Т. Рысқұллов ауданындағы діни ахуалға кешенді зерделеу жұмыстары жүргізілді

Т. Рысқұллов ауданындағы діни ахуалды зерделеу, тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында а.ж. қазан айының 1-4 күндері аралығында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы, дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлерінің қатысуымен кешенді жұмыстар атқарылды.

Зерделеу барысында сауда орталықтарына келген аудан тұрғындары, жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айырылған азаматтардың жанұялары, дәстүрлі емес діни ағымдарға бет бұрған азаматтар, олардың туыстары, жеке сұхбаттар өткізіліп, аудан орталығы, барлық ауылдық округтеріндегі ақпараттық-түсіндіру топтардың қызметтері, олардың топ мүшелерімен сұхбаттасу, АТТ жұмыс жоспарының орындалуы қаралды. Тұрғындарға  діни экстремизм және терроризм идеялары таралуының алдын алу мәселелері, жақтаушыларды тарту, сондай-ақ интернет-ресурстар арқылы тарту әдістері мен тактикасы  баяндалып, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының негізгі қағидалары, аймақта діни салада тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының міндеттері, сонымен қатар  дәстүрлі діндердің құндылықтары туралы түсіндірулер берілді. «Оупэн-эйр»  форматтарында ауданның орталық базар және аудандық дүкендерде зайырлы мемлекет, деструктивті діни ағымдардың зардабы, еліміздегі деструктивті сипаттағы жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісінің жұмысы және «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» жүзеге асыратын жұмыстары туралы флаерлер таратылды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov