Облыс әкімімен бекітілген әлеуметтік сала бойынша өткізілетін іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес ү.ж. 20 маусымында облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторлары А.Құлымбетов пен А.Сәрсенбаев Жамбыл ауданындағы сауда орталықтары мен халық саны көп шоғырланған құрылыс алаңдары мен аурухана аумағында тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарды кең көлемді ақпараттандыру мақсатында зайырлы мемлекет, деструктивті діни ағымдардың зардабы, еліміздегі деструктивті сипаттағы жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісінің жұмысы туралы флаерлер таратылды.
Флаерлерді тарату барысында азаматтар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.
Нәтижесінде 150 дана ақпараттық – түсіндіру парақшалары таратылды.