Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

          «БЕКІТЕМІН»

Жамбыл облысының әкімі

__________ А.Мырзахметов

«___» __________ 2018 жыл

 

 

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының

2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Жамбыл облысында

іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с Іс-шара атауы Орындау мерзімі Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар
 

1-бөлім. Дін саласындағы заңнама талаптарын қадағалау және жетілдіру жұмыстары

1. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы облыс тұрғындары арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізу Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

ЖПҚ,

ІСБ,

ЖСМБ,

ББ

2. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға белгіленген талаптарды бұзу деректерін болдырмау, анықтау мақсатында, рейд жұмыстарын жүргізу

 

Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ЖПҚ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

ДІБ

3. Дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге белгіленген талаптарды бұзу деректерін болдырмау, анықтау мақсатында, рейд жұмыстарын жүргізу

 

Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ЖПҚ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

ДІБ

4. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу деректерін болдырмау, анықтау мақсатында, рейд жұмыстарын жүргізу

 

Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ЖПҚ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

ДІБ,

СҚҚБ

5. Миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді тарату деректерін болдырмау, анықтау мақсатында, рейд жұмыстарын жүргізу

 

Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ЖПҚ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

ДІБ

6. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу Тоқсан сайын Ұсыныстарды ДІБ жинақтап, ҚР ДІАҚМ-не жолдайды

 

 

ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

 

2-бөлім. Мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайту

 

7. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ДІБ,

ББ,

ЖСМБ,

ІСБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

 

8. Мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметшілер арасында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат МҚІД

(келісім бойынша),

ДІБ

9. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін ілгерілетуге, діни экстремизм профилактикасына, сондай-ақ діни өшпенділік пен ксенофобияға, діншілдікті насихаттауға жол бермеуге ықпал ету жұмыстарын жүргізу

 

Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ІСБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

ДІБ

10. Оқушылардың діни себептерге байланысты оқу сабақтарына қатысудан бас тартуына жол бермеу Тұрақты ДІБ-на тоқсандық ақпарат ББ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

 

 

11. Білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісіне қойылатын талаптарды сақтау Тұрақты ДІБ-на тоқсандық ақпарат ББ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

БСБД

(келісім бойынша)

12. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді арнайы курстардан өтуін қамтамасыз ету

 

Тұрақты ДІБ-на тоқсандық ақпарат ББ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

13. Діни себептерге байланысты вакцинациялаудан, транспланттаудан, қан құюдан және басқа да медициналық көмектен бас тартатын адамдардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ДСБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

ҚДСД

(келісім бойынша)

14. Спортшылар мен олардың бапкерлерінде зайырлы дүниетанымды, конфессияаралық келісім мәдениетін, деструктивтік идеологияға иммунитетті қалыптастыру шараларын ұйымдастыру

 

Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ДШСБ,

ЖСМБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

15. Діни қағидалар бойынша неке қию рәсімі неке туралы заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарда тіркелгеннен кейін ғана жүргізілуін жастар мен діни бірлестік келушілері арасында түсіндіру, қадағалау және қамтамасыз ету шараларын жүргізу

 

 

Тоқсан сайын ДІБ-на ақпарат ДІБ,

ЖСМБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

Діни бірлестіктер

(келісім бойынша)

16. Кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде, кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын діни бірлестік жетекшілерімен бірлесіп, жүргізу

 

Тұрақты ДІБ-на тоқсандық ақпарат ДІБ,

ББ,

ЖСМБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

17. Дін саласындағы мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес келетін діни бірлестіктердің қоғамдық бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету

 

Тұрақты ДІБ-на тоқсандық ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

18. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттің зайырлы қағидаттары мен оның құндылықтарын, этносаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогты және келісімді, діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылды ілгерілету жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару

 

Жыл ішінде Әдістемелік құралдар, анықтамалықтар, брошюралар, т.б. ақпараттық материалдар ДІБ,

ББ,

ЖСМБ,

ҚХА,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

19. Қоғам дамуының зайырлы қағидаттарын, конфессияаралық келісімді, халықтың барлық нысаналы топтары арасында діни радикализмнің идеологиясына төзбеушілікті нығайтуға бағытталған деректі фильмдер, оқу-танымдық телехабарлар, телевизиялық сюжеттер, әлеуметтік бейнероликтер мен басқа да медиа-өнімдер топтамаларын дайындау және шығару Жыл ішінде ақпараттық материалдар ІСБ,

ДІБ,

ББ,

ЖСМБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

20. Халықтың діндар бөлігі арасында кәмелетке толмаған балалардың өмірі мен денсаулығы, білімі мен тәрбиесі, олардың әлеуметтік қорғалуы үшін отбасының рөлін күшейту ата-ананың немесе олардың орнындағы адамдардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу Тұрақты ДІБ-на жарты жыл сайын ақпарат ұсыну ДІБ,

ББ,

ЖСМБ,

ДСБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

21. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша құқық қорғау органдарының, арнаулы органдардың және Қарулы Күштердің қызметкерлеріне оқыту семинарларын, тренингтер ұйымдастыру Тұрақты ДІБ-на жарты жыл сайын ақпарат ұсыну ДІБ,

ІІД

(келісім бойынша),

ТЖД

(келісім бойынша),

ҚІД

(келісім бойынша),

«Оңтүстік» ӨҚӘБ

(келісім бойынша)

22. Діни тақырыпты жария ету бойынша өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру Жарты жыл сайын семинарлар, тренингтер ІСБ,

ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

23. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылу барысы туралы қоғамдық пікірді мониторингтеу мақсатында әлеуметтік және талдамалық зерттеулер ұйымдастыру Жыл сайын Әлеуметтік сауалнама қорытындысы ДПЗО,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

24. Өңірдегі діни ахуалдың жай-күйіне және даму серпініне жүйелі түрде мониторингтеуді жүзеге асыру

 

Жыл сайын Әлеуметтік сауалнама қорытындысы ДПЗО,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

25. Қазақстан қоғамының зайырлы құндылықтарын нығайту мен ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру Жыл сайын Шығармашылық есеп ДПЗО,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

26. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дінтанушы мамандарына мұқтажды айқындау үшін мониторингтеу жүргізу Жыл сайын ДІАҚМ-ға

ақпарат

ББ,

ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

27. Мониторингтеу нәтижелері бойынша жоғары білімді дінтанушы мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру Жыл сайын БҒМ-ға ұсыныстар ББ,

ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

28. Бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес келуі тұрғысынан рухани діни білім беру ұйымдарының қызметіне мониторингтеуді жүргізу Жыл сайын

25 шілдеге,

25 желтоқсанға дейін

ДІАҚМ-ға

ақпарат

 

ДІБ,

БСБД

(келісім бойынша)

29. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни радикализмге қарсы бағытталған әлеуметтік маңызды мәдени іс-шараларды жүргізу

 

Жыл сайын ДІАҚМ-ға

ақпарат

 

ДІБ,

МАҚБ,

ББ,

ЖСМБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

30. Тұрғындар арасында шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін тарта отырып, Қазақстан халқының рухани және мәдени мұрасын сақтау, мемлекет дамуының зайырлы қағидаларын нығайту, діни радикализм идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар ДІАҚМ-ға

ақпарат

ДІБ,

МАҚБ,

ББ,

ЖСМБ,

ДШСБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

31. Интернет желілерінде радикалды діни идеялардың таралуының алдын алу бойынша мұғалімдерге, тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ақпараттық материалдарды әзірлеу Жыл сайын брошюралар, буклеттер, бейнеөнімдер мен басқа да ақпараттық материалдар ДІБ,

ДПЗО,

ББ,

ЖСМБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

32. Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық диалогты нығайтуға, деструктивті діни ағымдардың идеяларын тарату профилактикасына бағытталған жобаларды іске асыруға діни бірлестіктерді тарту жөнінде шаралар ұйымдастыру

 

Тоқсан сайын Ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

33. Діни бірлестіктермен бірлесіп, қайырымдылық пен меценаттықты дамытуға, демографиялық тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың сана-сезімінде отбасылық құндылықтарды дарытуға бағытталған іс-шаралар өткізу

 

Тоқсан сайын Ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

Діни бірлестіктер (келісім бойынша)

 

3-бөлім. Діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимыл және деструктивті ағымдардың қызметін бейтараптандырудың жалпымемлекеттік жүйесі

 

34. 2020 жылға дейінгі өңірлер бөлінісінде «деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар санының өзгеруі» нысаналы индикаторының жоспарлы мәндерін бекіту

 

2018 жылғы 2-тоқсан ДІАҚМ-не ұсыныс ДІБ,

ЭБЖБ,

ҰҚКД

(келісім бойынша)

35.  «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар санының өзгеруі» нысаналы индикаторы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды қамту 2020 жылғы 2-тоқсан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері бойынша

ҰЭМ-ның қорытындысы

ДІБ,

ЭБЖБ

36. Радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтар жұмысының тиімділігін бағалау индикаторларын әзірлеу

 

2018 жылғы

қаңтар

ДІАҚМ-не ұсыныс ДІБ,

ҰҚКД

(келісім бойынша)

37. Радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтардың қызметін қамтамасыз ету

 

Жыл сайын Іс-шаралар жоспары ОО
38. Оңалту жұмыстары нәтижесінде, радикалды діни көзқарасынан қайтып, қоғамға бейімделген азаматтарға әлеуметтік қолдау (жұмыспен қамту, мамандық беру, медициналық жеңілдік беру, мәдени-спорттық шараларға тарту, т.б.) көрсету жұмыстарын ұйымдастыру Жыл сайын Тоқсандық ақпарат ДІБ,

ЖҚҮӘББ,

ББ,

ЖСМБ,

ДСБ,

ДШСБ,

МАҚБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

 

39. Деструктивті діни идеологияны ұстанушылар қатарынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу Жыл сайын Тоқсандық ақпарат ДІБ,

ҚАЖД

(келісім бойынша),

ІІД

(келісім бойынша),

ҰҚКД

(келісім бойынша)

40. Шетелдік діни оқу орындарында оқитын азаматтар мен олардың жақындары арасында елге қайтару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

Тоқсан сайын Ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

41. Теологиялық білімді шетелде алуды нақты қалайтын адамдармен отандық теологиялық оқу орындарында білім алудың орындылығы туралы түсіндіру әңгімелесулерін жүргізу

 

Тұрақты Тоқсандық ақпарат ДІБ,

ББ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

42. Облыстан «Нұр-Мүбәрак» университетінде оқитын студенттердің бітірген соң өңірге қайтып, дін саласында қызмет етуі үшін кәсіпкерлер арқылы материалдық көмек көрсету

 

Тұрақты Жарты жылға ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

43. Мешіттердегі кадр тапшылығын шешу мақсатында, кәсіпкерлер арқылы имамдарға әлеуметтік-материалдық қолдау көрсету

 

Қажеттілікке қарай Тоқсандық ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

44. Өңірге дін саласында жұмыс жасайтын дінтанушы, теолог мамандарды тарту мақсатында, олардың әлеуметтік-материалдық мәселесін шешу Қажеттілікке қарай Ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

45. Азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды талқылау Жыл ішінде Жылдық ақпарат ДІБ,

ІСБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

46. Халық арасында діни негіздегі шиеленістердің алдын алу және оның профилактикасы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу Тоқсан сайын ДІАҚМ-ға ақпарат

 

ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері,

ЖПҚ

47. Діни бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, халықты деструктивті діни ағымдар идеологиясынан сақтандыру бойынша қарсы насихат іс-шараларын жүргізу Тұрақты Тоқсандық ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

48. Азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, діни экстремизмге қарсы іс-қимылға бөлінген бюджет қаражатын мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес құрылымдардың тиімді пайдалануына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

 

Жыл ішінде Жылдық ақпарат ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

49. Жалпыға бірдей білім беру, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында одан әрі тарату үшін діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдар идеологиясының профилактикасы бойынша суреттелген ақпараттық материалдарды шығару Жыл сайын брошюралар, буклеттер, жадынамалар ДІБ,

ББ,

ЖСМБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

50. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру қорытындыларының ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету Жыл сайын БАҚ-қа

ақпарат

ІСБ,

ДІБ,

Тараз қаласы мен аудан әкімдері

51. Қалалық және аудандық деңгейде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірлеу 2018 жылдың

І тоқсаны

Іс-шаралар жоспарын бекіту Тараз қаласы мен аудан әкімдері

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ДІАҚМ – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

МҚІД – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

БСБД – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті

ҚДСД – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

ББ – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

ДШСБ – Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы

ДСБ – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

ДІБ – Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы

ЖСМБ – Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы

ЖҚҮӘББ – Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

МАҚБ – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

СҚҚБ – Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы

ІСБ – Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

ЭБЖБ – Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ҰҚКД – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті

ІІД – Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті

ЖПҚ – Жергілікті полиция қызметі

ҚАЖД – Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

ҚІД – Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

«Оңтүстік» ӨҚӘБ – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасы

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov