2018 жыл ішінде діни қызмет саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер төмендегідей: «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті негізінде 8 азамат миссионер ретінде тіркеліп, миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі берілді.
2018 жыл ішінде діни қызмет саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер төмендегідей: «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) (намазхана, табыну үйі) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті негізінде 7 заңды тұлғаларға келісу-хат берілді.
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрі бойынша өтініштер түспеуіне байланысты аталған қызмет көрсетілмеді.
Есепті мерзім ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 11, ол басқарманың ұйымдастыруымен өткізілген семинарлар мен газет бетіне шыққан хабарламалар .
Аталған іс-шараларда қамтылғандар саны – 344 адам.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ.