«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлімі Ағымдағы басылым Ұсынылатын басылым Негіздемесі

 

 

1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі

 

1. 156-баптың

1-бөлігі

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу.

1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егілуге құқылы.

156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу.

1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егілуге құқылы.

Кәмелетке толмаған баланың (балалардың) ата-ана немесе оның заңды өкілдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіппен инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық шараларды қолдануға міндетті.

Қазақстанда азаматтардың екпеден бас тартуы дәстүрлі емес діни ұстанымдар салдарынан болу өзекті мәселеге айналып отыр. Санитарлы-эпидемиология саласында құзыретті мемлекеттік органдар тұрғындар игілігі және оның аймақтық органдарымен екпеден бас тарту себептері жөнінде мониторинг жүргізілді.

2016 жылы Қазақстан Республикасында екпеден бас тартқан 9685 адам тіркелген, 2015 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 13,4% (8383) өсіп отыр. Бас тартудың себептері жеке ұстаным 45% (4360) және діни ұстаным 42,9% (4151), бұқаралық ақпарат құралдарының БАҚ) (ғаламтор ресурстары, баспасөз, ТВ) негативті ақпараттарының әсерінен 6,2% (600) тұлға екпеден бас тартса, екпеге сенімсіздік таныту себебінен 6,1% (589) бас тартқан.

Діни ұстаным себебінен бас тарту басымдылығы Қазақстанның батыс өңірлерінде өзекті болып отыр. Аталмыш мәселе бойынша бас тарту көрсеткіші 80% жоғары болып отыр. Соның ішінде Атырау облысында – 88,9%, Ақтөбе облысында – 87,9%, Батыс Қазақстан облысында – 89,3%.

Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша екпе екпеудің салдары мынадай (РФ 1998 жылғы                       17 қыркүйегіндегі Федералды заңнамасы           5-бабының №157 қаулысында «инфекциялық ауруларды иммундық алдын алу туралы».

1. Халықаралық медико-санитарлық ережелер немесе Ресей Федерациясының халықаралық келісімдеріне сәйкес азаматтарды елден шығу үшін арнайы екпе егуді талап етеді.

2. Жаппай инфекциялық аурулардың немесе эпидемия қаупі туу жағдайында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылады.

3. Инфекциялық ауруларға шалдығу қаупі жоғары жерлерде азаматтарды аталмыш жұмысқа қабылдаудан бас тартады.

Ресей Федерациясы үкіметі атқарушы федералды органның құзыреттілігімен инфекциялық ауруға шалдығу қаупі жоғары жұмыс орындарында жұмысшыларға екпе егуді міндетті түрде талап ету бекітілген. Заңда көрсетілгендей, екпесіз баланы немесе ересек адамды бала-бақшаға, ал жұмысшыны – жұмыс орнына дейін өткізбеуі мүмкін, себебі эпидемиологиялық жағдай – қауіпсіз емес. Жалпылай айтқанда, Роспотребнадзор қандай да бір эпидемия қаупі жариялағанда немесе карантинге өтуді хабарлағанда, егілмеген балалар мен ересектер ұжымдарға өтпейді.

 

2. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі

2. 2-бабтың

3-бөлігінің төртінші абзацы

2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері

1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:

1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;

2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;

5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;

6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді.

3. Тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады.

Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.

Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.

4. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) кезінде және отбасылық қатынастарда шығу тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, нәсiлі, ұлты, тiлі немесе діни көзқарасы немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.

Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және бұл тек конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада шектелуi мүмкiн.

2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері

Тіркеуші органның тарапынан берілген некені (ерлі-зайыптылық) қию немесе тоқтату туралы куәлік ұсынылмаған жағдайда діни рәсімдер мен жоралар бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтатуға жол берілмейді.

 

 

 

Әділет министрлігінің соңғы 10 жылдағы статистикасы негізінде елімізде діни жоралар мен рәсімдер бойынша 30 мыңнан аса неке (ерлі-зайыптылық) қиылған!

Бұл туралы жақында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Г.Әбдіхалықова «Зерттеулер аясында… ұмытылған құбылыстар анықталды, ол әсіресе жасөспірім қыздар арасындағы мәжбүрлі неке мәселесі. Қазақстанда 15-18 жас аралығындағы қыздардың            5 пайызға жуығы тұрмыс құрған. Қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатынына қарамастан көбісі еріксіз түрде некелескен. Мұндай қыздардың көпшілігі Ақмола, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі. Ерте тұрмыс құрудың зияны: олар қыздарды балалығынан айырады, дамуына кедергі келтіреді, білім алуына, денсаулығына қауіп келтіреді. Сонымен қатар бұл ерте әрі қалаусыз жүктілікке және суицид әрекеттеріне әкеліп соғады. Өкінішке орай Қазақстан, Литва мен Кореядан кейін суицид жөнінен жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр».

Сондықтан жоғарыда айтып өткен отбасылар заңды ресми түрде тіркелмеген.

Кәмелетке толмаған тұлғамен немесе өзге де тұлғалармен заңсыз некелесу дәстүрлі емес деструктивті діни ағым өкілдері арасында жиі орын алады.

Өткен жылдың қазан айында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетіне түскен хатта  Омарғазин Самат Семей қаласындағы «Тас Мешіт» мешітінің қызметкерлерінің оның (17 жастағы)  қызына қатысты «неке қию» рәсімін өткізгенін айтқан. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 10-баптың 5 бөлігі бұзылуы, кәмелетке толмаған неке жасына жетпеген тұлғаның ата-анасының жазбаша рұқсатынсыз рәсім өткізгенін мәлімдеген.

Осыған орай аталмыш норманы заңнамалық деңгейде енгізу азаматтардың құқықтарын сақтауда қажет болып және ҚМДБ ресми ұстанымына қайшы болмайды.

 

3. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі

 

3. 156-баптың

3-бөлігі

156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:

1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау және көпшiлiкке демонстрациялау;

2) көрермендерді фильм көрерменінің жас шегі (индексі) туралы белгiленген тәртіппен хабардар етпеу;

3) «Е 18» және «НА» индекстері бар фильмдерді кинозалдарда және осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда және телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) прокаттау және көпшілікке демонстрациялау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;

4) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібін және шарттарын сақтамау;

5) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық –

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

3. Қоғамдық орындарда деструктивтік идеологиялық ағымдарға қатыстылықты көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім үлгілерін қолдану (киіп жүру) және тарату,

– жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Деструктивті идеологиялық ағымдарға қатыстылықты анықтайтын сыртқы келбетке қатысты тыйымдарды бұзушылықты  жауапкершілікке тарту мақсатын анықтауда ҚР «Мәдениет туралы» Заңының 11-бабы 3-тармағына жаңа 5) тармақшаның енуі айқындайды.

Айыппұл санкциясы жүзеге асушы санкция төңірегінде бекітіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңында қарастырылған.

4. 430-1-бап 430-1-бап.

Жоқ

430-1-бап. Кәмелетке толмаған балаларды инфекциялық және паразиттік ауруларда алдын алудан жалтару

Кәмелетке толмаған баланың (балалардың) ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алудан жалтаруы,

– он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға алып келеді.

Аталмыш бап бойынша ата-ана немесе оның орнын басатын жауапты тұлғалар балаларды инфекциялық және паразитттік ауруларға қарсы екпе егуден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айыппұл санкциясы ҚР ӘҚБК жүзеге асып жатқан санкция төңірегінде қарастырылған. Аталмыш норма құқықтық жауапкершілікке тартуды талап етеді. Оның жоқ болу себептерінен қолдағы заңнама нормаларына жүгіндік.

5. 490-бап 490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:

1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстар өткізуге;

2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, басып шығаруға, және (немесе) таратуға;

4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу

– қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,

– жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайтатіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы – Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы – қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысу, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы – қызметті үш ай мерзімге тоқтата отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру – лауазымды – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарды бұзу:

1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстар өткізу;

2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;

3) діни мазмұндағы діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, басып шығару, және (немесе) тарату;

4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту);

5) рухани (діни) білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде діни ілімді үйрету,

қызметін үш ай мерзімге уақытша тоқтату немесе қызметіне тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, заңды тұлғаларға – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін немесе атеистік нанымдарын қорлау не қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, діни радикализмнің көріністеріне жол беру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,

– жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – екі жүз, лауазымды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

3. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысын алмаған діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімдерін таратуы,

– Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

 

 

 

 

 

4. Діни бірлестіктің өзінің жарғысында көрсетілмеген қызметті жүзеге асыруы,

– қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы,

– қызметті үш ай мерзімге тоқтата отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

 

6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдасқан құрылымдарын құру,

– лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Уәкілетті органмен келіспей діни бірлестікті шетелдік діни орталық тағайындаған тұлғаның басқаруы,

  Қазақстан Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, шетелдіктерге және (немесе) азаматтығы жоқ тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

 

 

 

 

8. Діни бірлестік басшысының кәмелетке толмағандарды ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімінсіз немесе ата-анасының біреуінің немесе олардың заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қабылдамауы,

– қызметті үш ай мерзімге тоқтата отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік мемлекеттерде рухани (діни) білім алу бойынша көрсетілген тәртібіндегі заңнамасының талаптарын бұзу, –

жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Діни бірлестіктердің ішкі тәртіп сақтау бойынша заңнама талаптарын бұзу,

– жеке тұлғаларға елу, заңды тұлғаларға – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Қоғамдық орындарда тұлғаның келбетін тануға кедергі келтіретін киім нысандарын қию бойынша заңнама талаптарын бұзу,

– жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

12. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалған әрекеттер (әрекетсіздік),

– жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға үш жүз, заңды тұлғаларға қызметіне тыйым салына отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңнамасында (бұдан әрі – Заң) «ақпаратты материалдар», «ақпараттық материалдар» сөздері кездеседі. Бірақ,  ҚР ӘҚБК 490-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында «материалдар» деген сөз қолданылады. Осыған орай, аталмыш баптың бірінші бөлігінің 3-тармағын «ақпараттық» деген сөзімен толықтыру ұсынылады.

Заңның 6 және 9-баптармен сәйкестендіріле отырып, «баспа» сөзі алынып тасталынды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБК 490-баптың      1-бөлігі 5) тармақшамен толықтырылды.  Аталмыш норма «шет тілі курстары» қызметін бақылауға бағытталған. Себебі кей жағдайда оның астарында деструктивтік идеология таралады. Өзбекстан Республикасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 241-бабына сәйкес арнайы діни білім беру мамандығынсыз және орталық діни ұйымдар органының рұқсатынсыз діни сенім бойынша білім беруге он мен он бес минималды жалақы мөлшерінде айыппұл салынады немесе он бес күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.

Өзбекстанның Наманган облысы әкімдігі «Чаткал» демалыс орнында азаматтар ем алып және ислам туралы дәрістер тыңдаған. «Саидджалалходжа» мешітінің имам-хатибі 44 жастағы Ахмаджон Эшматов, Пап ауданының Чодак кишлагында қажетті рұқсат пен лицензиясыз уағыз оқығаны үшін жоғарыда Өзбекстан Республикасы кодексінің әкімшілік жауапкершілігіне сәйкес 10 ең төмен жалақы мөлшерінде айыппұл салынған (шамамен 230 АҚШ доллары аясында).

Тәжікстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  474(3)-бабына сәйкес мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби бастауыш, кәсіби орта және жоғары кәсіби білім беру діни ұйым қызметіне уағыздау және ағартушылық жұмыстарын жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Сонымен қоса, тұрғын үйлерде отыздан қырыққа дейінгі көлемде есептік айыппұл салынады.

ҚР ӘҚБК 490-бабының 1-бөлігінде қарастырылғандай діни жоралар мен рәсімдер немесе жиналыстарды өткізу, қайырымдылық қызметті атқару, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және таратуға, ғибадат үйлерін (ғимараттарды) салуға, (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуде) жеке тұлғалар үшін айыппұлды         100 АЕК мөлшеріне дейін көтеру (ескі басылымда – 50 АЕК), заңды тұлғаларға 300 АЕК дейін (ескі басылымда – 200 АЕК).

Аталмыш заңнамаға дін қызметі саласында айыппұл санкциялары бөлігіне өзгеріс енгізу, сонымен қатар тәртіп бұзушылық санын азайтуға ықпалын тигізеді.

Кодексінің 2-бөлігі 1996 жылғы                              16 желтоқсанындағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің         18-бабы бойынша 27.09.1993 ж. БҰҰ №22 (48) Адам құқықтары комитетінің ортақ тәртіптік ескертулерінің 2-тармағымен сәйкестендірілген.

Көбінде тәжірибеде азаматтар, діни жораларды толықтай орындамайтындар немесе атеисттер, «дінсіз», «күнәһар» деп айыпталады, бұл діни төзімсіздік болып танылады.

Діни радикализация себебінің бірі азаматтардың дінсіз деп айыпталуынан, діннен адасу және діни жораларды орындамауында айыпталуы үрей туғызады.

Аталмыш қосымшаның енгізілуі сенім бостандығы соның ішінде өзін ешбір дінге қатыстырмау еркіндік кепілдігі көптеген батыстық елдердің тәжірибесінде кездеседі.

Әлемдік тәжірибеде дін таңдауда немесе атеисттік көзқарасты ұстануға еркіндік берілген.

490 баптың 7 және 8-бөліктерінде заңның баспа техникасын сақтау және жақсартуға мақсатталған.

Рухани (діни) білім беруіндегі тәртіптердің бұзылуы Қазақстандық студенттердің шет елде радикалды жат діни ағымдардың қатарына түсу факторының орнауын көрсетіп отыр. Аталмыш норма шет елде ЖОО  заңсыз түрде діни білім алуға ұмтылған тұлғаларға өз әсерін тигізіп ойынан айнуға септігін тигізеті. Заң жобасында 7-1-бабында діни бірлестіктер ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс атқарады. Сонымен қатар, осы бабымен  оның бұзылмауы бойынша талаптары қарастырылады.

Осыған сәйкес діни ұйымдар ішкі талаптарының орындалу жөнінде норма қабылданып, бұзған жағдайда жауапқа тартылады.

Заңнама жобасында қоғамдық орындарда тұлғаны тану мақсатында киім кию үлгісі нормаларындағы шектеу бойынша Заңның 3-бабын 19-тармақпен толтыруды ұсынылады. Осыған орай норманы бұзу жауапкершілікке тартылады.

ҚР ӘҚБК 490 бабының бөлімдеріне сәйкес айыппұлдық санкциялар ағымдағы санкциялар төңірегінде бекітілген. Аталмыш норма құқықтық жауапкершілік  нормаларына тарту талап етіледі. Оның болмау себептерінен ағымдағы заңнамаға негізделдік.

6. 491-1-бап. Жоқ. 491-1 бап. Діни рәсімдер мен жоралар бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату барысында Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңнамасын бұзу

Діни рәсімдер мен жоралар бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату барысында Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңнамасын бұзу.

– жеке тұлғаларға бір жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Діни жоралар мен рәсімдер арқылы некеге тұру мен оны тоқтатуда ескерілетін арнайы құжаттың болмауы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы толықтырулар енгізілді. Әкімшілік жауапкершілікке діни қызметкерлер және ерлі-зайыптылар тартылады.

Дәстүрлі емес діни топтардың арасында заңсыз түрдегі діни рәсім – некеге тұру сияқты рәсім арқылы өтеді. Бұл өз кезегінде некенің бір жақты тараптан бұзылуының көрінісін топтардан байқай аламыз. Олардың жауапкершіліктен жалтаруы  (жетімдердің көбеюі, ажырасқан әйелдердің алиментсіз күн көруіне) байқалып отыр.

Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңнамасының бұзылуы айыппұлдық санкциялар мөлшерін бекітуде діни жоралар мен рәсімдер арқылы некеге тұру мен оны тоқтату санкцияның назарына алынып, аталмыш заңнамамен қарастырылған.

7. 701-баптың

бірінші абзацы

 

701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203, 324, 327, 344, 351, 358, 408-1, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 430 (бірінші бөлігінде), 431, 464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші бөліктерінде), 637 (он екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203, 324, 327, 344, 351, 358, 408-1, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 430 (бірінші бөлігінде),           430-1, 431, 464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші бөліктерінде), 637 (он екінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Заң жобасының нормалары ата-аналары немесе оның орнын басатын жауапты тұлғалар балалардың инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу үшін шаралар қолданылуы ұсынылады.

Осыған байланысты, осы санаттағы істерді шешу үшін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган құзыретін көздейтін норма енгізіледі.

8. 729-баптың

1-бөлігі

729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 156 (үшінші бөлімі), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1,                       491-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Деструктивті идеологиялық ағымдағы тұлғаның  көзқарасын білдіретін сыртқы белгілеріне байланысты бұзушылықтың орын алуын анықтап жаза қолдану мақсатында ведомстволық іске қарасты  бағыныштылығын анықтау.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБК 491-1-бабы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның құзыретін көздейтін норма енгізіледі.

9. 804-баптың

1-бөлігінің

1) тармақшасы

 

804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160(екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), …

804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160(екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 490 (бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалар, екінші, үшінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері),

Заңсыз миссионерлік қызметке байланысты қолданыстағы әкімшілік құқық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама Алматы және Астана қаласының Дін істері басқармасы бойынша әкімшілігінің қызметкерлері тарапынан жасалады.

Сонымен бірге, аудандық деңгейде мұндай басқарманың жоқтығы шалғай аудандарда және елді мекендерде қолданыстағы заңды бұзу фактісі бойынша уақытылы материалдар жинауға және әкімшілік хаттама толтыруға белгілі бір қиындықтар туғызады.

Осыған орай, ӘҚБТК 1-бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын, 2, 3, 8-12-бөліктерін бұзу  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру бойынша ішкі істер органдарын өкілеттілікке бөлу ұсынылады. Бұл өз кезегінде діни қызмет саласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жергілікті полиция органдарын барынша тартуға мүмкіндік береді.

 

 

10. 804-баптың

1-бөлігінің

55) тармақшасы

804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);

804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:

55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және он екінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);

ҚР ӘҚБК баптарының келісу үшін
 

4. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексі

 

11. 16-баптың

1-бөлігінің

19) тармақшасы

 

16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті

1. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган:

1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларын;

2) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын;

3) пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;

4) сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын;

5) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын;

6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарын пайдалану қағидаларын;

7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын;

8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын;

9) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын;

10) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты;

11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру тәртібін;

12) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын;

13) қылмыстық-атқару жүйесінің сотталған әйелдер, кәмелетке толмағандар жазасын өтеуге арналған органдары мен мекемелерінің және толық қауіпсіз режиміндегі мекемелердің күзетін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты;

14) қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын;

15) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені;

16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын;

17) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені;

18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекітеді.

16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті

1. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган:

19) діни қызмет және ұлттық қауіпсіздік саласында уәкілетті органдарымен келісе отырып, дін мәселелері бойынша мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізудің қағидасын бекітеді.

 

Елбасының 2017 ж. 31-қаңтарындағы жолдауына сәйкес:

«Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс.».

«Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет».

«Осы шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы  әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс.»

Мемлекеттік бағдарламаның жобасы «қылмыстық-атқару мекеменің жүйесіндегі сотталған адамдарды қамту, радикалдық идеологияға және дерадикализацияға бағытталған иммунитет қалыптастыру үшін ақпараттық-түсіндіру және қарсы үгіт-насихат жұмыстары» қарастырылған.

Қазіргі уақытта ҚАЖ мекемесінде бар штаттық санының арқасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі тобы құрылды.

Аталмыш жұмысты іске асыру үшін  құқықтық регламент жоқ.

Жалпы айтқанда, а.ж. 6 ай ішінде теологтар, дінтанушылар, ҚМДБ өкілдері тарапынан ҚАЖ мекемелерінде 1,5 мың рет келуімен бірге 1,5 мың рет ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылған.

 

5.  Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

 

12. 4-баптың

5-тармақтың

2-1) тармақшасы

4-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол:

1) мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіреді;

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және террористік қатерлерді бейтараптандыруға дайын болу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруын бақылауды жүзеге асырады;

3) өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

4) Қазақстан Республикасының Президентіне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қолданылатын шаралар туралы жыл сайынғы баяндаманы ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін және Үкіметін террористік қатерлер туралы ағымдағы хабардар етуді жүзеге асырады;

5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығуларды өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалуы деңгейінің артуына ықпал етеді;

6) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіру осы органдардың өзара іс-қимылына қол жеткізу, өзара ақпарат алмасу және ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін олардың іс-әрекеттерінің келісілуі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шешімдерін іске асыру үшін аталған органдардың нормативтік құқықтық және құқықтық актілері шығарылуы мүмкін.

Қызметті үйлестіруді:

терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының шеңберінде ұлттық қауіпсіздік органдары;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жанынан құрылатын терроризмге қарсы комиссиялар шеңберінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері жүзеге асырады.

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен барады немесе жіберіледі.

Мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен баруының немесе оларды жіберудің тәртібі Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде айқындалады.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені және терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереженің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері терроризмге қарсы комиссиялар туралы ережелерді бекітеді.

4-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол: …

2-1) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетінің тиімділік бағасын береді, сонымен қатар бағалауды жүргізудің әдістемесін әзірлейді және бекітеді, олардың әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан жерінде ұйымдастырылған терактардың талдауы соның бәрі радикалды діни идеяларды қолданылып жасалғанын көрсетеді.

Діни ахуалды жақсарту мақсатында азаматтардың діни сезімдерін қорлауына және әлеуметтік, ұлттық, рулық және  діни алауыздықты қоздырғаны пайда болуына бағытталған қасақана іс-әрекеттермен байланысты теріс көріністердің және барлық түрлері мен формаларында радикалды діни көзқарастарды білдіруінің ықпалды алдын алуды өткізу керек.

Деструктивті діни ағымдардың идеологтар мен дінге үгіттеушілердің іс-әрекетін бейтараптандыру аясында уәкілетті мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы, әсіресе интернет-ресурстарындағы экстремисттік діни идеологияның таралуын шектейтін реттеуі қажет.

Аталмыш іс-шаралар толық көлемінде және сапалы түрде жүзеге асырылуы керек. Осымен орай орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау маңызды қажеттілігі бар. Оның еңгізуі алдын алу іс-әрекеттердің жүйесін, сонымен қатар діни сала мәселелері жөніндегі қалыптастыруына жол ашады.

Орталық және жергілікті мемлекеттік діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалауды «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдарында бекітілген белгілі құзыреттер мен қызметтердің негізінде жүзеге асырылуы керек.

Осы заңнамалық норманың жүзеге асыруы мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын арттырады және діни саласында жағдайды жақсарту және тұрақтандыру жөніндегі одан да тиімді іс-шараларды қабылдауына және өндіруіне жол ашады.

 

6. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы

 

13. 31-баптың

1-тармағының 30)-33) тармақшалары

31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті

1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) алынып тасталды – ҚР 2008.12.04   № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;

1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етедi;

1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;

1-4) алып тасталды – ҚР 02.07.2014    № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

1-5) алынып тасталды – ҚР 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;

1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;

1-8) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;

1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

2-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;

2-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;

3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

4-1) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;

4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекітеді;

5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;

7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;

9) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;

12) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;

12-1) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;

12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;

12-5) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;

12-6) алып тасталды – ҚР 2011.07.22  № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

12-7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

12-8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;

13) алып тасталды – ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

14-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару саласындағы қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

14-2) алып тасталды – ҚР 03.07.2013    № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;

15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;

16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;

17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;

17-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;

18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

19) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;

20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;

21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;

22) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;

23) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

23-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;

25) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

26) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;

27) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

27) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

28) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

29) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.

31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті

1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

30) өңірдегі діни ахуалға зерттеу және талдау жүргізеді;

31) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделейді және талдау жүргiзедi;

32) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын орындауы бойынша діни білестіктердің қызметіне бақылау жасайды, анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсыныстар енгізеді;

33) діни ғибадат үйінің (ғимараттың) құрылысына, оның орналасқан жерін анықтауға, құрылысқа арналған жер телімін бөлуге, сондай-ақ діни ғимарттарға қайта бейіндеуіне заңды түрде тіркелген діни бірлестіктің басшысымен қол қойылған анықтама-негіздеме алғаннан кейін және осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша рұқсат береді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни іс-әрекет пен діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік мәселелері жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары, әсіресе облыстардың, Астана мен Алматы ққ. әкімдіктері өңірде діни ахуалдың зерттеу мен талдауын өткізеді, сонымен қатар өңірде жұмыс атқарып жатқан діни бірлестіктердің, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдардың іс-әрекетін зерттейді және талдайды.

Сонымен қатар, аудандық деңгейде осындай бөлімшелері жоқ болғандығы діни ахуалдың талдау, қажетті ақпарат жинауға қиындықтар туғыздырады. Сонымен бірге кейбір аудандар мен ауылдардың алыстығын еске алу керек.

Осымен орай аудандық әкімдікке (облыстық маңызы бар қала) діни қызмет  саласында тиісті жұмыс өткізу, сондай-ақ діни бірлестіктердің іс-әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау жөніндегі құзыреті үйлестіріп беру ұсынылады.

Бұдан басқа құрылыс сұрақтарды реттеу мен ғимараттарды діни ғимарарттарға қайта беімдеу, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне сәйкес жер учаскесін бөлу мақсатында қоғамдық тыңдау нәтижелері мен заңды түрде тіркелген діни бірлестігінің басшысымен қол қойылған негіздеме (аңықтама түрінде) бойынша аталған іс-шараларды жүзеге асыру керек.

Рұқсат беру құжаттарсыз, діни ғимараттың құрылысының жөнінде жергілікті халықтың пікірін және кейінгі ұстау мүмкіндіктерін талдауын еске алусыз  құрылыстардың бар екені фактілері аңықталған.

Бұдан басқа, көбінесе нақты елді мекеннің тұрғындарының ұлттық құрам және жалпы саны жайлы мәліметтердің талдауы жоқ.

Осы заңнамалық норманың еңгізуі діни ғибадат үйінің (ғимараттардың) қажеттілігі еместігін және әрекетсіздігін жоққа шығарады.

14. 35-баптың

1-тармағының 25), 26) тармақшалары

35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті

1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

10-1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

12-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

12-9) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

12-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

24) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.

35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті

1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

25) өңірдегі діни ахуалға зерттеу және талдау жүргізеді;

26) өңірде жұмыс жасап тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни іс-әрекет пен діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік мәселелері жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары, әсіресе облыстардың, Астана мен Алматы ққ. әкімдіктері өңірде діни ахуалдың зерттеу мен талдауын өткізеді, сонымен қатар өңірде жұмыс атқарып жатқан діни бірлестіктердің, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдардың іс-әрекетін зерттейді және талдайды.

Сонымен қатар, аудандық деңгейде осындай бөлімшелері жоқ болғандығы діни ахуалдың талдау, қажетті ақпарат жинауға қиындықтар туғыздырады. Сонымен бірге кейбір аудандар мен ауылдардың алыстығын еске алу керек.

Осымен орай қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерге діни қызмет  саласында тиісті жұмыс өткізу, сондай-ақ діни бірлестіктердің іс-әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау жөніндегі құзыреті үйлестіріп беру ұсынылады.

 

7. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы

 

15. 35-баптың

2-тармағы

35-бап. Бала және дiн

2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.

35-бап. Бала және дiн

2. Кәмелеттiк жасқа толмаған, рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алып жатқан тұлғалардан басқа балаларға қатысты құдайға құлшылық ету, дiни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар екі ата-анасының қағаз түріндегі келісімімен және (немесе) ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің біреуінің жанында болуымен жасалады.

Заңның 3-бабының 16-тармағына сәйкестендіру үшін.
 

8. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңы

16. 6-баптың

6-1-тармағы

6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

Жоқ

6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

6-1. Жарнамада деструктивтік идеологиялық ағымдарға жататын сыртқы атрибуттарды бейнелейтін киім нысандарын, сыртқы атрибуттарын қолдануға тыйым салынады.

Деструктивті діни ағымдарға жататын сыртқы көріністерге заңды түрде тыйым салу мақсатында.
 

9. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңы

 

17. 6-баптың

4) тармақшасы

6-бап. Мемлекеттiк органдардың экстремизмнiң алдын алу саласындағы құзыреті

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары жедел-iздестiру, қарсы барлау iс-шараларын жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдардың уәждi қорытындылары бойынша өздерiнiң әрекеттерiмен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiне жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

6-бап. Мемлекеттiк органдардың экстремизмнiң алдын алу саласындағы құзыреті

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары жедел-iздестiру, қарсы барлау iс-шараларын жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдардың уәждi қорытындылары бойынша өздерiнiң әрекеттерiмен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiне жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетінің тиімділік бағасын береді, сонымен қатар бағалауды жүргізудің әдістемесін әзірлейді және бекітеді, олардың әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

 

 

 

Діни ахуалды жақсарту мақсатында азаматтардың діни сезімдерін қорлауына және әлеуметтік, ұлттық, рулық және  діни алауыздықты қоздырғаны пайда болуына бағытталған қасақана іс-әрекеттермен байланысты теріс көріністердің және барлық түрлері мен формаларында радикалды діни көзқарастарды білдіруінің ықпалды алдын алуды өткізу керек.

Деструктивті діни ағымдардың идеологтар мен дінге үгіттеушілердің іс-әрекетін бейтараптандыру аясында уәкілетті мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы, әсіресе интернет-ресурстарындағы экстремисттік діни идеологияның таралуын шектейтін реттеуі қажет.

Аталмыш іс-шаралар толық көлемінде және сапалы түрде жүзеге асырылуы керек. Осымен орай орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау маңызды қажеттілігі бар. Оның еңгізуі алдын алу іс-әрекеттердің жүйесін, сонымен қатар діни сала мәселелері жөніндегі қалыптастыруына жол ашады.

Орталық және жергілікті мемлекеттік діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалауды «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдарында бекітілген белгілі құзыреттер мен қызметтердің негізінде жүзеге асырылуы керек.

Осы заңнамалық норманың жүзеге асыруы мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын арттырады және діни саласында жағдайды жақсарту және тұрақтандыру жөніндегі одан да тиімді іс-шараларды қабылдауына және өндіруіне жол ашады.

 

10. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы

 

18. 5-баптың

1-тармағынынң

15) тармақшасы

5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай бағыттар:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) демография проблемаларын шешу;

6) гендерлік проблемаларды шешу;

7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

11) мәдениет пен өнерді дамыту;

12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша жүзеге асырылады.

13-3) алып тасталды – ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

14) алып тасталды – ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай бағыттар:

15) діни экстремизм мен терроризмның алдын алу іс-шараларын өткізу.

Осы қосымша деструктивті және экстремистік ағымдардың ықпалына түскен тұлғалардың оңалту мен бейімделуді ұйымдастыруымен, халық арасында гранттар беру арқылы алдын алатын және ақпараттық жұмыс өткізуімен байланысты қызметтердің сатып алуын кепілді өткізуінің қамтамасыз ету мақсатында қажет.
 

11. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы

 

19. 11-баптың

3-тармағының

5) тармақшасы

11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері

3. Жеке тұлғаларға:

1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;

2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта сахналарға, ареналарға, төсеніштерге, оркестр ұраларына, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;

3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;

4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.

11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері

3. Жеке тұлғаларға:

5) деструктивтік идеологиялық ағымдарға қатыстылығын бейнелейтін сыртқы атрибуттарды, киім нысандарын қоғамдық жерлерде қолдануға, киюге және таратуға тыйым салынады.

Деструктивті діни ағымдарға жататын сыртқы көріністерге заңды түрде тыйым салу мақсатында.
 

12. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы

 

20. 23-баптың

2-тармағының

3-1) тармақшасы

23-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары

2. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары:

1) профилактикалық әңгімелесу;

2) қорғау нұсқамасы;

3) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;

4) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

5) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;

6) профилактикалық есепке алу және бақылау;

7) әкімшілік жаза қолдану;

8) ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қамқоршыларды және қорғаншыларды өздерінің міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;

9) сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар;

10) әкімшілік қадағалау орнату;

11) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу болып табылады.

23-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары

2. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары:

3-1) ресми алдын ала ескерту;

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бір принциптардың бірі            2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Тұжырымдама (Қазақстан Республикасынынң Президентінің Жарлығымен 2017 жылғы          20 маусымда № 500 бекітілген) аясындағы дінді деструктивті мақсаттарында қолдануға жол бермеуге бағытталған халықтың нысаналы топтарын адрестік және әр жердегі қамтуы болып табылады.

Сонымен қатар, еліміздегі діни ахуал қазақстандықтардың көбіне тән ұстамды діни көзқарастарға қарамастан мемлекеттің зайырлы қағидаларының жырмалану тәуекелімен сипатталады. Аталған тәуекелдердер ең алдымен теологиялық білімі аз болғандықтан діндар халықтың белгілі бір бөлігінің радикаландырудың өсу қауібімен аңықталады.

Бұдан басқа, талдау деструктивті және радикалды діни ағымдардың ізбасарларына жоғары деңгейлі даулылық пен мемлекеттің зайырлы принциптері мен рухани құндылықтарына қарсы қойып салыстыруы тән екенін көресетеді. Деструктивті діни ағымдардың радикалды қолдаушылары мемлекет, қоғам және азаматқа қарсы құқыққа қайшы соның ішінде күш қолданып арқылы іс-әрекеттер жасауға әлеуетті түрде дайын. Сонымен бірге тек қана террористік немесе экстремисттік қылмыстар ғана емес, пайдақор және пайдақор-күштеу жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар да бар.

Мысалы, 2017 жылдың басынан республика бойынша 465 деструктивті діни ағымдардың (ДДА) қолдаушылары қылмыс жасағаны және аталған категорияның 5534 тұлғасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны аңықталды. Осылайша, тек осы жылы деструктивті діни ағымдардың 25%-дан көбі (жалпы саны – 23 547) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерін жасаған.

Осылайша, деструктивті діни ағымдардың қолдаушылар ортасында  жақтаушылардың қылмыстандыру үрдісі және маргиналдар саны көп екені көрініп тұр.

21. 24-баптың

1-тармағының

4) тармақшасы

24-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер

1. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі:

1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін уәкілетті лауазымды адамның тікелей анықтауы;

3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар негіз болып табылады.

24-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер

1. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі:

4) тергеу ішкі істер органдарының құзыретіне жататын террористтік және экстремистік қылмыстардың және дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың пайда болуына жағдай жасайтын жеке тұлғаның іс-әрекет жайлы мәліметтер;

22. 26-1-бап 26-1-бап.

Жоқ

26-1-бап. Ресми алдын ала ескерту

Ресми алдын ала ескерту жайлы жазбаша  шешім ішкі істер органдарының құзыретіне жататын террористтік және экстремистік қылмыстардың, және дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың пайда болуына жағдай жасайтын жеке тұлғаның әрекеттері жайлы алынған мәліметтерді тексеру және растаудан кейін Қазақстан Республикасының ішкі істер органының уәкілетті басшысымен қабылданады.

Алдын алу ескертулерге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немес оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысының, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық басшысының қолы қойылады.

Алдын ала ескерту ішкі істер органдарының құзыретіне жататын террористтік және экстремистік қылмыстардың және дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың пайда болуына жағдай жасайтын іс-әрекеттің (әрекет пен әрекетсіздік) жол берілмеушілік және қылмыс жасау жағдайындағы жауапкершілік жайлы нақты жеке тұлғаға бағытталу керек.
Ішкі істер органдары жарияланған алдын ала ескертулердің есебін жүргізеді.

 

13. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы

23. 1-бап 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3) діни қызметші – діни, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

 

4-1) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1)    ғибадат үйі (ғимараты)құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу үшін арнайы салынған немесе қайта бейімделген үй, ғимарат, үйлер мен ғимараттардың кешені;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-1) ғибадат орны – дiнге сенушiлердiң өздерінің құрметтерін білдіру үшін, сонымен қатар діни жоралар, рәсімдер мен салт жораларды өткізу үшін пайдаланатын ғимараттар, құрылыстар, табиғи объектілер мен аймақтар;

 

 

 

 

 

 

2)    діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруына бағытталған қызмет;

2-1) қажылық – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен құлшылық жасалатын діни мағынасы бар жерлерге зиярат жасауы;

 

 

 

 

 

3)     дін қызметші – белгілі бір діни ұйымының жетекшісінің бұйрығымен және онымен түзілген еңбек шарты (жұмыс беруші акті) негізінде тиісті діни бірлестікпен уағыздаушы, рухани қызметіне уәкілеттілік берілген, рухани (діни) білімі бар тұлға;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4)    діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

 

 

4-1) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;

 

4-2) деструктивтік діни ағым – азамат пен адамның еркіндігі ен құқықтарын қорғауға қауіп төндіретін, халық дәстүріне және діни сезімге,  рухани және мәдени құндылықтарға, адамгершiлік негiздерді бұзуға, әлсіретуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын және діни идеологияны уағыздайтын діни ағым;

 

4-3) деструктивтік идеологиялық ағым – қоғамдық және (немесе) жеке сана-сезімге теріс әсер ететін көзқарас пен идеялар жиынтығы

 

4-4) діни мазмұндағы ақпараттық материал – діни мазмұндағы ақпаратты қамтитын реквизиттері бар,  кез-келген тасымал құралы түріндегі баспа түріндегі, электрондық немес басқа да өнім;

 

 

 

 

 

 

4-5) діни радикализм – діни көзқарастар мен діни сенімдерге шектен тыс ақырғы дәрежеде мүлтіксіз берілу, діни қағидалар мен догмаларды басқа тұлғаларға зорлап тарату мен міндеттеуге ұмтылу арқылы өмір сүріп жатқан қоғамдық институттарды табанды, түбегейлі өзгертуге бағытталған сипаттары бар діни көзқарас;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-6)   діни ұран – белгілі бір дін және (немесе) ағым жайлы ақпаратты таратуды талап ететін, идеяны білдіретін үндеу арқылы шақыру  (насихаттау);

 

 

 

5)     миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасының аймағында дінге айналу мақсатымен дінді насихаттауға бағытталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекеті;

 

5-1) құдайға құлшылық ету діни қызметкерлердің дін ілімнің талабы бойынша жасалатын (өткізілетін) діни рәсімдер мен жоралар жиынтығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6)          уәкілетті орган – дін саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

 

 

 

 

Қазіргі  редакцияға сәйкес діни ғибадат үйі (ғимараты) деген ғимараттың ішінде орналасқан орын, бөлме, сондай-ақ ашық жерлер немесе уақытша тұрғызылған құрылыстар. Сондықтан  практика жүзінде діни ғимарат орнына пайдасы жоқ үйдегі және де басқа жерлерде орналасқан бөлмелер қолданылады.

Бұдан басқа, бұл ұғым  «құдайға құлшылық ету, рәсімдер және  (немесе) жиналыстар» сөздері жөніндегі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының        7-бабына сәйкес қолданылған.

Осы заңдағы терминдер мен түсініктемелердің аңықтауы қажетті заң тәжірибесі болып табылады.

 

Діни өмірдің маңызды компоненті Құдайдың немесе тылсым қасиеттері бар объектілердің ерекше мүмкіндіктерін мойындау, сыйлау, адалдық таныту, табынудың пішін ретінде діни табыну болып табылады.

Заңның 7-баптың 1-тармағында діни бірлестіктер ғибадат орындарын ұстау  құқығы бар екені қарастырылған. Алайда, заңның өзінде «ғибадат орны» деген ұғымы жоқ.

Осыған байланысты, кемшілікті жою үшін аталмыш  ұғым енгізіледі.

 

 

 

 

 

Заң жобасының салыстырмалы кестенің 36-тармағымен діни ұйымдар табынау жерлерді ұстауға, қажылық тәртібін реттеуге құқықтары бар деген түзету қарастырылған. Алайда, заңның өзінде «қажылық» деген ұғым қарастырылмаған. Осыған орай, кемшілікті жою үшін аталмыш  ұғым енгізіледі.

 

Діни қызметшілердің дін таратушы ретінде тіркелу жайлы талап қазіргі таңда заңнамалық түрде бекітілмеген.

Демек, діни қызметшілер қолдарында тек діни бірлестіктің оларды «миссионерлік іс-қимылға» қайшы келетін діни қызметкер ретінде мойындайтын аңықтама (бұйрық) бар болғанда Қазақстанда миссионерлік іс-әрекетті жүзеге асыруға құқығы бар.

Діни қызметшілердің құқықтық орнын заңды түрде аңықтап алу ұсынылады. Осы лауазымды заңсыз түрде (мысалы, әскери қызметтен бас тартқанда) қолдануға жол бермейтін міндетті сипаттарын еңгізу керек.

Мемлекетке радикалды діни идеяларға қарсы төтеп бере алатын білікті, білімді діни қызметкерлер керек.

Ресей Федерациясының «Ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» Федералды заңның 24-баптың 1,2,3,4- тармақтарына сәйкес діни ұйымдар олардың жарғыларында белгіленген жағдайларда қызметкерлермен еңбек шартына отыратыны көрсетілген.

Еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеу Ресей Федерацияның заңнамасына сәйкес діни ұйым мен қызметкер арасында еңбек шартымен бекітіледі

Еңбек шарты бойынша діни ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтар Ресей Федерациясының еңбек турады заңнамаға сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Өзбекстан Республикасының «Ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» заңның 24-бабына сәйкес діни ұйым азаматтарды жұмысқа алуға құқығы бар.

Еңбек жағдайлары діни ұйым мен қызметкер арасында келісім бойынша бекітіледі және жазбаша түрде келісімге отыратын еңбек шартында аңықталған. Сол ретте діни қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жағдайларын аңықтайтын тіркейтін құжаттар тіркелінеді

«Қырғыз Республикасындағы ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» заңында «діни қызметкер» термині тиісті діни ұйыммен рухани, имамдық, діндар басшылық, уағызшылық қызмет етуге уәкілетті тұлға ретінде қарастырылынады

Сондай-ақ, осы заңның 24-бабында діни және миссионерлік ұйымдарда, және де олар құрған кәсіпорындарда, мекемелерде, қайырымдылық ұйымдарда еңбек шартымен жұмыс істейтін азаматтар Қырғыз Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әрекетін жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Деструктивті діни ағым» заңнамалық анықтау мақсатында.

 

 

 

 

 

 

 

«Деструктивті идеологиялық ағым» заңнамалық анықтау мақсатында.

 

 

 

Заңнамада және де көрсетілген Заңда «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» термині қолданылады.

Алайда, бұл Заңда осы термин мағынасы ашылмаған, сол себептен құқық қорғаушы ұйымдардың және де діндарлардың сынын  туғыздырады.

Осы термин  әдебиетте  және сарапшылар ортасында  кең ұғымға ие болды. Бірыңғай қабылданған ұғым жоқ.

 

Діни радикализм белгілі бір діни сенімдер мен басқаларға оларды зорлап міндеттеумен себепті ең келісімсіз көзқарастар мен іс-әрекеттерді ұстаушылықпен байланысты одан да кең түсініктемесіне ие.

Тәжікістан, Қырғызстан мен Өзбекістан заңнамаларында олар мазмұнының түсіндіруісіз тек жалпы контекстте атап өтілген. Бұлаңықтама тек Әзірбайжан Республикасының «Діни экстремизммен күрес туралы» заңында көрсетілген.

Діни радикализм ұғымы қатысушылардың іс-әрекеттері басқа тұлғаларға әсері тиетін тек қоғамдық құбылысты қамтиды.

Діни радикализмның әсерімен байланысты немесе одан пайда болатын қоғамдық зиян Қылмыстық Кодекстің, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің, «Экстремизмге іс-қимыл туралы» және «Діни қызмет мен діни бірлестіктер туралы» заңдардың нормаларымен қамтылады.

Осылайша, толық түрінде радикализм «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның «діни экстремизм» ұғым бөлігінде 1-бабының аңықтауымен қамтылады:

«жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;».

Діни экстремизм үшін жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 174-бабымен жузеге асырылады.

Діни кызмет пен діни бірлестіктер заңнаманы бұзу үшін жаза ҚР ӘҚБҚ 489, 490 баптарымен жүзеге асырылады.

 

Заң жобасында діни ұрандарды қолдануға, діни атрибуттарды көрсетуге тыйым салынған жайлы норма еңгізіледі. Қолданыстағы заңнамасымен «діни ұран» деген ұғым қарастырылмаған. Осыған орай, кемшілікті жою үшін аталмыш  ұғым енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Заңңын 1- бабында «құдайға құлшылық ету», «діни жорамалар», «діңи рәсімдер» деген ұғымдар жоқ.

Бұл жағдай құқықтық практикада (сотта), аталған түсініктемелердің әр түрлі  талқылауларың туғыздырады, бұл  облыстар, Астана мен Алматы ққ. әкімшіліктерінің діни басқармаларының өкілдерімен көрсетілетін қуыным талаптарын қабылданбауына әкеледі.

Осыған байланысты, сондай-ақ көрсетілген түсініктемелер бірыңғай талқылау үшін еңгізіледі.

 

 

 

 

24. 3-бап 3-бап. Мемлекет және дін

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.

 

 

 

 

 

3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.

4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.

 

 

 

 

 

5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.

6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.

7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:

1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;

2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі.

9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:

1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;

2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

10. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

11. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.

12. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.

13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

14. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.

16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

3-бап. Мемлекет және дін

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.

2-1. Дін ұстану еркіндігін немесе сенімді жүзеге асыру, басқа тұлғалардың негізгі еркіндігі мен құқығын сақтағандай, қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті, денсаулық және моральді сақтауға деген шектеулерге жатады.

3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.

4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.

4-1.  Рухани (діни) білім беру ұйымдарынан жерде діни ілімді оқытуға жол берілмейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен жауапкершілікке әкеліп соғады.

5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке  және заңды тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін немесе атеистік сенімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.

 

6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.

 

7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

 

8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:

1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;

2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі, діни радикализмнің көрініс табуына жол бермейді және экстремизмнің алдын алады.

 

 

9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:

1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;

2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

 

 

 

10. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

 

11. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сондай ақ діни ілімді таратуына, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.

12. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.

 

 

 

13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, діни ілімнен бас тартуға, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

 

 

14. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

 

15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.

 

16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің жазбаша қағаз түріндегі келісімінсіз немесе ата-анасының біреуінің жанында болуынсыз кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қабылдауға міндетті.

17. Ғибадат үйлерінен және діни бірлестіктердің бөлінген шекарасынан, құлшылық ету орындарынан, сондай-ақ зираттарда, крематорийлерде, үй-жайларда, қоғамдық тамақтандыру объектілерінен тыс жерлерде, діни қажеттілік пен жеке пайдалануды есептемегенде діни ұрандарды қолдануға, діни атрибуттарды (белгі) көрсетуге жол берілмейді.

18. Қазақстан Республикасының азаматтарына рухани (діни) білімді шет елдерде алуы тек жоғарғы рухани (діни) білімді ҚР алған соң ғана, сондай-ақ тіркелген діни бірлестіктің Қазақстанда рухани (діни) білім беру ұйымы жоқ болған жағдайда халықаралық келісім бар болуымен ееркше жағдайда жол беріледі.

19. Қызметік (лауазымдық) міндеттерін орындау үшін қажетті адамдардың жағдайларының тысында, медициналық мақсаттар, азаматтық қауіпсіздік, спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу барысында адамдардың бейнесін тануға кедергі келтіретін діни нысандағы киімдерді қоғамдық жерлерде киюге тыйым салынады.

 

 

Заңның осы бабының 2-1-тармағы                   1996 жылдың 16 желтоқсанындағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабы бойынша 27.09.1993 ж. БҰҰ №22 (48) Адам құқықтары комитетінің ортақ тәртіптік ескертулерінің 8-тармағымен сәйкестендірілген.

Қызмет үшін тексеруді қалыптастыру «шет тілдерінің курсы», құрылымға нұқсан келтіретін идеология белсенді түрде  таралды.

«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» РФ ФЗ 3-бабының         5-тармағында көрсетілгендей, діни бірлестіктерге кәмелетке толмағандарды тартуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға олардың еркінен тыс және ата-анасының, не ата-анасының орнын басушылардың келісімінсіз дінді оқытуға тыйым салынады.

Өзбекстан Республикасының «Ар-ұждан және діни бірлестіктер бостандығы» туралы Заңының 6-бабына сәйкес діни ілімді жеке оқытуға тыйым салынады. Бұл ережелерді бұзу Заң негізінде жауапкершілікке тартылуға алып келеді.

Қырғызстан Республикасның «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес, дінтанулық пәндерді білімнің барлық дәрежелерінде жеке-жеке оқытуға тыйым салынады.

Түркменстанның «Діни сенім және діни бірлестіктер» туралы Заңының 9-бабының          5- тармағына сәйкес, діни ілім жеке жүйеде оқытуға тыйым салынады және Түркменстанның заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады деп көрсетілген.

Тәжікстан Республикасының «Ар ұждан және діни бірлестіктер» заңының 23-бабының         3-тармағына сәйкес мемлекеттік мектепке дейінгі және мектептік, сондай-ақ азаматтардың үйлері мен пәтерлерінде діни ұйымдардың ағартушылық және насихат жұмыстарына  тыйым салынады.

Өзбекстандағы Наманган облысында Үкімет «Чаткал» шипажайында ислам туралы дәрісті тоқтатты: онда тәлім берген имам жазаланды. Наманган облысындағы Папалық аймақта  Чодак қыстағындағы «Саидджалалходжа» мешітінде 44 жастағы хатиб имам Ахмаджон Эшматов, сәуір айының басында сот алдына келді. Оны елдің кәсіподақ Федерациясының жүйесіне енетін «Чаткал» шипажайында ешбір рұқсатнама мен лицензиясыз  уағыз оқығандығы үшін айыптады. Ақырында Папалық аймақтың соты имамды Өзбекстанның әкімшілік Кодексінің «Діни ілімді оқыту жүйесінің тәртібін бұзу» 241 бабына сәйкес кінәлі деп тапты және жалақынаң 10 минималды мөлшерінде айыппұл төлеуге үкім шығарды (230 АҚШ доллары).

Заңның осы бабының 5-тармағы 1996 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің          18-бабы бойынша 27.09.1993 ж. БҰҰ №22 (48) Адам құқықтары комитетінің ортақ тәртіптік ескертулерінің 2-тармағымен сәйкестендірілген.

Әдетте тәжірибеде діни ғұрыптарды толық көлемде орындамайтын азаматтар немесе атеисттер «сенбеушілік», «күнәһарлық» жазғыруларымен жәбірленуге тап болып жатады,  бұл да бір діни төзімсіздіктің көрінісі. Адамдардың радикализациялануының бірден-бір себебі, азаматтардың сенбеу, күпірілік ету және діни қағидаларды сақтамау мәселесінде кінәлі болып қалудан қорқу. Бұл қосымша көптеген батыс елдерінің   діни сенімге бостандық беру кепілі, сондай-ақ өзін бірде-бір дінге қоспау туралы тәжірибесіне сәйкес келеді.

Әлемдік тәжірибеде діни сенім бостандығы өз діні мен нанымын, сондай-ақ атеистік көзқарасқарасын ұстану еркіндігін үнсіз келісім бойынша қосады. (ТР Заңы 4-бабының 10-тармағы «Ар-ұждан және діни бірлестіктер туралы» діншілдігіне немесе сенбеушілігіне, дінді мойындамаушылығына байланысты кінәлауға тыйым салынады).

Заңның 3-бабының 6-тармағына сәйкес «оларды тарату»  сөзі алынып тасталған. Бұл өзгерістер әрекет етуші ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің          490-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық ісінде(бұрын әрекет еткен ҚР ӘҚБК 375-бабының 3-бөлігіне тең) заңсыз миссионерлік іспен айналысқан  адамдар (сәйкес тіркеусіз) өз іс-әрекеттерін мойындамай, өздерінің жеке діни және басқа да сенімдерін заңға сәйкес тартқандықтарын жеткізген (Заңның 3 бабының 6 тармағы негізінде).

Радикалды діни ұйымдардың қоғам арасында деструктивті идеологиясын тарату әрекеті негізінен  идеологтар мен әрекет етуші объектілермен байланыс процесінде діни  көзқарасты таратумен жүзеге асады.

Тәжікстан Республикасы Заңының                       5-бабының 2-тармағына сәйкес «Ар-ұждан бостандағы және діни бірлестіктер»   туралы заң діншіл және дінге сенбейтін азаматтар арасында, түрлі діндер мен конфессиялардың діни бірлестіктері арасында, сондай-ақ олардың ерушілері арасында,  төзімділік пен құрметтеу қатынасының орнауына септігін тигізеді, сонымен қатар дін бірлестітердің қызметі аясында діни фанатизм мен экстремизмнің пайда болуын алдын алады.

Қырғызстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес «ҚР-ғы Діни сенім және діни бірлестіктер» туралы заңына сәйкес,  мемлекет дінге сенуші және сенбеуші азаматтар арасында,  діни сенімі әр түрлі діни ұйымдардың арасында, сондай-ақ олардың өкілдері арасында төзімділік пен құметтіліктің орнауын қамтамасыз етуге, діни радикализм мен экстремизмді болдырмауға, қарама-қайшылыққа және қарым- қатынастардың өршуіне, діни алауыздықты болдырмауға септігін тизеді.

Осы түзету (аталған заңның 11-тармағы)  екінші сұрақтың 3-тармағына іске асыру  шарасында енгізілді (Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан деструктивті діни ағымдардың идеологтары мен уағыздаушыларының қызметін бейтараптандыру бойынша жұмыс тиімділігі  көтерілу бойынша жағдайлар мен шаралар туралы) ҚР ҰҚК АТО 2017 жылғы                     13 мамырдағы № 19 хаттамасы.

Заңсыз миссионерлік әрекет жасау кезінде ұсталған діни бірлестік жақтаушылары «Діни қызмет және діни бірлестіктер » Заңның           3-бабының 6-тармағына сәйкес әркім діни немесе басқа сенімді ұстауға, оларды тартуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес миссионерлік қызмет жүргізуге құқылы. Яғни, заңсыз миссонерлік қызметті жақтаушылар «діни нанымдрды тарату» деп  түсіндіруге тырысады.

Мәжбүрлі түрде еліктірумен байланысты діни немесе басқа қызметті жүзеге асыру,  және (немесе) діни бірлестіктерден шығуға кедергі болу, дін жолынан бас тарту, ҚР азаматтарының материалды және басқа тәуелділілігін пайдалану, азаматтағы жоқ  және шет ел азаматтарын немесе алдап-арбау  1966 жылғы    16 желтоқсанындағы БҰҰ-ң Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнің 8-заңының 2-тармағына сәйкес келмейді. Зайырлы қоғамның даму қызығушылығына сәйкес келмейтін, діни қызметке балаларды еліктіу тәжірибесі қалыптасуда. Қазақстанда балалар тәрбиесі мен оқуы зайырлы бағытта жүргізіледі.

РФ ФЗ «Ар-ұждан және діни бірлестіктер» заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес, жастарды діни ұйымдарға еліктіруге тыйым салынады, сондай-ақ олардың келісімінсіз және ата-анасының немесе басқа да жауапты адамдардың рұқсатынсыз жастарға дінді үйретуге тыйым салынады. Жастар деп, кемелетке толмаған, он төрт жасқа толмаған азаматтар есептелінеді (РФ Азаматтық кодексінің 28-бабы).

Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 145-бабына сәйкес, кемелетке толмағандарды діни ұйымдарға еліктіру, олардың  және ата-анасының және жбасқа да жауаптылардың еркінен тыс оларға дінді оқыту, 50-ден 75-ке дейін жалақының минималды мөлшері, айыппұлмен жазаланады немесе 2 жылдан 3 жылға дейін түзеу жұмыстарымен немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылумен жазаланады.

ӘР «Діни сенім бостандығы» Заңына сәйкес әркім жеке-дара, немсе топпен дінді ұстана алады, өз дінінің таралуына септігін тигізе алады. Ата-ана немесе оларды алмастырушы адамдар тек келісім негізінде балаларын өз діни бойынша тәрбиелей алады. ӘР Қылмыстық кодекснің 167.1-бабына сәйкес көрсетіледі, кемелетке толмаған жасты қандай да бір дінге(діни ағымға) еліктіру, сондай-ақ оның еркінен тыс діни рәсімдер мен ғұрыптарға еліктіру, діни ұйымдарға қатысуға еліктіру немесе ерушілер қатарынан шығару 7-ден 9 мың манатқа дейін айыппұл салынады немес 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

ӘР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің  299.0.3-бабына сәйкес, діни тұлғалар және діни ұйым мүшелері тарарпынан балалар мен жастарға арнайы жинлыстар жүргізу, діни рәсімдермен байланысты емсе еңбектік ұйымдардың, әдеби және басқа үйірмелердің және топтардың физикалық тұлғаларына 100-ден 300 манат, лауазымдық тұлғаларға 200-ден 500-ге дейін манат айыппұл тағайындалады.

Беларусь Республикасының «Ар-ұждан және діни бірлестіктер» Заңына сәйкес, кәмелетке толмағандарды діни ұйымдарға еліктіру, кәмелетке толмағандардың еркінен тыс және олардың ата-анасының немесе ата-анасының орнын басушы тұлғалардың рұқсатынсыз дінге оқыту келісілген заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Діни ойлар мен азаматтарға психологиялық ықпал жасауды таратудың бір формасы болып табылатын, радикалды діни ағымдар өкілдерінің діни ұранды қолдануын тоқтату қажет.

ӘР «Діни сенім бостандығы» Заңына сәйкес, діни ұрандарды дыбыстау, діни атрибуттарды көрсету (денедегі діни атрибуттарды есептемегенде), құлшылық ету орындарынан, діни орталықтар мен қоғамдық орындардан тыс тыйым салынады. Бұл тыйымды бұзған кезде азаматқа 2000-нан 2500 манатқа, лауазымды тұлғаларға 8000-нан 9000 манатқа, заңды тұлғаларға 20000-нан 25000 манатқа дейін айыппұл салынады. Азаматтығы жоқ және шет ел азаматтатарына 2000-нан 2500 манатқа дейін айыппұл салынады және Әзербайджан елінен әкімшілік тәртіпте шығарылады.

Үндістан мен Египеттің заңнамаларына сәйкес, кампаниялардың сайлау алдындағы уақытында елде діни ұрандарға тыйым салынған. Бұл тыйымды қабылдау  осы елдердің конституциясына сәйкес саясат пен дінді араластырмау ретінде түсіндірілед.

Бұл норманың мағынасын дұрыс түсінбеушіліктен сақ болу және қоғамдық резонансты бодырмау мақсатында, қоса кеткен дұрыс, бұл норманың мақсаты діни ұрандар және (немесе) атрибуттардың құрамында радикалды-экстремистік мәнмәтіні бар, елдің әлеуметік-саяси  тәртібін бұзатын, тұлғаларды әкімшілік және кейде қылмыстық жауапкершілікке тарту.

2004 жылы Франция үкіметі мемлекеттік мектептерде діни символдарды тағып жүруге тыйым салу туралы заңжобаны қабылдады. Заң құрамында мемлекеттік оқу орындары орта білімдік жүйелерінде – мектептер, колледждер мен лицейлерде «қандай да бір діни киімдер мен символдарды кию» тыйым салынған.

Жастар сәйкес діни білім негізінің базасы болмағандықтан радикалды бағыттағы шетелдік оқу орындарының зардабына тап болады. Бұл норма ҚР азаматтарының діни біліміді шет елдерде алуына рұқсат етеді. Шет елдерде діни білім алу процесін бірыңғайлау қажет.

Тәжікстан Республикасының «Ар-ұждан және діни бірлестіктер туралы» Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес діни білімді шет елдерде алу, сондай-ақ шетелдің жоғарғы оқу орындарында діни білім алу тек Тәжікстан Республикасында діни білім алған соң ғана рұқсат етіледі және дін істері және білім аясынлағы мемлекеттік уәкілетті орган тарпынан жазбаша келісім алынған соң рұқсат етіледі.

Араб әлемі елдерінде (мысалға САӘ, Сирия) заңсыз оқыған азаматтардың көпшілігінде діни біліктіліктің негізі болмағандығын айта кетсе болады. Осыған байланыста, олардың көбісі радикалды діни топтардың зардабына ұрынды.

Түркия және Малазия тәжірибесіне сәйкес, бұл елдердің азаматтары араб елдерінде ЖОО-ғы діни білімдерін отанында базалық ілімді алған соң жалғастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Түркия мен Малазияның араб елдерінің алдыңғы қатарлы ЖОО-мен ресми діни мемарандумның арқасында, азаматтар ешбір кедергісіз бакалаврге түсе алады. Ал біздің азаматтар, шетелдік оқу орындары отандық білім орындарының дипломын қабылдамағандықтан, бакалавр алды дәрежесін бірнеше жыл өтуге  мәжбүр. Осындай жағдай, өз алдына, біздің азаматтардың радикалды ағымдардың қайырымдылық ұйымдарының алдында осал қылады.

Осындай норманы қабылдау қазіргі кезде қажеттілік болып табылады. Бұндай қадам статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ел тұрғындарының көпшілігі  тіркелген ДБ діни көзқарастар мен позицияларды қолдайды, бұл норманың қабылдауына ҚР көптеген азаматтарының қолдауы индикатор әбден бола алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан тіркелген ДБ, сонымен қатар, ҚМДБ әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-мен келісім мемарандумына қол қойды. Осыған байланысты, діни мекемелердің түлектері Қазақстандағы оқудан соң заңды негізде оқуларын жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

Шетелдерде діни білім алу процесін жүйелеу қажет.

ӘР азаматтардың шетелде діни білім алу ережесі «Діни сенім бостандығы»  заңымен реттеледі.

Азаматтарды шетелге білім алу мақсатымен жіберу діни орталық немесе  діни басқарма (Кавказ Мұсылмандары басқармасы) арқылы, кейін атқарушы орган (Мемлекеттік діни бірлестіктермен жұмыс комитеті) келісімімен іске асады.

Шетелдік мемлекеттердегі рухани (діни) оқу орындарында ҚР діни ұйымдарында тіркелген деген жолдамасыз оқуға тыйым салынады, ол қажетті және азаматтардың радикалды діни топтардың қатарына кіріп кету жағдайларынан маңызды шара.

Осы норма ҚР азаматтарымен шет елдерде рухани (діни) білімді алу процесін жүйелеуге көмектеседі. Конституцияның 1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Конституция негізгі құқықтық принциптерді анықтайды. Онда көрсетілген азаматтық құқық және мемлекет алдындағы міндеттер тараулық заңды айқындайды.

Осы Заң әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни сеніміне қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын растайды.

Конституцияның 14-бабының 2-тармағына сәйкес, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Осы норманы қабылдау әйелдердің дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын шектемейді.  Мемлекеттің зайырлы құрылғысы діни немесе басқа әлеуметтік-мәдени өзгешеліктерге қарамастан елдің барлық әйелдерінің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Белгияда бетін жасырған және оның жекелілігін анықтауға кедергі келтіретін киімді киюге заңды түрде тыйым салынған. Осындай киімде көшелерде, парктер мен ресми мекемелерде жүруге болмайды. Заңды бұзғандар, қоғамдық жерлерде беттері жабық күйде келгендерге 15 пен 25 евроға дейін айыппұл төленеді немесе жеті тәулікке дейін қамауға алынады. Ерекшелік тек мейрам, карнавал және басқа мәдени шаралардың кезінде, жоғарғы биліктің келісімімен рұқсат етіледі.

Болгарияда маскаларға, орамалдар мен  сол сияқты (тығыз немесе күңгірттеу матаны қосқанда) «бүркемелеу немесе жасыруға»   тыйым салынғандығы туралы заң қабылданған. Қазіргі жағдайда оларды киюге деген ерекшелікті тек діни мекемелер, сондай-ақ тұрғын жерлер құрайды. Заңды бұзғандығы үшін айыппұл ескерілген: алғашқы бұзушылық үшін 200 лево (100 евро), қайталанған бұзушылық үшін – 1,5 мың лево (750 евро). Лауазымдық тұлғалар үшін жоғарылатылған айыппұл мөлшері қарастырылған, сәйкесінше – 250 және 1000 евро.

2016 жылы Нидерландыда қоғамдық жерлерде діни киімдерді киюге тыйым салу туралы заң қабылданды. Никаб, бурка тыйым салынушылар қатарына кірді, бетті бүркеушілермен  қатар, шағылы маскалар мен шлемдары сияқты. Заңды бұзғаны үшін 410 евро айыппұл қаралған.

Өзбекстан. 1998 жылғы «Ар-ұждан бостандығы және діни бірлестіктер» туралы Заңның 14-бабына сәйкес, «Өзбекстан Республикасының азаматтарына (діни ұйымдардың қызеткерлерін есептемегенде) қоғамдық орындарға діни киім-кешекпен келуге болмайды».

Өзбекстан Республикасының әкімшілік жауапкершілік Кодексінің  184-1-бабының         1-тармағына сәйкес «Өзбекстан Республикасының азаматтарына (діни ұйымдардың қызеткерлерін есептемегенде) қоғамдық орындарға діни киім-кешекпен келу – жалақының минималды бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға ұшыратады ».

Франция заңына сәйкес «LOI n° 2010-1192: Loi interdisant la dissimulation du visage dans l’espace public», бас киім киюге, маска, шлем, балаклав, никабет және қоғамдық жерлерде  басқа да бүркеу, бетін жабу заттарына тыйым салынған. Сондай-ақ тыйым барлық денені жабатын вульға (бетперде) да тыйым салынады, егер ол бетті жабатын болса. Заң  150 евроға дейін айыппұл салады. Сондай-ақ заңжоба 30 000 евро мөлшерінде айыппұл қарастырады және мәжбүрлеу арқылы тыйым салынған киімді кигізгені үшін бір жылдық мерзімге абақтыға қамауға алынады.

Адам құқығы бойынша Европалық Сот тәжірибесі

Манн Сингх Францияға қарсы (2008)

Дағдыланушы сикх арыз беруші, оның фотосуреттерін, жеке куәлігін, оның жүргізуші куәлігін   талап ету жағдайлары оның жеке өміріне, дін және ұждан бостандығына өз алдына қолсұғушылық деп көрсетті. Ол, сәйкес жағдайларда  синкх қоғамының мүшелеріне ерекше қатынас қаралмайды деген фактілерге шағымданды.

Сот шағымды кабылдауға келмейтін (айқын дәлелсіз) деп тапты.  Сот қоғамдық қауіпсіздікке және құқықтық тәртіпке  жауап беруші органдар үшін, (әсіресе тексеріс мәтінінде, өткізілген жол жүру ережелеріне сәйкес) фотосуреттер, ондағы басы бүркеленбеген субъект жүргізушіні анықтауға қажет деп атап өтті. Сондай-ақ, бұндай тексерістердің Конвенцияның 9-бабының § 2 сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін айрықша қажет екендігін айтты.

Сот, жалпы бұл араласушылық дәйекті және мөлшерлес мақсатта болғандығы туралы қаулы шығарды.

Эль Морсли Францияға қарсы (2008)

Арыз берушіге оның жекелілігін айқындау үшін бас киімін шешу талабы, шектеуліге жатады. Арыз беруші бұл шараның заңмен қаралмайтындығын бекітпеді. Шара қарастырылған 9-бабтың § 2 заңды мақсаттарының тым болмағанда біреуін, анығырақ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және қоғамдық тәртіпті жақтауды көздеді. Демократиялық қоғамда қазіргі араласу қажеттілігіне байланысты мәселені қозғауда, сот өзінің «Фюль Францияға қарсы» ісінде өз қорытындысынан кері кететін себеп көрмеді, келушілердің жекелілігін белгілеуді қосқандағы, консулдыққа кіру кезіндегі біршама тексерісті, қоғамдық қауіпсіздік мақсатында қажет деп тапты. Сондай-ақ тексеріс үшін бас киімді азғантай уақытқа шешуге тура келген. Арыз берушінің тек әйелдер арасында бас киімін шешу ұсынысы, тіпті болжап көрген кезде, осы мәселе консулдықтың басшысымен қарастырылды десек, онда басшылық арыз берушінің жекелілігін тексеру туралы бұйрық бермеді, еркіндік шекарасынан шықпады. Осылайша, арыз берушінің дін бостандығы құқығына деген заңсыз араласушылық болмады.

Дахлаб Щвейцарияға қарсы(2001)

Арыз беруші, исламға келген, бастауыш мектеп мұғалімі, жұмыс уақытында оған мектеп басшыларының орамал тағуына тыйым салғандығына арызданды. Бұрын ол мектеп аясында бірнеше жылдар бойы ешқандай мәселесіз орамалмен жүрді. Сот арызданушының шағымын жөнсіз (толық дәлелсіз) деп тапты, себебі бұл шара дәлелсіз болмады, сол фактіні есептегенде, арыз беруші адам мемлекеттік өкіл ретінде төрт жастан сегіз жас аралығындағы балаларға жауапты болды, бұл жастағы балалар жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда ықпалға тез беріледі.

Куртюлмуш Түркияға қарсы (2006)

Бұл іс университеттің профессорына өз қызметін атқару барысында ислам дініндегі басқа арналған шарфты киіюге тыйым салу туралы. Арыз беруші орамал тағуға деген тыйым, оның сабақ жүргізу кезінде өз дінін еркін ұстануына кедергі келтірді деді. Әдетте, арыз беруші дисциплинарды соттың шешімі бойынша, ислам бас орамалын тағып жүргендігі үшін жұмыстан шығу керек болды, ал ол өз кезегінде оның құқығын кепілденген Конвенцияның 8-бабы (жеке өмірді құрметтеу құқығы), 9 және 10-баптары (айту еркіндігі) баптары бойынша бұзушылыққа алып келгендігін айтты.

Сот шағымды жөнсіз (толық дәлелсіз) деп қабылдады. Сот қабылдады, нақты мәнмәтінде мемекет және дін қатынастары ішкі саяси қайраткерлер роліне ерекше көңіл аударылу тиіс болды. Демократиялық қоғамда, егер тәжірибе тұлғалардың құқық қорғау мақсатымен және еркіндігімен тап болса, мемлекет ислам орамалдарын киюге шектеу қоюға құқылы. Осы істе арызданушы мемлекеттік қызметкер болуды шешті;  үкімет тарапынан көрсетілген «төзімділікті» желеуреткен арыз беруші әйел, ережені жасамады. Түрлі айырмашылықсыз барлық мемлекеттік қызметтегілерге қолданылған дресс-код, секуляризм қағидасының сақталып қалуына және мемлекеттік қызметтің бейтараптылығына бағытталды. Сондай-ақ, осындай шаралардың көлемі және олардың іске асуы нақты дәрежеде, сәйкес мемлекет қарауында сөзсіз қалуы қажет. Сәйкесінше, қараулардың есебі бойыншы, бұл мәселеде келісім жасаушы мемлекеттер қолданған араласушылық негізінде, көзделген мақсатта дәйекті және шамалас болды.

Лейла Шахин Түркияға қарсы (2005)

Сот арызданушы әйелдің талабы бойынша оның  құқығының шектелмегенін және бұзылмағанын айтты, шағымданушының  айтуы бойынша,  оның құқықығы Стамбул университетінің ректорының директивасын қабылдау негізінде бұзылды, оған сай хибжаб киген қыз студенттер дәрістерге, сабақтар мен семинарларға кіргізілмеді. Сот құқыққа араласушылық,түтеп келгенде, ақталған және пропарционалды мақсаттарға сай болды деп есептеді, сәйкесінше «демократиялық қоғамда қажет болды» мойындау мүмкін болатын еді.

Дору және Керванчи Францияға қарсы (2008)

Талапкерлер хиджабты шешуден бас тартқандықтан дене шынықтыру сабағынан көптеген ескертулерден кейін шеттетілді. Сот екі жағдайда Конвенцияның 9-бабына сәйкес бұзушылық болмады деген қаулы шығарды.  Әдетте, ұлттық үкіметпен жасалған осындай исламдық хиджаб сияқты орамал тағуға байланысты қорытынды, дене шынықтыру сабағымен сәйкес келмейді, дәйексіз болмады.

Эбрахиман Францияға қарсы (2015)

Арыз беруші, оның әлеуметтік жұмыскер ретінде келісімшартын қайта жаңғыртпау шешімі оған өз дінін ұстану еркіндігіне деген құқығының бұзылғандығы туралы шағымданды. Сот Конвенцияның 8-бабы (жеке және отбасылық өмірді құрметтеуге деген құқық) бойынша бұзушылықтың болмағандығы жайлы шешім шығарды.

S.A.S. Францияға қарсы (2014)

Тәжірибеде мұсылман болып табылатын, жұрт алдында оған ендігіден бетперде(паранжы) және никаб киюге болмайтындығы туралы Франция азаматшасының осы талабы,        2011 жылғы 11 сәуіріндегі қоғамдық орындарда өз бетін бүркемелеу туралы заң күшіне енген соң берілді.

Сот Конвенцияның 8-бабы (жеке және отбасылық өмірді құрметтеуге деген құқық) және 9-бабы (еркін ойлау, ұждан және дін құрметтеуге деген құқық) заңдарына  байланысты ешқандай бұзушылық болмады деген қаулы шығарды. Әдетте, қарастырылып жатқан шараның «бірге қатар өмір сүру» шартын сақтау заңды мақсат, себебі, мемлекетте бұл жалпысаяси мәселенің кең ауқымы бар, оған байланысты түрлі келіспеушіліктер болған, 2010 жылдың           11 қазанында заңмен енгізілген тыйым Конвенцияны бұзбайды. Сот Конвенцияның       8 және 9-бабтарымен  заңдармен бір тіркесте 14-бабы (дискриминацияға тыйым) бойынша бұзушылықтың болмағандығы туралы қаулы шығарды; жалпы мойындаушлық  бойынша 2010 жылдың 11 қазанындағы Заңымен енгізілген тыйымда дін бойынша, өздері перде (вуаль) кигілері келген мұсылман әйелдерінің жағдайына байланысты нақты негативті салдардар болды, алайда бұл шара объективті және жүйелі негіздемені қамтыды.

25. 4-баптың

1) тармақшасы

 

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

Заңның 4-бабы уәкілетті органның құзыретін анықтайды. 4-бабтың                       1-тармақшысына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік діни бірлестіктермен өзара байланысын жүргізуде саясатын қалыптастыруда және оны жүзеге асыруда ат салысады.

Сонымен қоса, Заңның талдамалы тақырыбы тек қана мемлекеттің діни бірлестіктермен байланысы ғана емес, жалпылай дін саласындағы қызмет болып табылады.

Осыған орай, уәкілетті орган мемлекеттік орган ретінде діни қызмет саласын мемлекеттік реттеуді іске асырушы түрінде діни қызмет саласында мемлекеттің саясатын қалыптастыруда құзыретті болуы тиіс.

26. 4-баптың

11) тармақшасы

 

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

11) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

11) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын айқындау, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

 

Аталмыш норманың осы заңның 5-бабтың 7-тармақшасымен сәйкестіндірілді.

 

27. 4-баптың

14) тармақшасы

 

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

14) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының орындалуы бойынша діни білестіктердің қызметіне бақылау жүргізеді, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар енгізеді;

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (1966 жылғы                 16 желтоқсандағы, Нью-Йорк) 18-бабында бекітілгендей, әрбір адам еркін ойлауға, ар-ұждан және дін еркіндігіне ие. Осыған орай, аталмыш бабқа сәйкес мемлекет бекітіліген заңға сйкес қоғамдық қауіпсіздік, тәртіп, денсаулық және құндылықтарды, негізгі құқықты және өзгелердің еркіндігін сақтау мақсатында діни бостандыққа шектеулер қоюға құқылы.

Тәжікстан Республикасы «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 30-бабының 2-тармағына сәйкес діни бірлестіктерді заңнамаға және өздерінің жарғыларына сәйкес бақылау дін істері жөніндегі мемлекеттік органмен жүзеге асады.

Қырғызстан Республикасының «Қырғызстан Республикасының ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 6-тармағына сәйкес дін істері жөніндегі мемлекеттік орган және аймақтық органдар, салықтық органдар діни бірлестіктерді өз ішінде бекітілген жарғысына (ереже) және Қырғызстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызмет атқаруын бақылауға құқылы.

1) діни бірлестіктердің басқарушы органдарынан олардың жұмыс барысндағы және қаржылық құжаттарды талап етуге;

2) діни бірлестіктің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы ақпараттарды мемлекеттік органдар статистикасынан, қаржылық және басқа да мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарынан, банк мекемелерінен және өзге де қаржылық ұйымдардан сұрастырып қабылдауға құқылы;

3) өздерінің өкілдерін діни бірлестіктердің іс-шараларына қатысуға жіберуге;

4) діни бірлестіктерді жылына бір рет тексеріс жасау, соның ішінде қаржы жұмсау, басқа да мүлікті қолдану мақсаттарының өз жарғысына (ереже) сәйкес орындалуын бақылау;

5) Қырғызстан Республикасының заңнамасы немесе діни бірлестіктердің жарғы (ереже) талабына сай қызметі бұзылған жағдайда аталмыш орындалған бұзушылық туралы қағаз түрінде ескертулер мен оны түзетутің бір ай мезгілінен аспай шығарылуы тиіс. Діни бірлестікке қатысты шығарылған ескертуді жоғары тұрған органға немесе сотқа шағым түсіруі мүмкін.

Беларусь Республикасы «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 11-бабының төртінші абзацында дін істері басқармасы республикалық органы мынадай құзыреттерге ие:

«Беларусь Республикасы ар-ождан бостандығы заңнамасына сәйкес діни бірлестіктерді және олардың жарғыларын тексеріп, бақылайды, сондай-ақ міндетті түрде анықталған тәртіп бұзушылыққа байланысты ескертулер бекітеді;».

28. 4-баптың

15) тармақшасы

 

 

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Жоқ.

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

15) діни бірлестіктермен  ұйымдастырылатын қажылық тәртібін айқындайды;

Аталған норма ресми тіркелген діни бірлестіктер арқылы қажылықты реттеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қажылықты ұйымдастыру мәселелері заңнамамен реттелмеген. Осыған орай, діни бірлестіктермен  ұйымдастырылатын қажылық тәртібін діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен әзірлеу және бекіту бойынша норма енгізіледі.

Сонымен қатар, 2011 жылы қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес діндарлардың діни қажеттілігін қанағаттандыруға бағыталған қызметпен тек қана ресми тіркеуден өткен діни бірлестіктер айналысады, солардың біріне ҚМДБ жатады.

Діни бірлестіктен бөлек өзге ұйымдастыру-құқықтық формадағы діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаның құрылуына және қызметіне рұқсат етілмейді.

Түркия Республикасында қажылыққа бара жатқан адамдардың 60% МДБ (Диянет – мемлекеттік орган) арқылы, 40% туристік компаниялар арқылы барады.  Әрбір 40 адамға 1 имам бекітіледі. Қажылық кезінде Мекке мен Медина қалаларында Диянет медицина қызметкері уақытша жұмыс істейді. Жыл сайын қажылыққа 70000, умраға 400000-500000 адам барады.

ТР МДБ (Диянет) туристік компаниялардың қажылық пен умраға қатысты талаптарға салғырт қарау үшін қылықтың дәрежесіне қарай тұра оларға қатысты ескерту, айыппұл, үлестемені қықарту түрінде іс-шаралар қабылдайды, немесе 1 жылдан бастап 3 жылға дейін қажылық пен умраға туристік қызметпен айналысуға тйым салады.

Өзбекістан Республикасының «Ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» Заңның 14-баптың бірінші абзацы – діни ұйымдар құдайға құлшылық ету және діни жорамалардың ерікті қолжетімді жерлерін, және де қажылық жерлерін негізін қалауға және ұстауға құқығы бар.

29. 4-бап

16) тармақша

 

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Жоқ.

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

16) дінтану сараптамасын жүргізудің нәтижесі бойынша анықталатын деструктивтік діни ағымдардың белгілері мен тізбесін бекітеді;

Осы норма дінтану сараптама арқылы деструктивті діни ағымдардың сипаттары мен тізімін бекітуге бағыттылған дін саласындағы уәкілетті органның құзыретін анықтау мақсатында қажет.
30. 4-баптың

17,18,19 тармақшалары

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Жоқ.

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

17)  Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы орындау бойынша діни бірлестіктердің қызметін бақылау парақтарын әзірлейді және бекітеді;

18)  Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы орындау бойынша діни бірлестіктер қызметі үшін қауіп-қатер дәрежесін бағалау өлшемдерін әзірлейді және бекітеді, ресми интернет-ресурсында жариялайды.

19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Тиімді діни қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыретін бақылау үшін функцияны жүзеге асыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни бірлестіктердің қызметі туралы тексеру парақтарының әзірленуі және қабылдануы ұсынылып отыр.
31. 5-бап

 

5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

1-1) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;

9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

5-бап. Жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті

1. Діни бірлестіктердің облыстағы жергілікті атқарушы органдар, республика мәртебесіндегі қалалар және діни іс-қимыл жөніндегі бас қалалар.

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

1-1) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын, жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу туралы арнайы органдарына ұсыныстар енгізеді;

5)  құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;

10) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

11)миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

12) облыстық, республикалық мәртебесі бар қала, астананың дін саласындағы мемлекеттік басқару органының бірінші басшысы лауазымына уәкілетті органның келісімімен тағайындайды.

13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Ауданның жергілікті атқарушы органы  (облыстық маңызы бар қалалар)

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы орындау жөніндегі діни білестіктердің қызметін реттейді, анықталған бұзушылықтар жою бойынша ұсыныстар береді.

3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

2)өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға түзетулер  енгізу туралы   толықтыруларды нөмірлей отыра, 1-тармақтың  5-бабына, 2 және 3-баптармен толықтырулар енгізілді.

Заң діни бiрлестiктер құруға азаматтар-бастамашылары тізімдерін тексеруді жүргізу үшін қамтамасыз етеді. Қайта тіркеу қайта тіркеу қатысушылар (мүшелер) тізімдерін сараптама, діни ұйымдардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар тіркеу құрылды. Осыған байланысты, норма облыстардың, қалалардың және астананың тиісті сараптама жергілікті атқарушы органдарды құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге енгізіледі.   Жергілікті атқарушы органдардың құқықтық реттеу құзыреті жөніндегі халықаралық тәжірибесіне сіүене, әсіресе діни бірлестіктерді қайта тіркеу тұрғысынан, атап айтқанда, қатысушылардың тексеру тізімдері анықталмады. Алайда, кейбір елдерде діни бірлестіктерді тіркеу азаматтары-бастамашыларының және құрылтайшылардың тізімін тексеру тәжірибесі іске асуда. Мысалы, Бельгияда, ДБ тіркеу Әділет министрлігінің құзыретінде болып табылады. Тіркеу үшін уәкілетті органға құжаттар пакетін жолдайды: жарғы, ережелер, тегін, атын, туған жылын, тұрғылықты жерін, үй және жұмыс телефонын, жеке қолын, және сол форматтағы басқарушы органдардың; мекен жайын растайтын  діни бірлестіктер ұйымын құрған азаматтар-бастамашылардың тізімі; заңды тұлғалардың және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат.

РФ «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Федералдық Заңы          25-бабының 4-тармағына сәйкес діни бірлестіктердің қызметін федералдық мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік тіркеудің федералдық органы немесе оның аумақтық органы және олардың лауазымды тұлғалары Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген  ереже бойынша құқылы:

– діни ұйымының осы тармақтың абзацымен қарастырылған жағдайларда ғана сұранатын және қабылдап алынатын қаржылық-шаруашылық қызметі жйлы мәліметтерді қамтитын құжаттарды санамағанда іс-әрекеті жайлы құжаттарын сұрау және қабылдап алу

– діни ұйымнан егер діни ұйым халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдік азаматтардан, азаматтығы жок тұлғалардан және егер мемлекеттік органдар, жергілікті органдардан діни ұйымның өз қызметі саласында немесе экстремизм (терроризм) сипаттары бар болған кезде Ресей Федерациясының заңын бұзған жайлы ақпарат түссе ақша және басқа мүлік алса қаржылық-шаруашылық қызметі жайлы мәліметтер қамтитын құжаттарды сұрау және қабылдап алу, соның ішінде қазіргі Федералды заңмен қарастырылған тексеру өткізген кезде

Осы баптың 1-тармағының                                  14) тармақшасының түзетуі дін саласындағы кәсіби мамандардың іріктеу қажеттілігімен аңықталған.

Заңның 5-бабы бойынша нақты әкімшілік-аумақтық бірлік негізінде тиісті іс-шараларды өткізуді ұсынатын жергілікті атқарушы органдардың құзіреті қарастырылған. Аталған шараларды жүзеге асыру үшін бұл салада тәжірибесі мол, соған сәйкес жоғары білімі бар және т.с.с. мамандар қажет. Бұл үйлесімділікті арттырып, жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, мұндай ережені енгізу қажет.

ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы 8-бабының 1-тармағының                       18) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы:

18)  дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы 31-бабының 1-тармағының 30)-32) тармақшаларына сәйкес келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы 35-бабының 1-тармағының 25) және 26) тармақшаларына сәйкес келтірілген.

32. 6-баптың

1-тармағының

3) тармақшасы

6-бап. Дінтану сараптамасы

1. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:

3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;

6-бап. Дінтану сараптамасы

1. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:

3) жеке тұлғалардың миссионерлер тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші, сондай-ақ, діни бірлестіктер және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есепке тіркеу туралы өтініші;

Қазіргі Заңның 6-баптың 2-тармағы бойынша діни сараптамасының нысанына құрылтай құжаттары жатады.

Бірақ  филиалдар мен діни бірлестіктердің өкілдігінің күйі діни сараптамаға жіберілмейді.

Филиалдар мен өкілдіктердің күйлерінде діни қызмет пен дін оқуының негіздері  болғандықтан, олар діни сараптамадан өту керек.

33. 6-баптың

3-тармағы

 

6-бап. Дінтану сараптамасы

3. Дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді.

6-бап. Дінтану сараптамасы

3. Дінтану сараптамасы дін саласындағы тәжірибесі бар және (немесе) арнайы білімі бар сарапшылар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді.

Дінтану» мамандығы жиынтық болып саналып, ол түрлі аспектті діни мағлұматтарды біріктіреді.

Дінтанулық сараптама дін мен басқа да білім өрісінің өзара байланысың ескеріп, зерттеуі мен  кең өрісін ұсынып,қиын мәселелердің шешуің талап етеді.

Осыған байланысты, діни сараптама жасауда, басқа да саланың мамандардың көмегіне жүгінуге тура келеді.

34. 6-баптың

5-тармағы

 

6-бап. Дінтану сараптамасы

Жоқ.

 

6-бап. Дінтану сараптамасы

5. Дінтану сараптамасының қорытындысын негізге ала отырып Қазақстан Республикасының аумағында таратылуға ұсынылмайтын діни әдебиет, діни мазмұны бар ақпараттық материалдар, діни белгілері бар заттарды қолдануға болмайды және айналымнан алынуы тиіс.

 

Құзырлы орган діни құралдарға дінтану сараптаманы қамтамасыз етеді.

Қазіргі танда діни сараптамалар ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2014ж. № 162 бұйрығымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жасалады.

Сараптаманың нәтижесінің  процессуалдық күші жоқ сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хаты болып саналады.

Осындай сараптаманың негізінде Қазақстанға бұндай әдебиетті әкелу тыйым салынып, миссионерлік қызметті падалануы тоқтатылады.

Сол уақытта Қазақстанның аумағына әкелінген рұқсаты жоқ кітаптардың тағдыры  белгісіз.

35. 7-баптың атауы

 

7-бап. Діни жоралар мен рәсiмдер 7-бап. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар Заңның 7-бабының атауы осы баптың                    2-тармағының мазмұнына сәйкес келтірілген.
36. 7-баптың

1-1.тармағы

 

7-бап. Діни жоралар мен рәсiмдер

Жоқ.

 

 

 

7-бап. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар

1-1. Діни бірлестіктер қажылықты уәкілетті органмен анықталған тәртіпке сәйкес  ұйымдастырады.

Аталған норма ресми тіркелген діни бірлестіктер арқылы қажылықты реттеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қажылықты ұйымдастыру мәселелері заңнамамен реттелмеген. Осыған орай, діни бірлестіктермен  ұйымдастырылатын қажылық тәртібін діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен әзірлеу және бекіту бойынша норма енгізіледі.

2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңға сәйкес діндарлардың діни қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін арналған іс-шаралармен  тек ресми тіркелген діни ұйымдар сонымен қатар ҚМДБ айналысады. Басқа да бір ұйым-құқықтық нысанда діни бірлестіктен тыс заңды тұлғаларға құру және діни қызметімен айналасуға болмайды.

Өзбекістан Республикасының «Ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» Заңның 14-баптың бірінші абзацы – діни ұйымдар құдайға құлшылық ету және діни жорамалардың ерікті қолжетімді жерлерін, және де қажылық жерлерін негізін қалауға және ұстауға құқығы бар. 2017 жылы Өзбекістанда қажылық жасауға бұрын қажылыққа бармаған тұлғалар ғана тізімге кіреді.

37. 7-баптың

2-1-тармағы

 

7-бап. Діни жоралар мен рәсiмдер

Жоқ.

 

7-бап. Құдайға құлшылық, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар

2-1. Құдайға құлшылық, діни жоралар мен рәсiмдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен, оларды өткізуге уәкілеттілігі бар  тұлғалар тарапынан жүзеге асырылады.

 

 

Соңғы жылдары лаңкестік шабуылдар аясында ұсынылған тыйым Елбасының мына заңнамалық ережелер мен нұсқаулықтарын жүзеге асыруға одан әрі көмектеседі:

– Ұлт Көшбасшысы «Стратегия» Қазақстан-2050» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында: Басым тапсырмалар арасында құрылған мемлекеттің «жаңа саяси бағыты» радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық формасымен анықталған. Бұл ретте ерекше назар діни экстремизмнің алдын алу үшін конфессия аралық бейбітбітшілік пен татулық орнаған Қазақстан Республикасындағы зайырлы құндылықтарға сай келетін діни сана сезім қалыптастыруға бағытталған;

– ҚР 2013 жылдың 24 қыркүйегінде № 648 Президенттің Жарлығымен бекітілген       2013-2017 жылғы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асырудың бірі, «радикалды идеологияға қарсы қоғамда төзімді діни сана мен иммунитет қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру» болып табылады.

Осылайша, ұсынылған шектеу, ар-ождан бостандығы мен адамның конституциялық құқығын бұзбайды. Сонымен қатар, ол радикалды қозғалыстардың таралуына тосқауыл қояды.

38. 7-1. бап Жоқ 7-1. бап Діни бірлестіктердің қызметінің ішкі тәртібі

1. Діни бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеген жағдайда, өздерінің ішкі тәртіптеріне сәйкес іс-әрекет етеді.

2. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету шараларының тысында, ішкі тәртіпті бұзуға жол берілмейді.

Бұл түзету тіркелген діни бірлестіктердің діни мекемелерде құрылған өздерінің табыну, діни рәсімдерін және өздерінің ішкі ережелеріне сәйкес жиналыстарды реттеу үшін енгізіледі. Алайда, кейбір тұлғалар ішкі тәртіптің бұзылуына түрткі болады. Осыған байланысты осы тәжірибені тоқтату қажет.

Ресей Федерациясының «Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы» ФЗ 15-бабына сәйкес

1. Діни ұйымдар егер РФ заңына қайшы келмесе, өздерінің ішкі тәртіптеріне сәйкес жұмыс істейді және өздерінің ішкі жарғысында бекітілген құқық қабілеттілігіне ие болады.

2. Мемлекет діни ұйымдардың ішкі тәртіптерін құрметтейді, егер көрсетілген тәртіп Ресей Федерациясының заңына қайшы келмесе.

39. 8-баптың

4-тармағының

2-1) тармақшасы

 

 

8-бап. Миссионерлік қызмет

4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:

1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;

2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;

3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн;

5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай құжаттарды:

1) миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын қосымша ұсынады.

Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының төлнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.

8-бап. Миссионерлік қызмет

4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:

 

 

2-1) рухани (діни) білімінің бар екенін растайтын құжат;

Бұл түзету діни білімі жоқ тұлғалардың миссионерлік қызметпен айналысуына тосқауыл қойып, діни ілімнің тек діннен хабардар тұлғалар арқылы берілу талаптарын күшейтуге бағытталған.

2016 жылғы 6 шілдедедегі N 374-ФЗ «Терроризмге қарсы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды белгілеу бөлімдеріндегі Ресей Федерациясының  терроризмге қарсы күрес және жеке заңнамалық актілері туралы» Федералдық Заңына өзгерістер енгізу» ФЗ 24.2-бабына сәйкес миссионерлiк қызметті тек діни ұйымның атынан діни ұйымның басшысы, ұйымның алқа мүшесі және (немесе) діни ұйымның діни қызметкері жүзеге асыра алады.

Басқа азаматтар және заңды тұлғалар ұйым басшысы тарапынан берілген діни ұйым атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру өкілеттігін растайтын құжаты бар болса ғана ұйымның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Бұл құжатта діни ұйымның заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіміне тіркелгендігі туралы жазбасы мен оны растайтын мемлекеттік тіркеу немесе оның аумақтық органы арқылы берілген құжаттың мәліметтері көрсетілуі тиіс.

Көп жағдайда шетелден заңсыз келетін және шетелдегі күдікті діни оқу орындарынан білім алатын тұлғалар радикалды діни  ағымдардың ізбасарлары мен уағызшылары болып табылады. Осыған байланысты көп жағдайда мұндай тұлғалардың оқу орнын аяқтағаны туралы дәлелдейтін ешқандай құжаты болмайды.

40. 8-баптың

5-тармағы

 

8-бап. Миссионерлік қызмет

5. Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде, сондай-ақ, егер олардың миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.

8-бап. Миссионерлік қызмет

5. Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде және (немесе) дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, сондай-ақ, егер олардың миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.

Бұл түзету тіркеу кезінде жалған ақпаратты хабарлаған тұлғаларды  миссионерлік тіркеуден бас тарту үшін негіз болуға бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

41. 8-баптың

6-тармағы

8-бап. Миссионерлік қызмет

6. Миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жол беріледі.

 

8-бап. Миссионерлік қызмет

6. Миссионерлердің діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жол беріледі.

Бұл өзгерістер миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды мемлекет тарапынан бақылауды толығымен қамтамасыз ету үшін қажет, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершiлiгін қамтамасыз ету мақсатында керек.
42. 9-баптың атауы 9-бап. Діни әдебиет және діни мақсаттағы заттар

 

9-бап.  Діни әдебиет, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар және діни мақсаттағы заттар Баптың атауы басылым мен құқықтық техниканы сақтауды жақсарту мақсатымен ұсынылған.
43. 9-баптың

2-тармағы

9-бап. Діни әдебиет және діни мақсаттағы заттар

2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

 

 

9-бап.  Діни әдебиет, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар және діни мақсаттағы заттар

2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, тіркелген діни бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында,  сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

 

Бұл ереже  діни бірлестіктермен тіркелген діни әдебиеттер, өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында тарату шеңберін реттеу үшін енгізіледі.

Молдова Республикасының «Ар-ождан, ой және дін бостандығы туралы» Заңының 29-бабы а)-тармағы – діни ғұрыптар айрықша құқыққа ие:

а) сенушілер үшін баспа шығаратын органдарды бекіту, діни әдебиеттерді басып шығару, сатып алу, алып келу, тасымалдау және тарату.

Беларусь Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни мекемелер туралы» Заңы 26-бабының 8-абзацына сәйкес діни әдебиетер, аудио, бейне және басқа да діни мазмұндағы материалдар діни мекемелердің жеке меншігіндегі немесе заң негізінде рұқсат етілген басқа да орындарда таратылады, сондай-ақ, жергілікті атқарушы және нормативті органдардың жоғарыда аталған материалдарды таратуға рұқсат етілген орындарында таратуға рұқсат етіледі.

44. 9-баптың

6-тармағы

9-бап. Діни әдебиет және діни мақсаттағы заттар

Жоқ

9-бап. Діни әдебиет, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар және діни мақсаттағы заттар.

6. Ата-аналары мен басқа да заңды өкілдерінің тәрбиелеу мақсатында қолданылатын әдебиеттері, сондай-ақ, рухани (діни) білім беру үйымдарында ресми оқитын балалаларға таратылатын әдебиеттер мен материалдарды санамағанда, діни әдебиеттер, діни мақсаттағы ақпараттық материалдарды кәмелеттік жасқа толмаған балаларға таратуға жол берілмейді.

Бұл ереже діни әдебиеттерді, басқа да діни мақсаттағы ақпараттық материалдарды кәмелеттік жасқа толмаған балаларға таратуды реттеу шеңберінде енгізіледі,  сондай-ақ, олардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылуын реттеу үшін қажет.  Діни көзқарасы бар балалар, ең алдыменн, радикалды идеологияның негізгі нысанына айналады. Осыған байланысты, бұл тәжірибені тоқтату қажет.
45. 10-баптың атауы 10-бап. Қайырымдылық. 10-бап. Діни бірлестіктердің қайырымдылық және ақпараттық қызметі Баптың атауы басылым мен құқықтық техниканы сақтауды жақсарту мақсатымен ұсынылған.
46. 10-баптың

3,4- тармақтары

10-бап. Қайырымдылық.

1. Дiни бiрлестiктер қайырымдылықты жүзеге асыруға және қайырымдылық ұйымдарын ашуға құқылы.

2. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде діни қызметке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық тәуелділігін (мұқтаждығын) пайдалануға жол берілмейді.

 

10-бап. Діни бірлестіктердің қайырымдылық және ақпараттық қызметі

3. Діни бірлестіктер өзінің жарғысында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін білім беру және басқа да ұйымдар құруға құқылы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен діни қызмет саласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын құруға құқығы бар.

4. Жеке және заңды тұлғаларға интернет ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы деструктивтік діни ағымдардың ілімін таратуға тыйым салынады.

 

ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы 53-бабының 1-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын құру Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде жеке және заңды тұлғаларға рұқсат етіледі. Алайда, бұл заңнамалық акті бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын діни қызмет саласында құру қарастырылмаған. Осыған байланысты, тіркеуден өткен діни бірлестіктердің діни сипаттағы бұқаралық ақпарат құралдарын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Түркіменстанда («Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер» Заңының 27-бабы) діни бірлестіктер өздерінің жарғысында көрсетілген мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін білім беру және басқа да ұйымдар құруға, сондай-ақ, Түркіменстан заңнамасында бекітілген ережеге сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын құруға құқылы.

Ресей Федерациясының «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңына сәйкес діни бірлестіктер өздерінің жарғылары негізінде Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша білім беру ұйымдарын құруға құқылы.

Әзірбайжан Республикасында діни бірлестіктер өздерінің жарғыларына (ережелеріне) сәйкес  балаларға және ересектерге діни білім беретін оқу орындары мен топтарды құруға құқылы, сондай-ақ, оқытудың басқа да әр түрлі формасын қолдана отырып, өздеріне тиесілі және оларға берілген мүліктерді  пайдалана алады.

47. 11-баптың

3-тармағы

11-бап. Дiнге сенушiлердiң және дiни бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары мен қарым-қатынастары

1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен дiни бiрлестiктер олардың мінажат етуге, жиналыстар мен басқа да дiни іс-шараларға қатысу үшiн шетелге шығып тұруын қоса алғанда, халықаралық байланыстар мен жеке қарым-қатынас орнатуға және қатынастарын үзбеуге құқылы.

2. Дiни бiрлестiктер діни білім беру ұйымдарында оқыту үшiн шетелге Қазақстан Республикасының азаматтарын жiбере алады және Қазақстан Республикасының аумағындағы діни білім беру ұйымдарында оқыту үшiн шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды қабылдай алады.

11-бап. Дiнге сенушiлердiң және дiни бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары мен қарым-қатынастары

3. Діни бірлестіктер уәкілетті органның келісімімен халықаралық діни ынтымақтастық орната алады.

 

Бірлескен іс-шараларды өткізу, әр түрлі мәселелердің шешімін табу, қаржылай көмек көрсету және т.б. мақсаттарды жүзеге асыру үшін діни бірлестіктер әр түрлі кездесулерді өткізіп, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен ынтымақтастық орнатып отырады.

Бұған қарамастан жиі осындай сәттер уәкілетті органмен алдын ала әзірленбей және келісілмей қалады. Осыған байланысты, бұл ереже енгізіліп отыр.

Тәджікстан Республикасының «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 24-бабы – діни бірлестіктер дін істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып ұқсас шетелдік ұйымдармен діни халықаралық ынтымақтастық ортануға құқылы.

48. 12-бап 12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесі

2. Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының бастамасы бойынша құрылған, бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып танылады.

 

 

 

12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесі

2. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып танылады.

Жергілікті діни бірлестік жергілікті діни бірлестіктің қызмет ететін аумағында тұрақты тұратын және сол жерде тіркелген діни сенімі бір  Қазақстан Республикасының кемінде елу кәмелетке жасқа толған азаматтарының бастамасымен құрылады.

 

Діни бірлестік қызмет ететін жерде тұрып жатқан азаматтардың жергілікті діни бірлестік құруға бастамашылық жасау құқығын нақтылау мақсатында.

Діни бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі барысында діни бірлестік құруға деген ниет білдірген тұлғалар тізіміне Қазақстан Республикасының түрлі нанымды ұстанатын азаматтары мен атеисттер, сонымен қатар басқа да өңірлердің азаматтарын (облыс, аудан) енгізу фактілері тіркелген.

Халықаралық тәжірибені зерттеу барысында  діни бірлестікті құру үшін осындай талаптар анықталған жоқ.

Сонымен қатар, Түрікменстанда ДБ Түркіменстанда тұрақты мекен ететін және кәмелеттік жасқа жеткен кем дегенде елу азаматтың бастамасмымен құрылады.

Беларусь Республикасында ДБ діни сенімі ортақ кем дегенде он діни қауымдастықтың негізінде құрылады, сондай-ақ, олардың тым болмаса біреуі Беларусь Республикасының территориясында жиырма жылдан кем емес уақыт қызмет етуі тиіс.

Ресей Федерациясында тұрақты мекен ететін   Ресей Федерациясының азаматтары мен өзге де тұлғалардың еркін түрде бірлесіп ғибадат жасау және сенімін тарату мақсатында бірлескен қауымы Ресей Федерациясында діни бірлестік ретінде мойындалады және бұл мақсаттың өзіне тән ерекшеліктері:

ғибадат жасау;

құлшылық ету, басқа да діни рәсімдер мен ғұрыптарды орындау;

дінге үйрету және өзінің ізбасарларына діни тәрбие беру.

49. 13-баптың

6-тармағы

13-бап. Діни бірлестіктерді құру

1. Діни бірлестік он сегіз жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылады, онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезіне, конференциясына) өз еркі бойынша жеке түрде қатысады.

2. Діни бірлестіктің мынадай белгілері:

1) ортақ діни ілімі;

2) діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды орындау;

3) өз қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын дінге тәрбиелеу;

4) қызметінің діни бағыты болуға тиіс.

3. Республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы.

4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.

5. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құруға жол берілмейді.

13-бап. Діни бірлестіктерді құру 6. Құрылатын діни бірлестіктің бастамашысы, сондай-ақ, қатысушысы, діни бірлестіктің мүшесі бола алмайды:1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының территориясында тұруына (мекен етуге) бас тартылған шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға;2) Қазақстан Республикасы2009 жылғы    28 тамыздағы № 191-IV «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 123-бабының 4-тармағына сәйкес тізімге енгізілген тұлға;3) заңдық күшіне енген соттың шешіміне сәйкес оның іс-әрекеттерінде экстремистік белгілер бар деп танылған тұлға;

4) мемлекеттік қызметкер.

