Тұрғындарды кең көлемді ақпараттандыру мақсатында ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тараз қаласының тұрғындарына зайырлы мемлекет, деструктивті діни ағымдардың зардабы, еліміздегі деструктивті сипаттағы жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісінің жұмысы және «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» жүзеге асыратын жұмыстары туралы флаерлер таратылды. Флаерлерді тарату барысында азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.
