Өңірдегі түзеу мекемелерінде карантин талаптарын сақтау мақсатында кездесулерге шектеу қойылып, жазасын өтеушілер мен туыстарының арасындағы байланыс тоқтатылған болатын. Осыған орай, облысымыздағы дінтанушы мамандардың түзеу мекемелеріндегі іс-шаралары онлайн форматқа көшірілді. Атап айтсақ, сотталғандармен Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторлары Skype желісі арқылы онлайн дәрістер жүргізуде.