Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бас маманы Е.Әскенұлы әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы онлайн дәріс жүргізді.
Қазіргі таңда елімізде деструктивті діни ағымдар салт-дәстүрлерді жоққа шығарып, ата-ананы сыйламауға, оларды күпірлікке айыптап, елдің болашағы жастарға теріс тәлім-тәрбие беруге тырысып бағады.
Осыған орай, дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізетін зардаптары жайында кең көлемде ақпараттар айтылып, желі қолданушыларына құқықтық және діни сауаттылықты жетілдіру бағытында кеңестер берілді.
Онлайн дәріске 700-ден астам интернет қолданушы қатысты.
