Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасымен 2020 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар

Басқарма Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес облыс әкімдігі дін істері басқармасының 2020 жылғы 18 наурызындағы №19 бұйрығына сәйкес басқарманың ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы Е.Әскенұлымен 18-20 наурыз күндері аралығында басқарманың ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі, христиан және басқа да діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімдері мен қаржы-шаруашылық қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау нәтижесінде қызмет көрсету барысында заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық көріністері туындамағаны анықталды.

ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ, сондай-ақ қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Есепті мерзім ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 18-ді құрап отыр, олар басқарманың ұйымдастыруымен өткізілген семинарлар, кездесулер.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      Аталған іс-шараларда қамтылғандар саны – 522 адам.

Басқарма діни бірлестіктер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше мән беріп қарайды. Басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытындағы жұмыстарды жүргізуге діни бірлестік өкілдері де қатыстырыла отырып, 2020 жылдың І тоқсанында 2 іс-шара ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 6 наурызы күні облыстық «һибатулла Тарази»   мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев жұма намазына жиналған жамағатқа ислам діні тұрғысынан сыбайлас жемқорлықтың қатері туралы түсіндірді. Жұма намазына жиналған 1500 адам имамның сыбайлас жемқорлыққа қатысты сөздерін тыңдап, діннің бұл зиянды құбылысқа қатысты тыйымдарымен танысты.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бағытындағы іс-шаралар ағымдағы жылдың 6 наурызы күні Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде де өткізіліп, аталған мешіттің наиб имамы Ә.Егізбаев жұма намазына жиналған жамағатқа сыбайлас жемқорлықтың қатері, діннің бұл мәселеге қатысты үкімі туралы түсіндірді. Жұма намазына жиналған 1000 адам имамның сыбайлас жемқорлыққа қатысты сөздерін тыңдап, діннің бұл зиянды құбылысқа қатысты тыйымдарымен танысты.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov