Облыс әкімдігі дін істері басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын ішкі бақылау бойынша 2019 жылдың ІІІ тоқсанының талдамалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі №41 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес басқарма әзірлеуші болып табылатын «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №216 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы әзірленіп, облыс әкімдігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №138 қаулысымен бекітілді.(Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2018 жылдың 30 шілдедегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №3917 болып енгізілді).

Аталған қаулымен діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің тек «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет регламентіне қатысты өзгерістер енгізіліп, басқарма тарапынан тиісті қаулы жобасы әзірленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің (www.zhambyl.gov.kz) және басқарманың (www.dini.zhambyl.gov.kz) ресми сайттарына орналастырылды.Сонымен бірге 2018 жылдың 09 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды.

Ал, 2019 жылы дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша стандарттар мен регламенттерге өзгерістер енгізілген жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер («Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) (намазхана, табыну үйі) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру») баламалы түрде, яғни:

– көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

-«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  арқылы жүзеге асырылады.

2019 жылдың ІІІ тоқсан ішінде діни қызмет саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер төмендегідей: «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті негізінде 5 азамат миссионер ретінде тіркеліп, миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі берілді.

 

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) (намазхана, табыну үйі) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» қызмет түрі бойынша 1 заңды тұлғаға келісім берілді.

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрі бойынша өтініштер түспеуіне байланысты аталған қызмет көрсетілмеді.

Есепті мерзім ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 17, ол басқарманың ұйымдастыруымен өткізілген семинарлар мен кездесулер (хаттама көшірмелері қосымша тіркеледі).

Аталған іс-шараларда қамтылғандар саны – 450.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну үшін дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді («Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) (намазхана, табыну үйі) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру») насихаттау мақсатында 3 бейнеролик түсірілді. Бейнероликтер интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде орналастырылып, халыққа насихатталуда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ.

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ, сондай-ақ қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov