Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығына сайкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
- Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі шаралар қабылдансын;
2) жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне Іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат берсін.
- Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
Б. Сағынтаев |