Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің ережесі

Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы
діни бірлестіктермен  байланыстар жөніндегі
Кеңестің 2015 жылғы

« 3 » сәуірдегі шешімімен бекітілді

Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің ережесі

1.Жалпы ережелер
1. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес (әрі қарай -Кеңес) Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ақылдасу-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметінде мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ аймақтық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттеседі.
4.     Кеңес шешімі ұсыныстық сипатқа ие.

2.Кеңестің мақсаты, міндеттері және функциялары

5. Кеңестің мақсаты азаматтардың діни қызметпен айналысу және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу  құқығын қамтамасыз ету, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, рухани келісімді нығайту мен конфессияаралық қатынастарды үйлесімдендіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
6.     Кеңестің негізгі міндеттері:
1) аймақтарда қалыптасып отырған діни ахуалға жан-жақты және шынайы зерделеу, бағамдау және талдау;
2) мемлекеттік органдарды аймақтардағы діни ахуал және діни бірлестіктердің қызмет ету мәселелері бойынша заңнаманы сақтау туралы дер кезінде ақпараттандырып отыру;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар бойынша Кеңеспен тығыз жұмыстар атқару;
4) әртүрлі діни бірлестіктердің өкілдері арасындағы өзара сыйластық пен төзімділікті ары қарай нығайта түсу.
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесідей функцияларды жүзеге асырады:
1) азаматтардың діни қызметпен айналысу және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қолғабыс етеді;
2) діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелерін реттейтін заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;
3) қажеттілік бойынша, аймақтағы діни ахуалды зерттеумен және өңірдегі конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын Эксперттік кеңес құрады. Аталған кеңестің құрамына ғалымдарды, дінтанушыларды, дәстүрлі діннің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін енгізу керек;
4) діни бірлестіктер мен азаматтар тарапынан дін саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттау, консультациялық-тәжірибиелік беру жұмыстарын жүргізеді;
5) деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсететін аймақтық орталықтармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
6) өзінен төменгі жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

3.Кеңес қызметі мен жұмыс тәртібін ұйымдастыру

8. Кеңесті Төраға ретінде Жамбыл облысының әкімі басқарады.
9. Кеңес Төрағасының облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасарынан және облыстық Дін істері басқармасы басшысынан тұратын екі орынбасары болады, ал қалалар мен аудан әкімдіктерінде аумақтық департамент директорларының орнын Ішкі саясат бөлімдерінің басшылары алмастырады.
10. Кеңес мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінен, Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысынан, дәстүрлі конфессиялардың дінбасшыларынан, жоғары оқу орындарының басшыларынан, дінтанушы-ғалымдардан, қоғам қайраткерлерінен, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен құралады.
11. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде іске асырады.
12. Кеңес отырысы әр тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес Төрағасының жеке ұсынысымен немесе Кеңес мүшелерінің үштен бір бөлігінің өтінішімен шақырылады.
13. Кеңес отырысы оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда құқықты деп есептеледі. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқан жалпы мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Дауыстар тең жағдайда Кеңес Төрағасының дауысы шешуші деп танылады.
14. Кеңес мәселелерді пысықтау, отырыстарды дайындау, сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында Кеңес Төрағасы орынбасарларының бірінің басшылығымен жұмыс топтарын құра алады.
15. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіпте келесідей құқыққа ие:
1) Кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұратуға;
2) Кеңес құзырына қатысты жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
3) Кеңес отырыстарына кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыруға;
4) Үкімет жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңеске азаматтардың сенім бостандығы мен діни қызметпен айналысу құқықтарын қамтамасыз етудегі заңнамаларды жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға жол берген діни бірлестіктердің және шетелдік миссионерлердің қызметтеріне тыйым салу мен тоқтатуға қатысты ұсыныстар енгізуге және жолдауға;
5) Кеңес құзырындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысуға;
6)                    Заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.

4.Кеңес қызметін қамтамасыз ету

16. Кеңес Төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерді іске асыруда жалпы қадағалауды іске асырады.
Төраға болмаған жағдайда оның функциялары орынбасарларының біріне жүктеледі.
17. Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жұмыс органы Дін істері басқармасы, ал қалалық және аудандық әкімдіктерде Ішкі саясат бөлімдері болып табылады.
18. Жұмыс органы Кеңес отырысының жұмыстарын ұйымдастырады, отырысқа қажетті құжаттарды дайындайды және  хаттамаларын рәсімдеуді жүзеге асырады.
19. Кеңес құзырына қатысты материалдарды дайындау мақсатында діни саламен айналысатын мекемелерді, білікті мамандар мен ғалымдарды жұмысқа тартыла алады.

5.Кеңес қызмет тоқтату тәртібі

20. Кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдарды құру, оларды тарату тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері негізінде өз қызметін тоқтатады.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov