«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
1-қосымша

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 26.07.2017 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеген.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күн.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдаған күн Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;

2) көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда –20 (жиырма) минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші– Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» www.egov.kz порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат;

4) куәлік көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және миссионер оның өкілі болып табылатын діни бірлестік жарғысының көшірмесі;

5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.

Көрсетілетін қызмет алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) миссионердің осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу үшін (қайта тіркеуге) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) діни бірлестіктің атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін діни бірлестіктер берген құжат;

4) миссионер оның өкілі болып табылатын діни бірлестік жарғысының көшірмесі;

5) діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, миссионерлік қызметке арналған діни бағыттағы заттар.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелуі (қайта тіркелу) үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаты.

Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

Жеке басын куәландыратын, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары, жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаты, техникалық паспорты және (немесе) жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтағы көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін беру жеке куәлігін ұсынған кезде (немесе оның өкілінің нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтен бас тартуға:

1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;

2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда жазылған деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігін анықтау;

4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы;

5) дін істері және азаматтық қоғам саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым қызметті берушінің басшысының атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол және поштамен де келіп түскен шағымдарды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның қаралуы тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары: көрсетілетін қызметті беруші: www.diаkom.gov.kz;

Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  2. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
  «Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркелуді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  нысан

 

 

_________________________________________________________________________әкімдігі

(облыс, республикалық маңызы бар қала және астананың)

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы

куәлік _________________________________________________

(тіркеу нөмірі)

_______ қаласы                                          20___ жылғы «____»

Осы куәлік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

________________________________________________________________________берілген.

(куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

және миссионер ретінде 20___жылғы «___» ___________ тіркелгенін растайды.

Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі:

________________________________________________________________________________

Алғашқы тіркелген күні 20___жылғы «___» __________

(қайта тіркелген кезде көрсетіледі)

Паспорт немесе жеке куәлігі:_________________________________________________

(берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)

Азаматтығы:_______________________________________________________________

Дiни ұстанымы: ____________________________________________________________

Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни бірлестіктердің

атауы___________________________________________________________________________

Осы куәлік 20___ жылғы «___» ________ дейін жарамды

Көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адам

________________________________________________________________________________

(лауазымы мен тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып)

Қолы ________                                          Мөр

Бланк сериясы                                          Бланк №___________

  «Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркелуді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызметті берушіге
____________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда),
мекенжайы, телефоны және
ЖСН)

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты:________________________________________

Орналасқан (тұратын) мекенжайы:____________________________________________

Паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (күні, нөмірі, құжатты берген

орган): _________________________________________________________________________

Азаматтығы:_______________________________________________________________

Дiни ұстанымы: ____________________________________________________________

Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни бірлестіктердің

атауы___________________________________________________________________________

Миссионерлік қызмет мерзімі:________________________________________________

Визаның қолданылу мерзімі:_________________________________________________

Қызметті жүзеге асыру аумағы:

________________________________________________________________________________

(облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

Мен, _____________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

миссионерлер қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының

заңнамасымен танысқанымды растаймын.

Қосымша:

Қолы ____________ Өтініш берілген күн ______________________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
3-қосымша
  нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе
ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан

Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға

арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының № ____________________________

бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды

тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында

көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты

___________________________________________________________________________

мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ______________________________________

2) ______________________________________

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

____________________________________________      _____________

ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері)            (қолы)

Алдым: ______________________________________      _____________

ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы)      (қолы)

Күні: 20__ жылғы «___» _________

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov