«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері мен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған облыстық оқыту семинары өтті

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында өткен мұғалімдердің және ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыру іс-шарасы ү.ж. 28-30 қазан аралығында Шу ауданында жалғасын тапты.

Облыстық дін істері басқармасының міндетін атқарушы С.Байбатшаева кіріспе сөзімен ашқан оқыту семинарында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Құдайберді Бағашар; Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі исламтанушы-магистр Максатбек Каиргалиев сияқты елімізге танымал лекторлар мен психологтар дәріс оқып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тәжірибесімен бөлісті.

         Семинар соңында түрлі пікір алмасулар мен сұрақ жауаптар болып қызу талқыланды. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері аталған семинардан мол ақпараттар алғандарын айтып, семинарда дәріс оқыған лекторларға және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov