Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының 2015 жыл ішінде Діни қызмет саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараты

ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»           2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 бұйрығына (ҚР Әділет Министрлігімен 2015 жылғы 26 мамырда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №11183 болып енгізілген) сәйкес «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №104 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) бекітіліп, Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2015 жылғы 12 маусымда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №2670 болып енгізілген. Аталған қаулы 2015 жылғы 20 маусымдағы облыстық «Ақ жол» және «Знамя труда» газет беттеріне жарияланған.
2015 жыл ішінде діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 18-і құрады. Оның ішінде, «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті негізінде 5 азамат миссионер ретінде тіркеліп, миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктері берілді.
Сонымен қатар, «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті негізінде 13 келісу-хат берілді.
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тегін және тек қағаз нысанында көрсетіледі.
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері облыс әкімдігінің (www.adm.zhambyl.gov.kz) және басқарманың (dini.zhambyl.kz)  ресми сайттарына салынған.
2015 жыл ішінде басқарма тарапынан діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы облыс жұртшылығын хабардар ету мақсатында 13 іс-шара (семинар-тренингтер, кездесулер, түсіндіру жұмыстары) өткізілді.
Басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға жауапты қызметкерлері әрдайым облыс әкімі аппаратында біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысып отырады.
2015 жыл бойынша дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мерзімдері бұзылған фактілер  орын алмаған және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түспеген (қосымша1).

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov