Жергілікті тұрғындар арасында таралып жатқан дәстүрлі емес діни ағымдардың қазақстандық қоғам үшін, бірінші кезекте жастар үшін қауіпін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 19 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері А.Сәрсенбаев Т.Рысқұлов ауданы Құлан орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар назарына жастардың қоғамдағы рөлі, еліміздегі экстремистік деп танылған ұйымдардың келбетін, мақсатын және аталған ағымдардың жетегінде кетпеу амалдары туралы баяндалды. Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни ұйымдар туралы слайдпен көрсетілді. Дәстүр мен діннің үндестігі мен маңыздылығы туралы түсіндірілді. Жат пиғылды діни ағымдардың төзімсіздік қасиетінің салдарынан еліміздің тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіретіні баяндалып, іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.