Облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпарат

2019 жылдың 18 наурызы күні Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы «Жемқорлықты заң да, дін де құптамайды» тақырыбында жиын өткізіліп, оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев және Басқарма басшысы Ж.Омаров, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің менеджері Қ.Дүйсембаев, сондай-ақ, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Басқарма «Жамбыл адалдық алаңы» жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, «Жамбыл адалдық алаңы» жобасы аясында Тараз қаласындағы ғибадат орындары мен білім беру орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру іс-шаралары бойынша арнайы кесте жасалып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев тарапынан бекітілді. Аталған кестеге сәйкес әр апта сайын Тараз қаласындағы ғибадат орындары мен білім беру орындарында түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда, Тараз қаласы мен аудандардағы мешіттерде және һибатулла Тарази медресесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру шаралары өткізілді. Аталған іс-шараларда жалпы саны 21965 адам қамтылды.

Сонымен қатар Тараз қаласы мен аудандардағы христиандық 21 діни бірлестіктерде Інжіл кітабы тұрғысынан шіркеуге келушілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараларда жалпы саны 941 адам қамтылды.

Басқарма тарапынан ұйымдастырылған діни бірлестіктердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру шараларында облыс көлемінде жалпы саны 22906 адам қамтылды.

Сонымен қатар, Басқарманың сыбайлас жемқорлық профилактикасы мақсатындағы жұмыстары медиакеңістікте де орындалды. Атап айтқанда, облыстық «Jambyl.tv» телеарнасындағы «Иман нұры» бағдарламасының бір саны «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында түсірілді. Аталған бағдарламаға қонақ ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Д.Омаров және облыстық һибатулла Тарази медресесінің ұстазы Н.Бақытұлы қатысып, сыбайлас жемқорлық мәселелерін жан-жақты талқылады.  «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында түсірілген бағдарлама 2019 жылдың 23 мамырында «Jambyl.tv» телеарнасының эфиріне шықты.

Сонымен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Қ.Жұмағұлдың және «Шымкент және Тараз Епархиясы Успение Божией Матери соборының приходы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Ю.Власенконың қатысуымен ислам және христиан діндеріндегі сыбайлас жемқорлық үкімдері туралы бейнероликтер түсірілді. Бейнероликтер интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде орналастырылып, халыққа насихатталуда.

Басқарма Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес облыс әкімдігі дін істері басқармасының 2019 жылғы 29 тамыздағы №40 бұйрығына сәйкес басқарманың ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы Е.Әскенұлымен 2-3 қыркүйек күндері аралығында басқарманың ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі, христиан және басқа да діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімдері мен қаржы-шаруашылық қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау нәтижесінде қызмет көрсету барысында заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық көріністері туындамағаны анықталды.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov