралы баяндалды. Кездесу лекция және сұрақ жауап түрінде өтіп, оқушылардың көкейінде жүрген сауалдарға ұтымды түрде жауап берілді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov