Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы болып өтті.

 Үстіміздегі жылдың 24 қараша күні облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры А. Наурызбекова «Студенттер арасында діни сауаттылықты қалыптастыру бойынша 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстардың барысы туралы», Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Жаманкөзов «Аймақтағы қалыптасқан діни ахуалдың ерекшеліктері мен туындаған мәселелер туралы» есеп берді. Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ж. Омаров «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» хабарлама жасады. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары күн тәртібіндегі  мәселелерге қатысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov