Тараз қаласының тұрғындарына флаерлер таратылды

Тұрғындарды кең көлемді ақпараттандыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері Тараз қаласының тұрғындарына флаерлер таратты.

2019 жылдың 9-10 сәуірі аралығында Тараз қаласының сауда орталықтарында зайырлы мемлекет, деструктивті діни ағымдардың зардабы, еліміздегі деструктивті сипаттағы жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісінің жұмысы және «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» жүзеге асыратын жұмыстары туралы флаерлер таратылды. Флаерлерді тарату барысында азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар берілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттары» тақырыбында радиорубкадан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov