Мемлекеттік рәміздер – кез-келген мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табылады.
Ағымдағы жылдың 4 маусым күні Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ресми жиын өткізілді.
Салтанатты шарада дін істері басқармасының бас маманы Елнұр Әскенұлы Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы туралы және бұл күн Қазақстан халықтарының басын біріктіретін, халықтардың бірлігін нығайтып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелейтін мереке болып табылатынын атап өтті. Содан барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындады.