Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының 2015 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпарат

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы
мекеменің атауы    
2015 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырған іс-шаралар туралы ақпарат

 

Өткізілген іс-шаралар Саны
2015 жылдың 9 айында
(семинарлар, брифингтер, лекциялар, «дөңгелек үстел» отырыстары, акциялар, конференциялар және т.б.) 1. 2015 жылдың 6 мамырда – Егемен еліміз Қазақстан үшін атаулы мерекелердің бірі – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, облыс әкімдігінің дін істері басқармасы облыс аумағындағы діни бірлестіктері басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Конфессияаралық келісім – тұрақтылықтың негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

2. 2015 жылдың 12 тамызында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай, облыс әкімдігінің дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу Орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Конституция – тұрақтылық кепілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.
3. «Қазіргі рухани құндылықтар жүйесіндегі – зайырлылық түсінігі» семинар- кеңесте облыс әкімдігінің дін істері басқармасы және Дін проблемарын зерттеу Орталығы қызметкерлерімен ү.ж. 22 мамырында Қордай ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілеріне жайында дәрістер оқылды.
4. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында Дін істері басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері Тараз қаласы және облыстағы барлық аудандағы мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында 12 дәрістер оқылды.
5. ү.ж. 25 қарашасында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ғимаратында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда азаматтардың құқықтарын қорғау» тақырыбында өткен семинарға облыс аумағындағы дәстүрлі діни бірлестіктер басшылары мен өкілдері сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісіммен таныстырылып, келісімнің міндеттері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту екендігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни бірлестіктерде өткізілетін діни рәсімдерінде, оқылатын уағыздарында халыққа тұрақты түрде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормалары, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері  туралы мешіт және шіркеу келушілеріне айтылып отырады.

телеарнада А.Оразбаев –Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы ү.ж. 7 тамызындаМемлекет басшысының 5 халықтық реформасындағы 1,4 бағыттары бойынша «Қазақстан-Тараз» телеарнасы «тікелей эфирге» шығу барысында жалпы облыстың көрермендеріне ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормалары айтылып, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері туралы айтылып өтті.
радио хабарларда 2015 жылдың 18 кыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы Е.Жақыпов мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында, Тараз қаласы «Ауыл-Береке» және «Орталық базар» сауда орталықтарында саудагерлер мен тұтынушыларға «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері» тақырыбында радиорубкадан ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, жалпы халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері түсіндірілді.
мерзімді баспасөз беттерінде Жамбыл облысы дін проблемаларын зерттеу орталығының директоры Ғани Күзембаев «Бес реформа – ұлт жоспары. Өркендеу жолына үлес қоса береміз» тақырыбында «Ақжол» облыстық газетінің 4.08.2015ж.  №94 жарияланды.
Барлығы 8

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov