Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 27 қараша күні облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекованың төрағалығымен Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Кеңес мүшелері, облыс әкімдігінің салалық басқарма басшылары, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, діни бірлестік басшылары мен мешіт имамдары және БАҚ тілшілері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша облыстық Полиция департаменті экстремизмге қарсы басқамарасы тарапынан атқарылған жұмыстары туралы Жамбыл облыстық полиция басқармасының экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Б.Налеков, жастар арасында діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. С.Берікқожа, Тараз қаласы мен аудандарда діни ахуалдың жай-күйіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров баяндамалар жасады.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің 2020 жылына арналған жұмыс жоспарын талқыға салып, бекітті.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне және облыс әкімдігінің сала басқармаларына тиісті тапсырмалар беріп, дін саласындағы жұмыстарды қатаң бақылауға алып, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру шараларды күшейтуді тапсырды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov