Облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің инспекторы Меркі ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы саясаты туралы және қазіргі уақытта ерекше алаңдатып отырған радикалды діни ағымдардың сипаты, мақсаты және зияны туралы айтылды. Кездесулерге қатысқан азаматтар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толықтай жауаптар берілді.