Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенттерімен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, бөлім басшысы Е.Ақбай, Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Жұмекеева «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде дінтану, исламтану мамандықтарында облыс аумағынан білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Басқарма өкілдері дін саласындағы мемлекет саясатын іске асырудың мән-маңызына, басым бағыттарына байланысты ойларымен бөлісті. Мемлекеттің діни тұрақтылығын сақтау, ел азаматтарының діни сауаттылығын арттыру тікелей дін мамандарына байланысты екендігін жеткізіп, студенттерді Жамбыл облысы аумағында дін саласы бойынша қызмет етуге шақыра отырып, өз ұсыныстарын білдірді.

Басқарма өкілдерімен кездесуге 3-4 курс студентері қамтылды. Болашақ дінтанушы студенттер қауымы  көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің

«Дін проблемаларын зерттеу орталығының»

діни экстремизмге қарсы насихат бөлімі

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov