Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Кеңес мүшелері, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат және білім бөлімдерінің басшылары, БАҚ тілшілері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес:

«Тараз қаласы мен аудандардағы діни ахуалды зерделеу қорытындысы туралы» Дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың баяндамасы тыңдалды. Ж.Омаров мемлекеттің дін саласындағы саясатының Тараз қаласы мен аудандарындағы орындалуы және зерделеу барысында аудандарда анықталған кемшіліктер мен оларды түзету бойынша ұсыныстар айтып өтті. Сонымен қатар, қала және аудандар әкімдіктеріндегі дін саласына жауапты тұлғалардың орындаушылық мәселелеріне тоқталып, кемшіліктерді түзету бойынша бірлесе жұмыс жасау қажеттілігі айтылды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» РИДБ-нің облыс аумағындағы филиалдарының деструктивті діни идеологиялардың алдын алу бойынша жұмыстары туралы» ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қ.Жұмағұлдың баяндамасы тыңдалды.

Қ.Жұмағұл өз баяндамасында ҚМДБ-ның облыстағы филиалдарымен деструктивті идеологияға, соның ішінде түзету мекемелеріндегі атқарылып жатқан жұмыстары, жергілікті АНТ мүшелерінің облыстағы қызметі, діни кадрлар дайындау мен имамдардың біліктілігін арттыру және өзге де діни қызметтері туралы ақпарат берді.

Сөз соңында, С.Құрманбекова Кеңес мүшелеріне атқарылған істердің аз еместігін, алайда алда атқарылар істердің одан да көп екендігін және осы бағыттарда бірлесіп, жұмыс жасау қажеттігін нақтылап кетті.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov