Рухани келісім күніне орай «Біргеміз – берік іргеміз!» тақырыбында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды.

2020 жылдың 16 қазанында облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен Рухани келісім күніне орай «Біргеміз – берік іргеміз!» тақырыбында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған шаралар «Жастар қабілет орталығы» ғимаратында өңірде қызмет атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни конфессиялардың, этно-мәдени бірлестіктердің, БАҚ-ның өкілдерімен мемлекеттік тұрақтылықты сақтаудағы рухани келісімнің маңыздылығы, «Рухани келісім күні» мерекесін атап өтудің мәнділігі жайлы «TEDх Talks» форматында сұхбаттармен пікір алмасумен басталды.


Жиынға қатысушыларымен Қазақстан Республикасы – әрбір азаматтың өз пікір еркіндігін құрметтейтін, олардың діни сенім бостандығына қарамастан азаматтардың тең құқылығына кепілдік беретін, Казақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін діннің мәдени және тарихи құндылығын танитын әрі конфессияаралық келісімнің маңыздылығын, діни төзімділік пен діни көзқарасын құрметтейтін мемлекет екенің айтылды.


Өңірімізде конфессияарлық, этникааралық келісімді нығайтуға ат салысқан кездесуге келушілер алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, жиынға қатысушыларды Қазақстан тарихы мен мәдениетін таныстыру мақсатында, облыс діни бірлестіктерінің басшыларына Тараз қаласында орналасқан тарихи орындар мен мұражайларға экскурсия ұйымдастырды.
Қатысушылар «Төрткөл» тарихи кешені , «Шахристан» кешенінің мұражайы, «Тектұрмас» тарихи кешені барды.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov