Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің 2019-2020 жылдардағы отырыстарының хаттамалары

Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысының

ХАТТАМАСЫ

№ 1

Жамбыл облысы,

Талас ауданы,

аудан әкімдігінің мәжіліс залы

  14 наурыз, 2019 жыл

сағат 12.00

 Қатысқандар: Кеңес мүшелері (тізім бойынша).

 Шақырылғандар: Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлім басшылары, Талас ауданы әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті полиция қызметкерлері, діни бірлестіктер басшылары мен өкілдері(имамдар мен шіркеу қызметшілері), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Талас ауданы аумағындағы діни ахуалдың жай-күйі туралы

(Д.Оспанов)

 1.1. Талас ауданы әкімінің орынбасары Д.Оспановтың аудандағы діни ахуалдың жай-күйі туралы ақпараты назарға алынсын.

 Талас ауданының әкіміне:

1.2. Аудандағы дін саласындағы жұмыстарды қатаң бақылауға алып, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру шаралары күшейтілсін;

1.3. Облыс әкімдігі дін істері басқармасымен өткізілген аудандағы діни ахуалға зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті жұмыстар жүргіліп, нәтижесі Басқармаға жолданылсын;

Мерзімі: 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін.

1.4. «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарына» сәйкес, ауданда атқарылған іс-шаралары туралы қорытынды ақпараттар облыс әкімдігі дін істері басқармасына жолданылсын;

Мерзімі: 2019 жылдың  30 сәуіріне дейін.

1.5 Дін саласындағы жұмыстарға жауапсыздықпен қарағаны және тапсырмаларды орындамағаны жауапты тұлғаларға тиісті шара қолданылсын;

1.6. Зерделеу барысында анықталған мешіттердегі бейнебақылау жүйелерін қалпына келтіруді қатаң бақылауға алу;

Мерзімі: тұрақты бақылау.

1.7.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» РИДБ-нің облыс бойынша өкілі Қ.Жұмағұлға:

– Майтөбе ауылындағы «Тәтен ата» мешітінің жанындағы «Талқыбай ұлы Сәрсен қажы» атты сауат ашу курсын «медресе» деп заңсыз атауына байланысты мешіт имамына тиісті шара қолданылсын;

– Қасқабұлақ ауылы, Астана көшесі №17 мекенжайында орналасқан Заңсыз ғибадат үйін (намазхана) заңдастыру бойынша тиісті шаралар қолдану.

 Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:

– облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы келісімге сәйкес, діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтайтын адамдар санын 20%-ға азайту бойынша жұмыстар атқарып, қорынтындылап, нәтижесін облыс әкімдігі дін істері басқармасына жолданылсын;

Мерзімі: тоқсан сайын.

  жеке меншік иелігіндегі мешіттердің ғимараттары мен жер телімдерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының меншігіне өткізу мәселесі бойынша тапсырма қатаң бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылсын.

Жамбыл облысы әкімдігі

жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі

Кеңестің төрағасы                                                     Б.Орынбеков

 

Кеңес хатшысы                                                          С.Байбатшаева

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысының

ХАТТАМАСЫ

№2

 Облысы әкімдігінің мәжіліс залы
  11 маусым, 2019 жыл

 

 Қатысқандар: Кеңес мүшелері (тізім бойынша).

Шақырылғандар: Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдіктерінің ішкі саясат, білім бөлімі басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

КҮН ТӘРТІБІ:

Облыс әкімдігі білім басқармасымен орта білім беру ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы

(Р.Тұрмахамбетова)

  1. Облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орта білім беру ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы ақпараты назарға алынсын.

Облыс әкімдігінің білім басқармасына, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:

  1. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін барлық мұғалімдердің арнайы курстан өткізілуі қамтамасыз етілсін («Өрлеу» институтының базасында);

Мерзімі: жыл соңына дейін

  1. Жалпы орта білім беретін мектептердің 8-сынып оқушыларына арналған «Мектепте діни сауаттылықты қалыптастырудың негіздері» элективті курс бағдарламасы бойынша облыстағы барлық білім беру ұйымдарында аптасына 1 сағаттық элективтік сабақтардың арнайы кестеге сай өткізілуі және өту сапасы қадағаласын;

Мерзімі: оқу жылы бойы

  1. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытатын мұғалімдердің сапалық құрамын арттыру, олардың біліктілікті арттыру курстарынан өтуі қадағаласын.

Мерзімі: тұрақты

 Облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығына,Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:

  1. Облыстағы мешіттердің жанындағы сауат ашу курстарының қызметіне талдау жүргізсін;

Мерзімі: 30 шілдеге дейін

  1. Діни білім алуға ниеті бар жастар мен жасөспірімдерге отандық діни оқу орындарында оқудың артықшылығы туралы түсіндіру жұмыстарын атқарсын.

Мерзімі: тұрақты

Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:

  1. Тараз қаласы мен аудандардағы мешіттерде орнатылған бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуін тұрақты бақылауға алынып, камералар жадының сақатау мерзімі 1 ай болуын қадағалансын;

Мерзімі: тұрақты

  1. ҚМДБ-ның облыстық өкілдігімен бірлесіп, дәстүрлі емес діни ағымдарға жол бермеу бағытында тиісті түсіндіру жұмыстарды ұйымдастырсын және өңірдегі діни ахуалы күрделі болып табылатын мешіттерде мешіт қызметкерлерінің ғибадат үйлерін қараусыз қалдырмауын қамтамасыз етсін;

Мерзімі: тұрақты

  1. Жергілікті жерлерде мешіт салуға ниетті меценаттар арасында жергілікті азаматтардың сұранысы мен мешіттің қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар құрылыстарды (жол, көпір, мектеп, балабақша және т.б.) салуға бағдарлау бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

Мерзімі: тұрақты

Жамбыл облысы әкімдігі

жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі

Кеңестің төрайымы                                                  С.Құрманбекова

 

Кеңес хатшысы                                                          С.Байбатшаева

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысының

ХАТТАМАСЫ

№ 3

Облысы әкімдігінің мәжіліс залы
  24 қыркүйек, 2019 жыл

сағат 11.30

 Қатысқандар: Кеңес мүшелері (тізім бойынша).

 Шақырылғандар: Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімі басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Тараз қаласы мен аудандардағы діни ахуалды зерделеу қорытындысы туралы

(Ж.Омаров)

  • Облыс әкімдігі дін істері басқармасы басшысының Тараз қаласы мен аудандардағы діни ахуалды зерделеу қорытындысы туралы ақпараты назарға алынсын.

 Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:

1.2. Қала және аудан әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестердің жұмысы жандандырылсын;

Мерзімі: тұрақты

1.3. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы «Діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын экстремистік көзқарасты ұстанушылардың санын 20%-ға азайту» индикаторына сәйкес, 9 айдың қорытындысымен көрсеткіштің орындалуы бақылауға алынсын;

Мерзімі: тоқсан сайын

1.4. 2020 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде дін саласына бөлінетін жобалардың мақсаттылығын және тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік жобалардың тақырыбы, бағыты облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен келісілсін;

Мерзімі: 1 қарашаға дейін

Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігімен бірлесе:

1.5. Тараз қаласы мен аудандардағы мешіттерде бейнебақылау құралдарының тұрақты жұмыс істеулерін қамтамасыз етіп, сақтау жадысы 1 айға жетпейтін мешіттер ғимараттарындағы бейнебақылау құралдарының жадысын 1 айға ұзарту мәселесі пысықталсын;

Мерзімі: 1 қарашаға дейін, кейін тұрақты

1.6. Облыс әкімі А.Мырзахметовтың қатысуымен өткен мәжілістің 2019 жылғы 16 қаңтардағы №1 хаттамасының 7.6-тармағына сәйкес, Тараз қаласы және тиісті аудан әкімдеріне берілген ғимараттары мен жер телімдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының меншігіне өткізілмеген мешіттердің құжаттарын қайта рәсімдеу туралы тапсырмасы бойынша жұмыстары жеделдетілсін;

Мерзімі: тұрақты

 Тараз қаласының әкіміне ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігімен бірлесе:

1.7. Тараз қаласы, Д.Бедный көшесі, №11 мекен-жайындағы ғибадат үйінен тыс жерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайға (намазхана) тұрғындар тарапынан қажеттіліктің болмауына байланысты заң аясында қызметін тоқтату жұмыстары жүргізілсін;

Мерзімі: 1 қарашаға дейін

Облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы Білім басқармасымен және Тараз қаласы мен аудан әкімдерімен бірлесе:

1.8. Жаңа оқу жылында жалпы орта білім беру орындарындағы діни себепке байланысты мектеп формасын сақтамайтын оқушылар мен олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

Мерзімі: тұрақты

 Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы, Тараз қаласы мен аудан әкімдерімен бірлесе:

3.1. Биылғы оқу жылында орта білім беру мекемелеріндегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге 3 күндік оқыту семинарын өткізу мәселесі ұйымдастырылсын;

Мерзімі: 1 қарашаға дейін

  1. «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің облыс аумағындағы филиалдарының деструктивті діни идеологиялардың алдын алу бойынша жұмыстары туралы

(Қ.Жұмағұл)

2.1. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Жамбыл облысындағы өкіл имамының ақпараты назарға алынсын;

ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігі Тараз қаласы мен аудан әкімдерімен бірлесе:

2.2. Облыстағы мешіт имамдарының әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша тиісті шаралар ұйымдастырылсын;

Мерзімі: тұрақты

2.3. Өңірлердегі мешіттерге имамдардың жетіспеушілік мәселесін зерттеп, білікті мамандарды тарту мүмкіндігі қарастырылсын.

Мерзімі: тұрақты

 Жамбыл облысы әкімдігі

жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі

Кеңестің төрайымы                                                        С.Құрманбекова

 

Кеңес хатшысы                                                                С.Байбатшаева

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі Кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ

№4

Облысы әкімдігінің мәжіліс залы
  27 қараша, 2019 жыл

 

Қатысқандар: Кеңес мүшелері (тізім бойынша).

Шақырылғандар: Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары (бейнебайланыс арқылы), салалық басқармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының атқарған жұмыстары туралы

(Б.Налеков)

1.1. Жамбыл облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының ақпараты назарға алынсын.

Облыстық полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы (келісім бойынша) Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен бірлесе:

1.2. Құқық бұзушылық профилактикасын жүргізу бойынша теолог мамандармен бірлесе деструктивті діни ағым өкілдері арасында профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын ұйымдастырып, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын;

Мерзімі: ай сайын

1.3. Шетелдік күмәнді діни оқу орындарында оқитын азаматтарды анықтау және оларды елге қайтару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын;

Мерзімі: тоқсан сайын

1.4. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 489, 490-баптарына сәйкес, діни экстремизмнің алдын алу, заңбұзушылық фактілерді анықтау және жолын кесу бойынша қалалық, аудандық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, заңсыз миссионерлік және діни мазмұндағы әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттардың айналымына тосқауыл қою бағытында жоспарлы жұмыстар атқарып, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын .

Мерзімі: тоқсан сайын

  1. Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы

(С.Берікқожа)

2.1. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы ақпараты назарға алынсын.

Жастар саясаты мәселелері басқармасына:

2.2. Жастардың дәстүрлі емес радикалды діни ағымдардың ықпалына түсуді болдырмау, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін олардың бойында әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу, азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыруға бағытталған шаралар ұйымдастырып, тұрақты түрде жастар арасында теолог мамандардың, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен нақты жұмыстар атқарып, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын;

Мерзімі: жартыжыл сайын

2.3. Жастар арасында интернет желілеріндегі деструктивті діни контенттердің зардабын түсіндіру мақсатында интернет желілерінде қарсы насихаттық жұмыстар жүргізіп, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын;

Мерзімі: тоқсан сайын

 Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, Жастар саясаты мәселелері басқармасына, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына:

2.4. Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында деструктивті діни ағымдардың ықпалында жүрген жастарды қысқа мерзімді курстан өтікзіп, жұмыспен қамтамасыз етсін;

Мерзімі: тұрақты

 Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына:

2.5. Азаматтар арасында деструктивті діни идеологиялардың алдын алу мақсатында түзеу мекемелерінде, орта мектептер мен мектеп-интернаттарда жоғарғы оқу орындары мен арнаулы орта білім беру мекемелерінде, облыс аумағындағы кітапханаларда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында әзірленген ақысыз спектакль қойылымдары мен кино көрсетілімдерін ұйымдастырып, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын.

Мерзімі: 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін

 Дене шынықтыру және спорт басқармасына:

2.6. Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жоғарғы оқу орындарының студенттерін, орта арнаулы білім беру мекемелерінің білімгерлері мен мектеп оқушыларымен спортта жетістікке жеткен белгілі спортшылардың қатысуымен кездесу өткізу тәжірибесін енгізіп, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын.

Мерзімі: жартыжыл сайын

  1. Тараз қаласы мен аудандарда діни ахуалдың жай-күйіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы

(Ж.Омаров)

3.1. Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы басшысының ақпараты назарға алынсын.

Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:

3.2. Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Жуалы және Талас аудандары әкімдіктерімен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің 24.09.2019 жылғы №3 хаттамасының 1.6-тармағымен берілген, облыс әкімінің ҚМДБ-ның меншігіне өткізілмеген мешіттердің құжаттарын қайта рәсімдеу туралы тапсырмасын 2019 жылдың 25 қарашасына дейін аяқтау туралы тапсырмасы толық орындалып бітпегендігі атап өтіліп, жыл аяғына дейін аяқтауды қамтамасыз етсін;

Мерзімі: 25 желтоқсанға дейін

3.3. Тараз қаласы мен аудандардағы мешіттерде бейнебақылау құралдарының тұрақты жұмыс жасауларын қамтамасыз етіп, бейнежазбаларға тұрақты мониторинг жұмысын жүргізіп, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдап отырсын.

Мерзімі: ай сайын

3.4. Заңсыз ғибадат ғимараттарының құрылысына жол бермеу мақсатында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасы және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы өкілдігімен бірлесіп, алдын алу шараларын қабылдасын;

Мерзімі: тоқсан сайын

3.5. Діни қызметшісі жоқ мешіттерді тұрақты кадрмен қамтамасыз ету мәселесін шешсін;

Мерзімі: 25 желтоқсанға дейін

3.6. Облыс әкімі мен қала және аудан әкімдері арасындағы келісімге сәйкес, «Діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын экстремистік көзқарасты ұстанушылардың санын 20%-ға азайту» индикаторы бойынша жыл қорытындысымен көрсеткіштің орындалуын қамтамасыз етіп, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын;

Мерзімі: 25 желтоқсанға дейін

3.7. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және діни алауыздық пен араздықты өршітуге жол бермеуді қалыптастыру мақсатында өңірлердегі мешіттерде түсіндіру жұмыстарын атқарып, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын;

Мерзімі: жыл соңына дейін

3.8. Теолог мамандарды тарта отырып, деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған жастар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастырып, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын.

Мерзімі: тоқсан сайын

 Білім басқармасына:

3.9. Орта білім беру мекемелеріндегі 9-сынып оқушыларына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің және 8-сынып оқушыларына арналған элективті курстың оқыту сапасын тұрақты түрде қадағалап, ақпаратын Дін істері басқармасына жолдасын;

Мерзімі: 2020 жылдың 1 мамырына дейін

3.10. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің «Өрлеу» курсында білімін жетілдіру ісін қадағаласын;

3.11 «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін жүргізетін зейнет жасындағы мұғалімдерді жас мамандармен ауыстыру ісін кезең-кезеңімен жүзеге асырсын;

Мерзімі: оқу жылының аяғына дейін

3.12. Тиісті аудан әкімдіктерімен бірлесіп, «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында елге қайтқан жасөспірімдерді қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу бағытында әлеуметтік және психологиялық көмектер көрсету жұмыстарын атқарсын.

Мерзімі: тұрақты

 Дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығына:

3.13. Облыстағы жалпы орта білім беру орындарындағы «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері мен 9-сынып оқушылары арасында жүргізілген тестілеу нәтижесі бойынша мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын жалғастырсын.

Мерзімі: тұрақты

Дін істері басқармасына:

3.14. 2019 жылы Тараз қаласы мен аудандарда өткізілген діни ахуалға  зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша кемшіліктерге жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізсін.

Мерзімі: 5 желтоқсанға дейін

 Жамбыл облысы әкімдігі

жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі

Кеңестің төрайымы                                                  С.Құрманбекова

 

 Кеңес хатшысы                                                          С.Байбатшаева

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі Кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ

№1

Облыс әкімдігінің мәжіліс залы, 3 қабат
  21 сәуір, 2020 жыл

 

Қатысқандар: Кеңес мүшелері (тізім бойынша).

 Шақырылғандар: Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары (селекторлық байланыс арқылы), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

КҮН ТӘРТІБІ:

Дін саласындағы облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының

2019 жылда атқарған жұмыстары және олардың тиімділігін арттыру жолдары туралы

 (Ж.Омаров)

  • Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы басшысының баяндамасы назарға алынсын;
  • Меркі және Сарысу аудандары әкімдері орынбасарларының қосымша баяндамалары назарға алынсын;

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы:

1.3. Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарымен өткізілген семинарлар (тренингтер), «дөңгелек үстел» отырыстары, кездесулер мен басқа да қоғамдық іс-шараларды БАҚ арқылы, оның ішінде әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға кеңінен таныстыру жұмыстарын жүргізсін;

Мерзімі: 2020 жылдың 1 маусымы

1.4. Ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмыстары бойынша әзірленген әдістемелік-құралдарды Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне жолдасын;

Мерзімі: 2020 жылдың 30 мамырға дейін

Дін проблемаларын зерттеу орталығы:

1.5. Аудандық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтардың жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Басқарма мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының ресурстарымен әр ауданда семинарлар ұйымдастырып, атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты мерзімінде берсін;

Мерзімі: 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін

 Тараз қаласы мен аудан әкімдері:

1.6. Ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмыс жоспарларына өңірлерде тұрғындардың теріс пиғылды және радикалды діни ағымдарға тартылуының алдын алу мақсатында, нысаналы аудиториялармен (жеке кәсіпкерлер, жұмыссыз жастар, сауда орталықтардағы сатушылар және т.б.) жұмыс жүргізу бойынша өзгерістер енгізу, осы бағытта іс-шаралар өткізу.

Мерзімі: әр тоқсанның үшінші айының 25-не дейін

1.7. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын дін мәселелеріне қатысты жобаларға бөлінетін қаржы көлемін арттыру мәселесі қарастырылсын;

Мерзімі: 2020 жылдың сәуір айы

1.8. Өңірдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ҚР АҚДМ ұсынған тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымына сай жүргізілуі міндеттелсін. Атқарылған жұмыстар туралы мерзімінде ақпарат берсін;

Мерзімі: әр тоқсанның үшінші айының 25-не дейін

1.9. Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің желілік кестеге сәйкес іс-шараларға  толық құрамда қатысуы қадағалансын. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат дәлелдеме құжаттарымен қоса дін істері басқармасына мерзімінде жолданылсын

Мерзімі: әр тоқсанның үшінші айының 25-і күні

 «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің облыс аумағындағы өкілдігі:

1.10. Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасымен келісіліп, өзге ұлт өкілдерінен шыққан мешіт қызметкерлеріне жүйелі түрде қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылсын;

Мерзімі: 2020 жылдың 1 тамызына дейін

1.11. Қордай ауданы Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу ауылдарында мешіттердегі уағыз-насихаттардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілуі қадағалансын. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат дін істері басқармасына мерзімінде жолданылсын;

Мерзімі: әр айдың 25-не дейін

1.12. Мешіт имамдарымен ІІІ Республикалық имамдар форуымында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының облыс тұрғындары арасында насихаттау бойынша іс-шаралар өткізіліп, ақпараты облыс әкімдігінің дін істері басқармасына жолданылсын.

Мерзімі: әр айдың 25-не дейін

 Кеңес төрағасы,

облыс әкімінің орынбасары                                          Е.Жылқыбаев

 

Кеңес хатшысы                                                                 С.Байбатшаева

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov