Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 14 наурызында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы көшпелі түрде Талас ауданы Қаратау қаласында өтті.

Отырысқа Кеңес мүшелері, Тараз қаласы мен аудан ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, Талас ауданы әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті полиция қызметкерлері, аудандық діни бірлестік басшылары мен мешіт имамдары және БАҚ тілшілері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес 2019 жылдың наурыз айында Талас ауданы аумағындағы діни ахуал туралы Талас ауданы әкімінің орынбасары Д.Оспанов, Талас ауданы бойынша дін саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және салдары бойынша атқарған жұмыстары туралы Талас аудандық жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Д.Рысдаулетов, аудан көлеміндегі мешіттердегі діни ахуалдың жай-күйі туралы Қаратау мешітінің бас имамы – Н.Әлиев баяндамалар жасады.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері Талас ауданында дін істері басқармасымен 2019 жылдың наурыз айында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді талқыға салып, олардың шешу жолдарын атап өтті. Сонымен қатар, аудандағы дін саласындағы саясатты дұрыс бағытқа қою бойынша бірнеше нұсқаулық беріп, өз ойларымен бөлісті.

Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне дін саласындағы жұмыстарды қатаң бақылауға алып, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру шараларды күшейтуді тапсырды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov