Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері А.Рапилбекова мен Ж.Қадырқұлова Тараз қалалық Кеңесхан қажы мешітінде әйелдер жамағатына Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстандағы ислам» тақырыбы аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында мешіт жамағатына тәуелсіздіктің құндылықтары, қадірі, артықшылықтары кеңінен түсіндірілді. Қазақстанның тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі жай күйі баяндалды. Және де жамағаттың жүрегіндегі отанға деген сүйіспеншлікті арттыру мақсатында отан, туған өлке тақырыптары қозғалып, бейнероликтер көрсетілді.