Облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен 2019 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпарат

Басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі, атап айтқанда, 2019 жылдың 27 ақпанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен өткен жиында облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров дін өкілдеріне ғибадат үйлеріне келушілерге сыбайлас жемқорлықтың залалы туралы түсіндірудің мән-маңызы жөнінде атап өтті. Өз кезегінде, дін өкілдері ғибадат орындарына келушілерді пара бермеуге шақыру үшін өз жұмысында толық дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу үшін барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

2019 жылдың 1 наурызында Басқарманың ұйымдастыруымен дін саласындағы заңнамаларын талқылау, заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында Тараз қаласында орналасқан жергілікті діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өткізілді. Іс-шара барысында, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Білім туралы», «Балалар құқығы туралы» Заңдары түсіндіріліп, дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы сұрақтар қаралып (миссионерлерді, намазханаларды тіркеу, тиісті жерлерде әдебиеттер сату және тарату), сонымен қатар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң нормалары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру туралы  айтылып өтті.

Ағымдағы жылдың 18 наурызы күні Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы «Жемқорлықты заң да, дін де құптамайды» тақырыбында жиын өткізіліп, оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев және Басқарма басшысы Ж.Омаров, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің менеджері Қ.Дүйсембаев, сондай-ақ, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Сонымен бірге, басқарма қызметкерлерінің жылдық мүлік және табысы туралы декларациялары ү.ж. 1 наурызына дейін толық және уақытылы тапсырылды.

Басқармамен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Діни бірлестіктердің қатысуымен өткізілетін кездесулерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы діни бірлестіктердің маңыздылығы, адам өміріндегі діннің ықпал ету дәрежесі мен орны, сондай-ақ дін өкілдері дін – тұлғаның адамгершілік-рухани тәрбиелеу институты екендігі айтылып отырады.

Сонымен қатар, діни бірлестіктерде өткізілетін діни рәсімдерінде, оқылатын уағыздарында халыққа тұрақты түрде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормалары, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері  туралы мешіт және шіркеу келушілеріне айтылып отырады.

Сонымен бірге, басқарма қызметкерлерімен 2018 жылдың 12 айында және 2019 жылдың 3 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар бойынша фактілер орын алған жоқ.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov