Облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен 2016 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы есебі

Басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі, атап айтқанда, басқарма мен дін проблемаларын зерттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 2016 жылдың 4 ақпанында басқарма басшысы төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2016 жылдың          1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген 2015 жылғы            18 қарашадағы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен және ҚР Қаржы министрлігі сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға тапсыру механизмі мен мерзімдерін, тұлғаның сыйлықты сатып алу, сондай-ақ сатып алудан бас тарту жағдайында оны сату тәртібін көздейтін тұлғалар үшін әзірлеген Жадынамамен  таныстырылды.
Сонымен бірге, басқарма қызметкерлерінің жылдық мүлік және табысы туралы декларациялары ү.ж. 1 наурызына дейін толық және уақытылы тапсырылды.
Басқармамен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
Есепті мерзім ішінде басқарманың «Сенім телефоны» арқылы және арыз-шағымдар жәшігіне сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша шағымдар  түскен жоқ.
Басқарманың dini.zhambyl.kz ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуі қамтамасыз етілген, атап айтқанда аталған тарауда:
– 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы (2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген);
– 2015 жылы Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаевпен бекітілген «ҚР 2015-2025 жж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жж. арналған іс-шаралар жоспарының Жамбыл облысында орындалуына жауаптылар бөлінісі»;
– басқарманың 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары;
– басқарма тарапынан 2016 жылдың І-ші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпараттар салынып, толықтырылды.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен басқарма арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, келісу үшін жолданылып, бекітілді.
Басқарма мен дін проблемаларын зерттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 2016 жылдың 4 ақпанында басқарма басшысы төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен және ҚР Қаржы министрлігі сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға тапсыру механизмі мен мерзімдерін, тұлғаның сыйлықты сатып алу, сондай-ақ сатып алудан бас тарту жағдайында оны сату тәртібін көздейтін тұлғалар үшін әзірлеген Жадынамамен  таныстырылды.
«1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 29 ақпанында «дөңгелек үстел» жиыны өткізіліпжиынға этномәдени орталықтар мен діни бірлестіктер және зиялы қауым өкілдері қатысып, «Алғыс айту күнінің» маңызы мен мақсаты туралы ортақ ойларын білдірді. Сонымен қатар, қатысушыларға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң нормалары, жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру болып табылатыны туралы  айтылып өтті.
Ү.ж. 29 наурызында №2093 әскери бөлімі Айша бибі шекаралық бақылау бөлімшесінде «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында өткізілген семинарға басқарма мен орталық қызметкерлері қатысып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту екендігі түсіндірілді.
Ү.ж. 8 сәуірінде басқарма басшысы төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу» тақырыбында аппараттық кеңес өткізіліп, ҚР  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «мемлекеттік сатып алу туралы» Заң нормалары, сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар айтылып, түсіндірілді.
2016 жылдың 17 маусымында облыста Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықованың қатысуымен «Әйелдер жемқорлыққа ЖОҚ дейді» тақырыбында өткен Республикалық конференциясына басқарма мен орталық қызметкерлері қатысып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясат және мемлекеттік аппараттағы әйелдердің рөлі, мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудың жаңа тәсілдері, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы грузиндік күрес жүйесі және әйелдердің рөлі туралы мәселелер қарастырылды. Конференцияда қаралған мәселелер туралы басқарма мен орталықтың барлық қызметкерлеріне жиын өткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру, Қазақстанда әйелдер тарапынан сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту екендігі түсіндірілді.
Ү.ж. 20 маусымында басқарманың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізіліп, басқарма мен орталық қызметкерлеріне қолданыстағы заң нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шараларын күшейту, ұжым арасында үгіт жұмыстарын кеңінен жүргізу және мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін тиісті дәрежеде орындалуына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.
Ү.ж. 5 қыркүйегінде басқарма мен орталық қызметкерлерінің және облыс әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы, облыс бойынша әдеп жөніндегі уәкілі А.Көшербаеваның қатысуымен «Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің этикалық (әдептілік) нормаларының қалыптасуы, басқармада әдеп нормаларының сақталу жағдайы туралы айтылып, түсіндірілді.
Ү.ж. 26 желтоқсанында басқарманың ұйымдастырумен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Конфессияаралық келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық жолы» тақырыбында діни бірлестіктер басшыларының кезекті Клуб отырысы өткізіліп, аталған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы С.Әлібеков,  облыс аумағында жұмыс атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен филиалдардың басшылары мен өкілдері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушыларға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы С.Әлібеков «Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы» тақырыбында баяндама оқып, бүгінгі күні қоғамда маңызды орын алып отырған сыбайлас жемқорлық мәселесі, оның қоғамға тигізер зардабы және осынау қауіпті кеселдің алдын алу мен оны болдырмау шаралары туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, діни бірлестіктерде өткізілетін діни рәсімдерінде, оқылатын уағыздарында халыққа тұрақты түрде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормалары, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері  туралы мешіт және шіркеу келушілеріне айтылып отырады.
 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov