Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының 2017 жыл ішінде діни қызмет саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша АҚПАРАТЫ

Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының

2017 жыл ішінде діни қызмет саласындағы көрсетілген

мемлекеттік қызметтер бойынша

АҚПАРАТЫ

 

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №113 бұйрығымен бекітілген «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №113 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінде 2017 ж. 11 қыркүйекте №15650 болып тіркелген) негізінде «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (бұдан әрі – Регламент) Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №216 қаулысы бекітілді.

Аталған қаулы Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2017 жылғы 08 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №3574 болып енгізілген және 2017 жылғы 14 қарашадағы облыстық «Ақ жол» және «Знамя труда» газет беттеріне жарияланған.

Сондай-ақ, аталған Регламент облыс әкімдігінің dini.zhambyl.kz, басқарманың dini.adm.zhambyl.gov.kz ресми сайттарына салынған және                 ү.ж. 15 қарашасында ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулы 2017 жылдың                        24 қарашасынан бастап күшіне енді.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №216 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес:

– жеке және заңды тұлғаларға «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;

– заңды тұлғаларға «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) (намазхана, табыну үйі) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»;

– жеке тұлғаларға «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

Аталған қызметтердің 1) түрі тек қағаз түрінде, ал 2) және 3) түрлері баламалы түрде, яғни қағаз және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетіледі.

2017 жыл ішінде діни қызмет саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер төмендегідей:

– «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті негізінде 7 азамат миссионер ретінде тіркеліп, миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі берілді.

– «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) (намазхана, табыну үйі) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті негізінде 12 заңды тұлғаларға келісу-хат берілді.

– «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрі бойынша өтініштер түспеуіне байланысты аталған қызмет көрсетілмеді.

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тегін және тек қағаз нысанында көрсетіледі.

Есепті мерзім ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 12-і, ол басқарманың ұйымдастыруымен өткізілген семинарлар мен газет бетіне шыққан хабарламалар.

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыруға арналған іс-шараларға басқарманың жауапты мамандары әрдайым қатысып отырады.

2017 жыл бойынша дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мерзімдері бұзылған фактілер орын алмаған және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түспеген (қосымша 1).

 

 

Қосымша 1

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Өтініш беруші туралы мәлімет Шағымның мазмұны Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарастырған күні Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov