Облыс әкімі Б.Сапарбаевпен бекітілген әлеуметтік сала бойынша өткізілетін іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес ү.ж. 5 маусымында облыс әкімдігінің дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығы Шу ауданы, Баласағұн ауылдық «Баласағұн» мешітін зерделеп, жағдайымен танысты. Ақсу ауылдық округі әкімі Т.Итекеевпен, мешіт имамы Б.Джаманкеевпен кездесу өткізіліп, кездесу барысында Басқарма басшысы Ж.Омаров пен Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Джумекеева тарапынан мешіттердің ҚМДБ меншігінде болуының өзектілігі, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттілігі жөнінде жеткізілді.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Басқарма басшысы Ж.Омаровқа және Орталық басшысы К.Джумекееваға мешітті ҚМДБ меншігіне өткізу ісіндегі құқықтық реттіліктер турасында сауал жолдап, жауаптарын алды.