Бұл өзгеріс қазіргі құқық қодану тәжірибесіне байланысты.

РФ «Ар-ождан бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» Федералдық Заңы                     9-бабының 3-тармағы

3. Діни бірлестіктің негізін салушы (қатысушысы, мүшесі) бола алмайды:Ресей Федерациясының заңнамасында бекітілген ережеге сәйкес Ресей Федерациясында тұрақтауға (мекен етуге) рұқсат берілмейтін шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға;2001 жылғы 7 тамыздағы N 115-ФЗ «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Федералдық Заңы 6-бабының                2-тармағына сәйкес тізімге енгізілген тұлға;2002 жылғы 25 шілдедегі N 114-ФЗ  «Экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл туралы» Федералдық Заңы негізінде заңдық күшіне енген соттың шешіміне сәйкес оның іс-әрекеттерінде экстремистік қызмет бар деп танылып, қызметі тоқтаған діни бірлестік.

50. 17-баптың

1-тармағы

17-бап. Діни бірлестікті тіркеуден бас тарту

1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағы және өзге де ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден, оның құрылымдық бөлімшесін (филиалы мен өкілдігін) есептік тіркеуден бас тартылады.

17-бап. Діни бірлестікті тіркеуден бас тарту

1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағы және өзге де ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келсе және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден, оның құрылымдық бөлімшесін (филиалы мен өкілдігін) есептік тіркеуден бас тартылады.

Осы Заңның 15-бабының 10-тармағына сәйкес келтірілген.

 

 

 

 

 

 

51. 20-баптың

1-1, 1-2-тармақтары

 

20-бап. Діни бірлестіктердің меншігі

1. Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебінен сатып алынған немесе жасалған, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ұйымдардың қайырмалдықтарға берген немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы бар.

2. Меншік құқығындағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік діни бірлестіктердің меншігі болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік те дiни бiрлестiктердің меншiгiнде болуы мүмкiн.

4. Дiни бiрлестiктер ерiктi түрде қаржылай және басқа да қайырмалдықтар сұрауға және оларды алуға құқылы.

5. Дiни бiрлестiктердiң меншiк құқығы заңмен қорғалады.

20-бап. Діни бірлестіктердің меншігі

1-1. Түсетін қаражат көздері, қайырмалдық, қайырымдылық көмек және басқа да мүліктер міндетті түрде діни ұйымдардың қаржылық құжаттарында ескерілуі қажет.

1-2. Діни бірлестіктер қаржы көздері туралы мәліметтерге, қаржылық қызметіне және басқа да мәліметтеріне лауазымды тұлғалардың олармен лауазымдық (қызметтік)  мiндеттерін атқаруы барысында теңдей қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

 

 

 

Қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру (жылыстыру) мен терроризмді қаржыландыруға қарсы қолданылатын шараларды күшейту мақсатында ел ішінде және шетелден діни бірлестіктерге түсетін қаражаттың барлық қайнар көздерінің ашықтығы мен айқындығын заңды түрде бекіту қажет, сонымен қатар бұл туралы ақпараттың ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек.

Діни бірлестіктердің қаржы-экономикалық шеңбері мемлекеттік органдардың бақылауынан тыс. Олардың қызметін толығымен заңнама шеңберінде бақылау мүмкін емес болып табылады. Қаржылық мүлік қандай көлемде және қандай мақсатта қолданылғаны да белгісіз болып отыр, бұл өз кезегінде діни бірлестіктердің өздерінің қызметінде заңсыз іс-әрекеттер жасауға мүмкіндік береді  (сыбайлас жемқорлық, заңсыз ұйымдарды қаржыландыру және т.б.).

52.  5-1-тарау. Жоқ 5-1-тарау. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заннамасының орындалуын бақылау

 

 

Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің қызметін тексеру жолымен бақылауды жүзеге асыру мақсатында Заңды жаңа 5-1 тарауымен толықтыруды ұсынамыз. Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының орындалуын бақылау төмендегідей:

5-1-тарау. Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының орындалуын бақылау.

53. 22-1-бап Жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-1-бап. Уәкілетті органның діни бірлестіктер кызметін бақылауды жүзеге асыруы
1. Дін бірлестіктердің Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын орындауға қатысты бақылау уәкілетті органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және елорданың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
2. Діни бірлестіктер кызметін бақылау келесі нысанда жүзеге асырылады:
1) ұйымдастыру мен өткізу тәртібі осы Заңмен анықталатын тексеру түрінде;
2) бақылаудың ескерту, алдын-алу және түсіндіру сипатындағы өзге де түрінде.
3. Діни бірлестіктер қызметіне бақылау жасау барысында қорытынды құжаттар (анықтама, ұсыныстар, тұжырымдамалар) дайындалады, заңбұзушылық анықталған жағдайда тексеріліп отырған діни бірлестікке оны жою тәртібі міндетті түрде түсіндірілуі тиіс.
4. Діни бірлестіктерге Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын орындауға қатысты бақылау жасау барысында уәкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және елорданың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органның келесідей құқықтары бар:

1) діни бірлестіктерден олардың қызметі жөнінде құжаттарды сұрауға және алуға;

2) егер діни бірлестік xалықаралық және шетелдік мекемелерден, шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақшалай қаржы алған болса, және (немесе) егер мемлекеттік органдардан діни бірлестіктің діни қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу немесе діни экстремисттік әрекеті жөнінде ақпарат түссе діни бірлестіктерден қазіргі Заңмен қарастырылған тексеріс жүргізе отырып олардың қаржылық-шаруашылық қызметі жөнінде құжат сұратуға және алуға;

3) діни бірлестіктер өткізіп отырған шараларға өздерінің өкілдерін жіберіп отыруға;

4) діни бірлестіктердің қызметіне сәйкес жылына бір реттен артық емес тексеріс жүргізіп отыру, сонымен қатар қаржылық шығыстар мен басқа да жылжымайтын мүлікті қолдануын және оның Жарғысында (ережесінде) көрсетілген мақсаттардың орындалуын тексеру;

5) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған жағдайда немесе олардың жарғысында көрсетілген мақсаттарға қайшы іс-әрекеттердің жасалғанын байқаған жағдайда бұзушылық туралы және оның күші бір айдан кем емес уақытта жойылуы туралы жазбаша ескерту шығару.

Діни бірлестікке жасалған ескерту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдалуы мүмкін.

Аталған норма діни бірлестіктер қызметін, заңнамалардың орындалуы бөлігін, сондай-ақ, жарғылардың, діни білім беру, діни әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдарындағы діни материалдарды бақылауды күшейту, мақсатында, экстремистік немесе деструктивтік идеяларды, діни алауыздықты және зорлық-зомбылыққа үндейтін материалдарды насихаттауға жол бермеу мақсатында енгізіледі.

Бақылау Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер қызметін тексеру арқылы жүзеге асырылады.

54. 22-2 бап Жоқ 22-2-бап. Діни бірлестіктерді жоспардан тыс тексеруге негіз болатын мәселелер

Діни бірлестіктерді жоспардан тыс тексеруге мынадай мәселелер негіз болады:

1) уәкілетті органға немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық діни қызмет және діни бірлестіктермен қарым-қатынас бойынша жергілікті атқарушы органның уәкілетті органына, жеке тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, қоғамдық кеңестерден діни бірлестіктердің діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуы және (немесе) олардың қызметінде діни экстремизм нышанының болуы туралы ақпараттың түсуі;

2) діни экстремистік және террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға үндейтін, діни тақырыптарды қамтитын әлеуметтік желілерді мониторинг жасау нәтижесі;

3) уәкілетті органның немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық діни қызмет және діни бірлестіктермен қарым-қатынас бойынша жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы басшысының бұйрығының (өкімі) болуы немесе прокуратура органдарының  өздеріне түскен материалдар мен өтініштер бойынша заң қолдануды қадағалау шеңберінде прокурор талабының негізінде;

4) бұдан бұрын діни бірлестікке қатысты уәкілетті органның немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық діни қызмет және діни бірлестіктермен қарым-қатынас бойынша жергілікті атқарушы органның уәкілетті органының ескертуде көрсетілген кемшіліктерді жою мерзімінің өтуіне байланысты.

Діни бірлестікті олардың қызметінде діни экстремизм нышанының болуына байланысты жоспардан тыс тексеру туралы алдын-ала хабарлауға рұқсат етілмейді.

Аталған норма діни бірлестіктер қызметін, заңнамалардың орындалуы бөлігін, сондай-ақ, жарғылардың, діни білім беру, діни әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдарындағы діни материалдарды бақылауды күшейту, мақсатында, экстремистік немесе деструктивтік идеяларды, діни алауыздықты және зорлық-зомбылыққа үндейтін материалдарды насихаттауға жол бермеу мақсатында енгізіледі.

Бақылау Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер қызметін тексеру арқылы жүзеге асырылады.

 

 

14. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы

 

55. 15-баптың                   1-тармағының

28) тармақшасы

15-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi

1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

28) дін істері жөніндегі уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

15-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi

1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

28) діни қызмет саласындағы уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкестендіру.
56. 15-баптың

2-тармағының

6) тармақшасы

 

15-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыреттері шегiнде:

1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етедi;

2) ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;

4) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізеді;

5) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады.

15-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзіреттерінің шегінде:

6) деструктивтік идеологиялық ағымдардың тізімі мен белгілерін бекітеді.

Салалық мемлекеттік органдардың деструктивтік идеологиялық ағымдардың тізімі мен белгілерін бекіту құзіретін анықтау мақсатында.

 

 

 

15. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңы

 

57. 6-баптың

2-тармағының

6-1) тармақшасы

 

6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері

2. Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде:

6-1) жоқ.

 

 

6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері

2. Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде:

6-1) тергеу жұмыстары ішкі істер органдарының құзіретіне жататын экстремистік және террористік қылмыстарды жасауға жағдай туғызатын іс-әрекетке жол берілмейтіні туралы, сонымен қатар, діни қатынас саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жеке тұлғаларға жазбаша түрде орындалуы міндетті ресми ескерту жариялайды;

Аталған тұлғалар тобы халықаралық террористік ұйымдарға тарту үшін ықтимал орта болып табылады, сонымен қатар, оларды өзі тұрып жатқан мемлекет аумағында террорист-жанкешті ретінде теракт жасауға көндіру үшін «қауіп-қатер тобына» жатады.

Сонымен қатар, қандай да бір құқыққа қайшы әрекеттер жасағанға дейін оларды криминалистік есепке қою заңнамамен қарастырылмаған.

Соңғы жылдарда европа елдерінде орын алған террактілерді талдау ИГИЛ (ДАИШ) халықаралық террористік ұйымы (ХТҰ) идеологтарының интернет насихатының ықпалынан террорист-жанкештілер мен немесе мүшелері бұрын халықаралық террористік ұйымдар қызметіне қатыспаған оқшау террористік топтармен жасалатынын көрсетеді.

Осы ретте, көздері жойылған және ұсталған террористерді тану/сәйкестендіру тек докто- және геномдық есептерді қолданудың арқасында мүмкін болды.

Осыған орай, деструктивті радикалды ағымдар (ДРА) ұстанушыларын криминалистік есепке (дакто-, фото-, геномдық және т.б.) қоюға аса қажеттілік туындайды.

Сонымен қатар, елден тыс жерлердегі соғыс іс-қимылдарына қатысу үшін шыққанда және кейін Қазақстанға жалған құжатпен оралғанда немесе үшінші елдердің территориясында ұсталғанда аталған мәліметтер көрсетілген тұлғаларды сәйкестендіріп және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

58. 6-баптың

2-тармағының

30) тармақшасы

 

 

6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері

2. Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде:

30) күдіктіні, айыпталушыны, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде жатқан, профилактикалық есепке алынған тұлғаларды криминалистік есепке қою үшін фотоға түсіруге, дактилоскопиядан өткізуге, дыбысжазу, кино- және бейнетүсірілім жүргізуге, биологиялық, одорологиялық және басқа үлгілер алуға;

 

6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері

2. Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде:

30) күдіктіні, айыпталушыны, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде жатқан, профилактикалық есепке алынған, ресми ескерту жарияланған тұлғаларды криминалистік есепке қою үшін фотоға түсіруге, дактилоскопиядан өткізуге, дыбысжазу, кино- және бейнетүсірілім жүргізуге, биологиялық, одорологиялық және басқа үлгілер алуға;

 

16. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы

59. 13-баптың

1-тармағының

8), 9), 10)

тармақшалары

 

 

 

13-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер

1. Мемлекеттiк қызметшi:

1) өкiлдi органның депутаты болуға;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;

3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

5) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

6) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

13-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер

1. Мемлекеттiк қызметшi:

8) қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін діни бірлестіктердің мүддесі үшін, соның ішінде өзінің оларға деген қарым-қатынасын насихаттау үшін пайдалануға;

9) өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге;

10) діни бірлестікті құруға бастамашы, сондай-ақ, оған қатысушы (мүшесі) болуға құқылы емес.

 

 

Аталған өзгерістердің мақсаты – мемлекет пен қоғамның зайырлылығын нығайту, мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің көзқарастарын жұмыс (қызметтік) уақытында және лауазымдық (қызметтік) міндеттерін атқару барысында таратуға шектеулер енгізу.

Аталған мәселе бойынша келісілген ұстаным шығару үшін Министрліктің Дін істері комитеті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің жұмыс жиналысы өткізілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша қарастырылып отырған шектеу нышанындағы құқық нормалары таратылатын субъектілер тобын анықтау қажеттігін көрсететін келісілген ұстаным шығарылды.

Аталған шаралар мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне зиянын тигізетінін, олардың үздіксіз қызмет етуіне кедергі келтіретінін біле тұра дінді және діни көзқарасты қолдана отырып шешім қабылдау және іс-қимыл жасауға жол бермеуге бағытталған.

Бұл үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға тиісті норма енгізу ұсынылады.

 

17.  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы

 

60. 39-баптың

3-тармағының

55-тармақша

39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

3. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

Жоқ

 

 

 

 

39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

3. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

55) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызмет алу.

 

Бұл қосымша деструктивті және экстремистік діни ағымдардан зардап шеккен тұлғаларды оңалту және бейімдеу ұйымдарымен байланысты қызметті сатып алуды қамтамасыз етуге кепілдік беру, тұрғындар арасында  ақпараттық профилактикалық жұмыстар жүргізу және т.б.  мақсатта қажет.

Сонымен қатар, бұл жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін тәжірибесі мен қайнар көздері жеткілікті ұйымдармен келісім-шарт жасауға мүмкіндік береді. Аталған жұмысты жүзеге асыру үшін осы салада маманданған ұйымдарды тарту қажет.

Қазір сайыс өткізу аталған бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ  жеңімпазды таңдауға тәуекел етеді. Сондай-ақ, сайысты өткізу кезінде барлығы көру үшін шектеулі болып табылатын ақпарат жарияланады.

 

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov