Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының облыс әкімдігі дін істері басқармасының құзіретіне жататын тармақтарының орындалуы бойынша қорытынды АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы

іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының

облыс әкімдігі дін істері басқармасының құзіретіне жататын тармақтарының орындалуы бойынша қорытынды

АҚПАРАТ

 

1, 2 – тармақтар бойынша:

Дін саласындағы облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының 2013 – 2017 жылдар аралығындағы жұмыс жоспарлары мен құрамдары облыс әкімі К.Көкрекбаевпен бекітілді.

2013 – 2015 жылдары облыстық 4 АТТ құрамы 12 мүшеден тұрды. АТТ құрамдары жоғары білімді дінтанушы, теолог мамандармен және дін саласындағы саясатты жүзеге асырушы кәсіби мемлекеттік қызметшілермен жасақталды.

2016 жылдан бастап әйел жамағаттары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы топ құрылып, оның құрамына жоғары білімді дінтанушы және психолог әйел азаматшалар енгізілді.

Сондай-ақ, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері жанында 11 қалалық, 10 аудандық және 156 ауылдық деңгейдегі АТТ құрылып, олардың құрамдарына әкімдік қызметшілері, мешіт имамдары, білім саласы мен полиция қызметкерлері, беделді ақсақалдар, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени орталықтардың өкілдері енгізілді.

3-тармақ бойынша:

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобалар арқылы мемлекеттік органдардың қызметкері болып табылмайтын АТТ мүшелеріне ақы төлеу мәселесі шешілді.

4-тармақ бойынша:

Облыста деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтарды оңалту жұмыстары жүргізілуде. Есепті мерзім ішінде, жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен 419 азамат (270 сәләфи, 116 таблиғ, 33 сотталушы) радикалды діни көзқарастарынан қайтарылды. Оның ішінде, 2015-2016 жылдары – 201, 2017 жылы – 218 азамат оңалтылды.

Оңалған 419 азаматтың ішінде, 40 әйел бар.

Аталған жұмыстар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті тарапынан ұсынылған оңалту критерийлеріне сәйкес, жүргізілуде

5-тармақ бойынша:

2013 жылы АТТ қызметін үйлестіру облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының құзіретінде болды.

2014 – 2017 жылдар аралығында АТТ тарапынан 7621 іс-шара өткізіліп (2014 ж. – 1122, 2015 ж. – 1134, 2016 ж. – 2377, 2017 ж. – 2988 іс-шара), 373 мыңнан астам облыс тұрғындары қамтылды.

6-тармақ бойынша:

Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген өңірлердің есептілік кестесіне сәйкес, 2016 жылдың сәуір айында өткен ҚР Үкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысында Жамбыл облысындағы діни ахуалдың жай-күйі пен жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысы қаралып, есебі берілді.

Сонымен қатар, Кеңес жұмыстары облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде тұрақты үйлестіріліп, тоқсан сайын отырыстары өткізілуде.

7-тармақ бойынша:

Тараз қаласы мен аудандарда «114 – Қауырт желісі» мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының «сенім телефоны» жазылған баннерлер орналастырылған.

Сондай-ақ, НТК, КТК және Евразия телеканалдарының жүгіртпе жолақтары арқылы хабарлама берілді.

«Сенім телефонына» 2013 жылы – 3, 2014 жылы – 7, 2015 жылы – 24, 2016 жылы – 69, 2017 жылы – 22 тұрғын хабарласып, діни-құқықтық және психологиялық кеңестер берілді.

18, 27 – тармақтар бойынша:

БАҚ көздерінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және діннің өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылы облыстық, қалалық, аудандық газет беттерінде – 379, телеарнада – 27, интернетте – 234;

2014 жылы газетте – 381, телерадиодада – 32, интернетте – 951;

2015 жылы – 409, телерадиодада – 52, интернетте – 1619;

2016 жылы газетте – 582, телерадиодада – 69, интернетте – 3983;

2017 жылы газетте – 450, телерадиодада – 48, интернетте – 3504;

Жалпы, 2013 – 2017 жылдар аралығында БАҚ көздерінде 12720 материал жарық көрді.

20-тармақ бойынша:

2013 – 2017 жылдар аралығында 123 мыңнан астам баспа өнімдері шығарылып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне, білім беру ұйымдарына, түзеу мекемелеріне, мешіттерге таратылды.

23-тармақ бойынша:

Тараз қаласы мен аудандардағы елдімекендерде 2013 – 2017 жылдар аралығында діни экстремизм мен терроризмге қарсы, зайырлы құндылықтарды насихаттайтын және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған 150-ге жуық сыртқы көрнекілік құралы (баннер мен керме) орналастырылды.

24-тармақ бойынша:

Интернет кеңістігінде діни экстремистік және террористік мазмұндағы ақпараттардың таралуының алдын алу бойынша тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Есепті мерзім ішінде, 1901 күдікті сілтеме анықталып, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетіне дінтану сараптамасына жолданылып, 480 сілтеме бұғатталды. Қалған сілтемелердің дінтану қорытындысы күтілуде.

Сондай-ақ, Басқарма мен Дін проблемаларын зерттеу және Оңалту орталықтары қызметкерлері және мешіт имамдарынан құралған блогерлер тарапынан әлеуметтік желілерде теріс пиғылды діни ағымдар идеологиясына қарсы 3 мыңнан астам контрпропагандалық жарияланымдар орналастырылды.

35-тармақ бойынша:

2014 – 2017 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде 22 аудио-видео өнімдер (аудио лекциялар, роликтер, бейнефильмдер) әзірленіп, жастар мен жасөспірімдер арасында көрсетілімдері ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, облыстық «Jambyl», «77TV» телеарналары, қоғамдық орындарда орналастырылған LED-экрандар  арқылы облыс тұрғындарының назарына ұсынылды.

36-тармақ бойынша:

2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын 4 жобаға 5,5 млн. теңге, 2015 жылы 5 жобаға 10 млн. теңге, 2016 жылы 4 жобаға 8,9 млн. теңге, 2017 жылы 5 жобаға 13 млн. теңге бөлініп, аталған жобалар аясында мақсатты топтар мен діни экстремизм мен терроризм көріністеріне бейім азаматтар арасында ауқымды іс-шаралар кешендері ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, республикалық деңгейдегі білікті дінтанушы, теолог ғалымдар мен мамандарды шақырып, конференциялар мен түрлі семинарлар өткізілді.

123 мыңнан астам баспа өнімдері шығарылып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне, білім беру ұйымдарына, түзеу мекемелеріне, мешіттерге таратылды.

99-тармақ бойынша:

Демеушілердің көмегімен облыс бойынша 295 мешіттің 290-ына бейнебақылау жүйесі орнатылған (Меркіде 2, Т.Рысқұлов 1, Шу 1 мешітте жоқ).

Сондай-ақ, облыс бойынша 46 шіркеудің 20-сы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov