Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай атқарылған іс-шаралар

Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында және Қазақстан Республикасы Конституциясына орай жиын өтті

2016 жылдың 29 тамызында Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында және Қазақстан Республикасы Конституциясына орай, облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Дін проблемарын зерттеу Орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Ата Заңым – айбыным» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.
Аталған іс-шараға қатысушыларды модератор – басқарманың бөлім басшысы  А.Оразбаев келе жатқан мерекелерімен құттықтап, «Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы», «Ата Заң мен діннің сабақтастығы»,  «Ата Заңды сыйлау – әр азаматтың борышы» тақырыптарда  бөлім басшысы С.Байбатшаеваға, Орталық басшысының орынбасары А.Сембековаға, дінтанушы Б.Сыздықбаевқа   сөз берді.
«Дөңгелек үстел» отырысы барысында Казақстан Республикасы Конституциясының хронологиялық  тарихы, Заң мен діннің  байланыстылығы және діни мәтіндегі зайырлық принциптері, Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтқаны, тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білдіріп, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгені туралы айтылды.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу» деген сөзін қолдау туралы айтылды.

2016 жылдың 12 қыркүйек күні «Құрбан айт» мейрамына орай қалалық және аудандық орталық мешіттерде мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Д.Жұмабаев уағыз айтып, Құрбан айттың қадір-қасиетін түсіндірді. Содан кейін облыс әкімі К.Көкрекбаев бастаған, мемлекеттік органдардың басшылары және діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтар өкілдерінен құралған топ, мешітке арнайы келіп, тұрғындарды атаулы мерекесімен құттықтады.
Жамағатпен бірге айт намазы оқылып, Құран бағышталып, дұға-тілектер жасалды. Намаздан соң мешіт ауласына құрбан малдары әкелініп, сол жерде құрбандық шалынып, әлеуметтік мұқтаж жандарға қайырымдылық шаралары өткізілді.
Мерекелік шаралар одан ары ұлттық спорт ойындарына ұласты.

Ү.ж. 21 қыркүйегінде облыстың Меркі ауданында орналасқан Рождество Пресвятой Богородицы храмының 120 жылдығының қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов жиналған жергілікті православтық тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Е.Манжуов құттықтау сөзі барысында православиелік бағыттың басқа да дәстүрлі діндермен тығыз қарым-қатынас орнатып, дінаралық және ұлтаралық татулық, патриотизм және азаматтық қоғамының дамуына үлкен үлес қосуына ерекше тоқталып өтті. Жиынға облыстық дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі бөлімінің басшысы С.Байбатшаева, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Қожаева, Меркі ауданы әкімінің орынбасары М.Қасым, аудандық «Меркі Ата» мешітінің бас имамы Б.Қасымәліұлы, этно-мәдени орталықтары мен БАҚ өкілдері қатысты. Ары қарай іс-шара мерекелік дастарханда жалғасты.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 26-27 қыркүйегі күндері Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы облысымызда іссапарда болып, 2 күн бойы Тараз қаласы мен Жамбыл және Шу аудандарында іс-шаралар кешенін өткізді.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы М.Иманбаев, аталған Комитеттің исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Н.Қабылов, Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің қызметкері Б.Жанақов, Оңтүстік Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы бөлімінің басшысы Қ.Ерғазиев және Астана қаласы «Әзірет сұлтан» мешітінің наиб имамы А.Мұқановтар енген ақпараттық-түсіндіру тобы облыс тұрғындары, оның ішінде, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымдары, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, мешіт имамдары мен жамағаттары, жастар мен жасөспірімдер арасында діннің өзекті мәселелерін қозғай отырып, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралар М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Тараз иновационалды-гуманитарлық университетінің және Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері, Тараз қаласының «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, облыстық, қалалық және аудандық АТТ мүшелері, БАҚ тілшілері, «Кеңесхан қажы» мешітінің имамдары мен жамағаты және т.б. мақсатты топтармен кездесулер өткізіліп, 400-ге жуық азаматтар қамтылды.
Сонымен қатар, М.Иманбаев мен А.Мұқанов «Қазақстан Тараз» телеарнасындағы «Бірінші студия» бағдарламасына сұхбат берді.
Сондай-ақ, топ мүшелері «Достар» шұжық цехының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
27 қыркүйекте Жамбыл және Шу аудандарында іс-шаралар аудан тұрғындары мен еңбек ұжымдарына, аудандық мешітінің имамдары мен жамағатына және Жастар орталығында аудан жастары мен жасөспірімдеріне, колледж студенттері мен жоғары сынып оқушыларына өткізілді.
Жалпы, іс-шаралар барысында түсіндіру жұмыстарымен шамамен 2 мыңға жуық адам қамтылды.

2018 жылдың 18 қазанында облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз инновациалық-гуманитарлық университетінде «Рухани келісім күніне» орай, «Діни тұрақтылық – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында жоғары оқу орнының студенттерімен кездесу өтті.
Аталған шараға Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров пен университет ректоры Е.Саурықов, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыс бойынша хатшылығының меңгерушісі М.Қожаева және діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың жетекшілері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы рухани келісімнің маңыздылығын студент жастарға түсіндіріп, «Рухани келісім күні» мерекесін атап өтудің маңыздылығын айтып өтті.

Үстіміздегі жылдың 18 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт кешенінде – «Рухани келісім күніне» арналған діни бірлестіктер арасында спартакиада өткізілді.
Спартакиадада облыс көлеміндегі діни бірлестіктер жанынан құрылған командалар кіші футбол, кір тасын көтеру, қол күрестіру, шахматтан және женіл атлетикадан жүлделі орындар үшін өзара бәсекелеске түсті.
Спартакиада қорытындысы бойынша кір тасын көтеруден жүлделі І орынды А.Аверкин («Источник жизни» діни бірлестігі), ІІ орынды Н.Бақытұлы («Һибатулла Тарази» медресесі), ІІІ орынды М.Голубев («Источник жизни» діни бірлестігі) иеленді.
Шахматтан І орынды Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешіті, ІІ орынды «Вефиль» Елуліктер Толық Інжілінің Христиан шіркеуі» діни бірлестігі, ал ІІІ орынды «Һибатулла Тарази» медресе шәкірттері иеленді.
Қол күресінен І орынды А.Өміркулов, ІІ орынды Т.Кондраченко, ІІІ орынды Қ.Есіркепов өзара бөлісті.
Жеңіл атлетикада ерлер арасында І орынды Ж.Меделбек, ІІ орынды Л.Кан, ІІІ орынды – Е.Узбеков алды.
Қыздар арасында І орынды К.Хегай, ІІ орынды А.Ким иеленді.
Спартакиаданың ең басты ойыны кіші футболдан өткен тартысты бәсекеде жүлделі І орын мен кубокты «Һибатулла Тарази» медресе шәкірттері командасы, ІІ орынды «Һибатулла Тарази» мешетінің жамағаты, ІІІ орынды Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешіті командалары місе тұтты.
Спартакиадаға қатысқан барлық спортшылар мен командалар арнайы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырылған шараларға дән риза болған діни бірлестіктер жетекшілері облыстағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған спартакиада жарыстарын жыл сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдыруды ұсынды.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov