«БЕКІТЕМІН»
Жамбыл облысы әкімінің
бірінші орынбасары
___________Б.Орынбеков
«___» _________ 2019 жыл
Жамбыл облысының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру
топтарының 2019 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
№ | Іс-шаралар атауы | Мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауаптылар |
1. | Орта, кәсіптік және жоғары оқу орындарында білім алушы оқушы және студент жастармен әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастыру | Тоқсан сайын | Ақпараттық парақша мен сурет | ДІБ,
Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
2. | Деструктивті ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтар арасында жеке және топтық форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Тоқсан сайын | Ақпараттық парақша мен сурет | ДІБ,
Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
3. | Әйелдер жамағатымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған кездесулер өткізу | Тоқсан сайын | Ақпараттық парақша мен сурет | ДІБ,
Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
4. | Діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы оралмандар мен мигранттар, жұмыссыздар, өзін-өзі қамтамасыз етушілер мен кәсіпкерлер және жалдамалы жұмысшылар арасында түсіндіру жүргізіп, діннің өзекті тақырыптары қамтылған ақпараттық парақшалар, бүктемелер тарату | Тоқсан сайын | Ақпараттық парақша мен сурет | ДІБ,
Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
5. | Тараз қаласы мен аудандарда орналасқан діни ғибадат үйлерінде дін ұстанушы азаматтармен кездесулер өткізу | Тоқсан сайын | Ақпараттық парақша мен сурет | ДІБ,
Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
6. | Шетелдік діни оқу орындарында оқитындар мен олардың жақындары арасында отандық діни оқу орындарында білім алудың артықшылықтары мен шетелдік діни оқу орындарында білім алудың қатерлері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Тоқсан сайын | Ақпараттық парақша мен сурет | ДІБ,
Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
7. | Пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар арасында деструктивті діни ағымдардың сипаттары мен олардың алдап-арбау тәсілдері туралы жан-жақты мағлұмат беру жиындарын өткізу | Жарты жыл сайын | Ақпараттық парақша мен сурет | ДІБ,
Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
8. | Облыс көлеміндегі ауылдық елдімекендер мен саяжай тұрғындары арасында діни сауаттандыру жұмыстарын үйлестіру | Тоқсан сайын | Ақпараттық парақша мен сурет | ДІБ,
Тараз қаласы мен аудан әкімдері |
9. | АТТ мүшелерін қажетті ақпараттық-түсіндіру материалдармен (кітапшалар, аудио-видео жазбалар) қамтамасыз ету | тұрақты түрде | Кітапшалар, аудио-видео материалдар | ДІБ |
10. | АТТ жетекшілерінің есебін тыңдау және алдағы атқаратын шараларға қатысты бағыт-бағдарлар ұсыну | Тоқсан сайын | Хаттама | ДІБ |
11. | Жұмыс жоспарында белгіленген бағыттар бойынша нақты іс-шаралардың желілік кестесін әзірлеу | Тоқсан сайын | Іс-шаралардың желілік кестесі | ДІБ |
12. | БАҚ беттерінде АТТ қызметін ақпараттандыру бойынша материалдар жариялау | тұрақты түрде | Мақала,
бейне сюжет |
Тараз қаласы мен аудан әкімдері,
ДІБ, ІСБ |
Аббревиатуралардың толық жазылауы:
ДІБ – Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы;
ІСБ – Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы;
АТТ – ақпараттық-түсіндіру топтары;
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары.