Тікелей эфирде «Тәңірді танудағы талпыныс» онлайн-дәрісі өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемдік әдебиеттің өкілі, ағылшын дінтанушысы Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты еңбегі қазақ тіліне аударылғаны мәлім.

Әлемнің 40-қа жуық тіліне аударылған бұл кітаптың дінді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейтін мамандарға, монотеизмнің мәнін дін философиясы тұрғысынан танығысы келетін оқырмандарға берері мол.

Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Б.Алпысбаев аталған кітаптың аясында «Тәңірді танудағы талпыныс» тақырыбында тікелей эфирде онлайн дәріс жүргізді. Басқарманың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирге облысымыздағы «Дінтану және зайырлылық» пәнінің мұғалімдері қатысып, кітап бойынша туындаған өз сұрақтарына жауап алды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov