Меркі ауданы бойынша анықтама

2018 жылдың 13-16 ақпан күндері Меркі ауданында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу және оңалту орталықтары ақпараттық-түсіндіру және зерделеу жұмыстарының

АНЫҚТАМАСЫ

 

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5-бабы,           1) тармағына сәйкес, Меркі ауданындағы діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу мақсатында, облыс әкімдігі дін істері басқармасы, дін проблемаларын зерттеу және оңалту орталытарының қызметкерлері                  2018 жылдың 13-16 ақпан аралығында ақпараттық-түсіндіру және зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, Меркі ауданында – 14 ауылдық округ.

Халық саны: 86 423.

Ұлттық құрамы: ауданда қазақтар (67,4%), орыстар (7,1%), түріктер (9%), әзірбайжандар (4,3%), өзбектер (2,4%), т.б. ұлт өкілдері тұрады.

Діни ахуалды зерделеу жұмыстары барлық 14 ауылдық округтерінде жүргізілді (Меркі, Ақермен, Ақтоған, Жамбыл, Кеңес, Андас батыр, Сарымолдаев, Аспара, Ойтал, Ақара, Жаңатоған, Т. Рысқұлов, Сұрат, Тәтті ауылдық округтері).

Меркі ауданы бойынша 3 конфессиядан (ислам (ханафи мазхабы), христиан бағытында православтық және протестанттық) құрылған 27 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның 24 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер, 24 мешіттің 1-і Сұрат ауылындағы  «Байсейт би» мешіті жабылу үстінде, 3 христиан бағытындағы діни бірлестіктерге қатысты шіркеулер (2 протестанттық, 1 орыс-православ шіркеуінің өкілдігі). 24 мешіттің 23-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығымен бекітілген имамдар (жоғары білімді –6, орта білімді – 6, арнайы курстан өткендер – 11).жұмыс атқаруда, тек Cұрат ауылдық округіндегі «Байсейт би» мешітінде имамы жоқ.

24 мешіттің 18-і типтік, 6-уы типтік емес үлгіде.

Жамағат саны:

– 5 уақыт намазға келушілер саны – 150-200 адам;

– Жұма намаздарына келушілер саны – 2000-ға жуық.

Жамағаттардың жастық ерекшеліктері:

– 14-29 жас – 23,5% (500-ден астам);

– 29-63 жас – 59% (1000-1500 адам);

– 63 жастан жоғары – 17,5% (500-ге жуық).

Ауданның бас имамы – Қасымалиев Батырбек Жақсымбетұлы.

Сондай ақ, аудандағы 24 мешіттің 23 мешітіне бейнекамералар орнатылған.

Зрделеу нәтижесі: Сұрат ауылдық округінің мешітінде бейнебақылаудың сақтау жадысы 17 күн, «Андас батыр» мешітінің  жады 15 күн, Ойтал ауылдық мешітінде бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. Себебі: аталған мешіт ғимараты толығымен бұзылып, жаңадан соғылуда. Ақтоған ауылдық округінің «Шақшам ата» мешітінде сақтау жадысы 7 күн. Ойтал ауылдық округінің «Жүніс молда» мешітінің сақтау жады 10 күн. Сарымолдаев ауылдық округінің «Екпінді» мешітінде бейнебақылау жүйесі қосылмаған, «Сыпатай батыр» мешітінде бейнебақылау камералары жұмыс жасамайтындығы  анықталды.   

 

Шіркеу атауы Жетекшісі
«Шымкент және Тараз Епархиясы Рождество Пресвятой Богородицы храмының приходы» ЖДБ Воронцов Владимимр Юрьевич
«Меркі ауылының, Жетінші күн адвентист-христиандарының Тұрғылықты жерінің Шіркеуі» ЖДБ Альбрехт Альберт Викторович
«Жамбыл облысының Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы, Мерке» ЖДБ Патраков Владимир Леонидович

 

Ауданда жұмыс жасайтын «Субботник протестанты», «Общество Евангелиские Христиане Баптисты» діни бірлестіктері ресми тіркеуден бас тартуда. Аталған діни бірлестіктер жетекшілерімен кездесіп, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары бірнеше рет түсіндіріліп, ескерту жасалды.

Әзірбайжан ұлтының «Имам Әли» мешіті бүгінгі күнге намазхана болып тіркелді, ал екінші мешіті тіркелу үстінде.

Дін істері басқармасы тарапынан 2018 жылға арналған жұмыс жоспары жыл басында келісіліп, соған сәйкес аудандық жұмыс жоспары бекітілді.

1 аудандық, 14 ауылдық округінде ақпараттық-түсіндіру топтары қызмет атқаруда. Құрамы 5 адамнан құралған (дінтанушы (мешіт имамдары), әкімдік және ІІБ-і қызметкерлері, беделді ақсақалдар). «Дәстүрлі емес және тыйым салынған діни ағымдар», «Ауыл жастары дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы», «Діни экстремизмнің алдын алу», «Қазақстан Республикасы-Зайырлы мемлекет»,т.б тақырыптарда іс-шаралар өткізіліп, видео-роликтер көрсетіліп, «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі» Заң талаптары да кеңінен түсіндірілуде.

Жастардың жазғы демалыс мерзімінде бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 97 спорт алаңы, 3 спорт мектебі, 1 аула клубы, 34 спортзал, 205 үйірмелердің қол жетімділігі қамтамасыз етілген.

2017 жылы желілік кестеге сәйкес, 239 іс-шара өткізу жоспарланып, нақты 277 іс-шара өткізілген.

Ал, 2018 жылдың қаңтар айында 16 іс-шара жоспарға сәйкес өткізіліп, 500-ге жуық адам қамтылды.

 

Ақпараттық жұмыс 2016 жыл 2017 жылы 2018 жылы
Ақпараттық-түсіндіру топтардың саны 15 15 15
Атқарылған іс-шаралардың саны 250 277 16
Көрсетілген видео роликтер саны 100 150 5
Таратылған кітаптар саны 1113
Қамтылған адам саны 35 мыңға жуық адам 37 мыңға жуық адам 500 адамға жуық

 

Жоғарыда аталған ақпараттық – түсіндіру топтарына 2017 жылы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 4 семинар өткізіліп, АТТ мүшелеріне 1113 дана ақпараттық кітаптар таратылды.

Сонымен қатар, ауданда діни экстремизм мен терроризмге қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында ақпараттық-түсіндіру парақтарын «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ–ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ», «ШЫНАЙЫ ЖИҺАД», «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ 114», «БІЛУІҢІЗ КЕРЕК!!!», «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!»,  «Сіз дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз», (флаерлерді) қоғамдық көліктерде, қоғамдық тамақтану орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, білім беру мекемелерінде, кітапханаларда және мемлекеттік органдарда, аудан тұрғындарына 2 мыңға жуық (флаерлер) ілініп таратылған.

 

Ақпараттық жұмыс 2016 жыл 2017 жылы 2018 жылы
БАҚ-тағы мақалалар 50 32 4
Билбордтар 3 3 2

 

Шет елде теологиялық оқу орындарынан оқып оралған азаматтармен жұмыс

Меркі ауданында шет елде теологиялық оқу орындарынан оқып оралған 6 азамат. Оның ішінде 2-і қазақ, 4-і иран ұлтының азаматтары. Бүгінгі күнге тұрғылықты мекен жайларын аралап ата-аналарымен кездесу барысында анықталғаны, иран ұлтының азаматтары Қарағанды, Талдықорған, Алматы қалаларына қоныс аударған.

Қазақ ұлтының 1 азаматы Алматы қаласында жұмыс істейді. Жоғарыда аталған азаматтар басқа қалада болғанына байланысты жеке кездесуге мүмкіндік болмады, 1 азамат Меркі ауылдық округінде тұрады Мысыр елінің астанасы Кайр қаласының, «Марказ Фурхан» оқыту орталығында дінтанушы мамандығын оқып, 2015 жылы оқуын бітіріп елімізге оралған. Дін проблемаларын зерттеу орталығы мамандарымен бірлесіп үйіне барып жеке әңгімелесу жүргізілді. Сөйлесу барысында анықталғаны: шетелде діни оқу орнында білімін жалғастыру мақсатында, құжаттарын интернет арқылы жібергендігін атап өтті, алайда, ешқандай жауап келмей отырғандығын жеткізді.

 

Шетелдік теологиялық оқу орындарында оқитын студенттермен жұмыс

1) Алтынбасов Есемби (25.12.1991 жылы туылған).  (Египет елінің астанасы Каир қаласының «Марказ Фурхан» оқу орталығында) білім алуда. Ата-анасы ажырасқан, анасы Алматы қаласында тұрады. Отандық діни оқу орындарына ауысуға ниет білдірмейді.

 

Отандық діни білім алған түлектер туралы

Ағымдағы жылы ауданға Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін бітірген 3 азамат аудан мешіттеріне қызметке орналастырылды. Атап айтқанда: Жамбыл ауылы «Меркі – ата», Ойтал ауылы «Жүніс молда» мешіттеріне ұстаз болып, Ақтоған ауылындағы «Шақшам ата» мешітіне найб имам болып, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бұйрығымен қабылданды.

Сондай ақ, аудан бойынша 2017-2018 оқу жылдары «Нұр-Мүбәрак» университетіне 4 бала оқуға түсті.

 

Оңалту жұмыстары бойынша:

2017 жылы дәстүрлі емес сәләфи және Таблиғи жамағаты ағымын ұстанушы 20 азаматпен кездесу өткізілген. Аталған азаматтардың көбісі сәләфилік және ҚР соттың шешімімен 2013 жылы тиым салынған «Таблиғи жамағаты» экстремистік ұйымының бұрынғы өкілдері болып табылады. АҰҚК қызметкерлері, аудан имамдарымен және ішкі саясат бөлімімен, жергілікті полиция қызметкерлері аудандық оңалту орталығының инспекторымен бірлескен жұмыстар нәтижесінде 5 азамат райынан қайтып, оңалды. Аталған азаматтардың 3 бұрынғы таблиғи жамағаттың өкілдері, 2 азамат деструктивті діни ағым ықпалына жаңадан бет бұрған.

Меркі ауданы бойынша ҰҚК бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, кәзірге таңда дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылған азаматтардың тізімі нақтыланды. Аталған тізімге сәйкес деструктивті діни ағымға тартылған 6 ер, 5 әйелмен ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмыстары бойынша жеке кездесулер өткізілді. (анықтамалары қосымша)

Сондай ақ, аудандағы барлық мешіт имамдарының жұма уағыздарына аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мамандарымен және дін проблемаларын зерттеу орталығының Меркі аудандық инспекторымен бірлесіп зерделеу жұмыстары жүргізіліді.

Зерделеу нәтижесінде Заңға қайшы іс-әрекеттер анықталмады.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жұмыстар

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тарапынан М.Джалаловқа Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы КР Кодексінің 490 бабы, 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес хаттама толтырылып, сот шешімімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Аталған азамат 2017 жылдың 6 қаңтарында «Сыпатай батыр» шекара бекетінен (Даваттыңсөздөрү) атты діни әдебиетті елімізге алып өту кезінде тәркіленген.

Касымова Гульжамал Шегебаевна 09.08. 2017 жылы Меркі ауданы, Меркі ауылы, «Махаббат әлемі» сауда орталығының 2 қабатында орналасқан №19 сауда орнында діни мақсаттағы ақпараттық материалдар (кітаптар, дискілер) анықталып, акт толтырылып тәркіленген. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 490 бабы, 1 тармағының   3 тармақшасына сәйкес, 80 мың тенге айыппұл салынған.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту алгоритімі (алгоритм действий) бір жүйеге келтірілгендігі байқалады.

 

Мектеп оқушылары арасында хиджаб үлгісінде орамал тағатын оқушылар туралы

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығын орындау барысында, Меркі ауданы жалпы білім беретін мектептерде білім алатын діни үлгіде киінетін оқушылар және ата-аналарымен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 3 қыз бала орамалдарын шешкен. Атап айтқанда, 2018 жылы № 39 мектеп-гимназиясында білім алатын Исрайлова Ясмиина, Серікбай Ақбота және Серікбай Нурила Нұрбекқызы  мектеп формасын киді.

Бүгінгі күнге 11 оқушы  хиджаб үлгісінде орамал тағады.

 

Меркі ауданы бойынша жүргізілген ақпаратты-түсіндіру жұмыстары

Меркі ауданы, Ақарал ауылдық округінің мәдениет үйінде жастар арасында деструктивті діни идеологияға қарсы «иммунитет» қалыптастыру мақсатында, «Жат ағым жарға жықпасын» тақырыбында, «Қант зауыты» мекемесінің қызметкерлеріне Мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында, «Зайырлы мемлекетте діни қатынастар заңмен реттеледі» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Меркі ауылының сауда орталықтарында «Деструктивті діни ағымдардан сақ болыңыздар!» тақырыбында парақшалар таратылды.

ІІБ-ның ғимаратында пробация және ЖПҚ-не Мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында, «Зайырлы мемлекетте діни қатынастар заңмен реттеледі» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Орталық емхана қызметкерлеріне «Иммундау және екпеден бас тартқандармен жұмыс жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жастар арасында деструктивті діни идеологияға қарсы «иммунитет» қалыптастыру мақсатында, «Жат ағым жарға жықпасын» тақырыбында маргинал жастар, жұмыссыз жастармен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, Савва атындағы №9, Сарымолдаев атындағы №12, Тлеміс батыр атындағы №4 және №19, №21, №2, №3, №6 орта мектептерінің оқушыларына «Жастар және дін» тақырыбында, А.Асқаров атындағы құрылыс және экономика колледжі және № 9 Меркі колледжі студенттеріне «Дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны» тақырыбында кездесулер өткізілді.

«Жақсымбет ата» мешітінде Заң жобасына енгізілген өзгерістер бойынша мешіт имамдарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2093 әскери бөлімінде «Зайырлы мемлекетте діни қатынастар заңмен реттеледі» тақырыбында кездесу өткізілді.

«Андас батыр», «Ар-Раззақ», «Ар-Рахим», «Ботбайата» мешіті, «Әкімжан ата» мешітітерінде жұма намазының алдында «Тұжырымдаманың басты бағыттары» және «Зайырлы мемлекетте діни қатынастар заңмен реттеледі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Ауылдық округтер бойынша:

Ақтоған ауылдық округінде өткізілген іс-шаралардың ақпарат парағы мен фото суреттері жоқ және желілік кесте жоспары  жоқ.

Жамбыл ауылдық округінде АТТ-ның жұмыс жоспарындағы қамтылатын мақсатты топ өкілдері мен мерзімдері толық көрсетілмеген. және діни ахуал картасы жоқ.

Ойтал ауылдық округінде жұмыс папкалары жинақы емес.

Т.Рысқұлов ауылдық округінде қаңтар айында өткізілген іс-шараланың фото суреттері жоқ.

Тәтті ауылдық округінде атқарылған іс-шаралардың фото суреттері жоқ.

Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілмеген.

Тәтті ауылдық округі әкімдігінің жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құрамы мен 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіткен.

Сонымен қатар, аудан көлеміндегі ауылдық округтердің діни ахуал карталары аудандық ішкі саясат бөлімінде жинақталғанымен, барлық ауылдық округтерде аталған құжат жоқ екендігі анықталды.

 

Жалпы білім беру саласы бойынша

Меркі ауданы бойынша – 56 жалпы білім беру (36 орта, 2 ектеп-гимназия, 18 бастауыш) және 2 арнайы орта білім беру мекемелері бар.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін 36 мұғалімнің арнайы біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Мектептер «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулығымен қамтамасыз етілген. Олардың 24-і «Тарих» пәні мұғалімі, 12-сі «География» пәнінен сабақ береді.

 

Жастар орталығының жұмысы бойынша

Жастар орталығының дін саласы бойынша өткізілетін іс-шара жоспары бекітілген, және кестеге сай тоқсан сайын әр ауылдық округте «Деструктивті діни ағымдардың таралуын алдын-алу» тақырыбында маргиналды жастар арасында іс-шаралар өтуде. Аталған жұмыстар бойынша 2018 жылдың қаңтар айында 3 іс-шара өткізіліп, 100-ге жуық адам қамтыған.

 

Меркі ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңестің жұмысы

Меркі ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңестің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарлары аудан әкімінің орынбасары М.Қасыммен бекітіліп, барлық ауылдық округтерге таратылған.

Аудан әкімдігінің діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңестыің бірінші тоқсанға арналған отырысы наурыз айына жоспарланған.

Кеңес отырысында, Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев ауылдық округтеріндегі діни ахуал мен ауылдық округ АТТ-ың атқарған жұмыстарының есебі қаралады.

 

Азаматтық қоғам институттарының жұмыстары бойынша

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2017 жылы жергілікті бюджеттен 1 млн. тенге бөлініп, 2 жоба қарастырылған. Олар: 1) «Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша ақпараттық-профилактикалық шаралар ұйымдастыру және өткізу; 2) Арнаулы орта оқу орындарының білімгерлер арасында дәстүрлі емес діни ағымдардан алдын алуға бағытталған ақпараттық іс-шаралар өткізу». Өнім беруші «Меркі -Шапағат» Жастар қоғамдық бірлестігі, 14 ауылдық округте әртүрлі форматта 25 іс-шаралар өткізіп, 1000 дана ақпараттық парақшалар таратылды, жергілікті БАҚ-тарда мақалалар жарияланып, іс-шараларға 1500-ге жуық адам тартылған.

2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 млн. тенге бөлініп, 2 жоба қарастырылуда. Атап айтқанда: 1) «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша ақпараттық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру»; 2) «Арнаулы орта және орта мектептерде оқу орындарында білімгерлермен оқушылар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытында ақпараттық іс-шаралар өткізу».

 

Ұсыныстар:

  1. Аудандағы теріс ағымға бет бұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында әлеуметтік көмектер мен жұмыспен қамту мәселелерін жандандыру;
  2. Ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтарымен жоспарға сәйкес уақытылы іс-шараларды өткізілуін, сондай-ақ, фото-деректері мен хаттамалануын қадағалау;
  3. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған желілік кестенің орындалуын жүйелі жүргізу;
  4. Аудандағы мешіттердегі жұмыс жасамайтын бейнебақылау құралдарын қалпына келтіріп, сақтау жадың 1 ай көлеміне ұзарту;
  5. Жергілікті «Меркі тынысы» газетіне ғылыми-танымдық және ағартушылық бағыттағы материалдар мен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналға Тұжырымдамасы» және «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» аясында мақалалар көптеп жариялау;
  6. Әр ауылдық округ бойынша 2018 жылға арналған діни ахуал картасын әзірлеу және уақытылы жаңарту;
  7. Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне АТТ-ның мақсаты мен міндетттері туралы семинар өткізу;
  8. Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын мақсатты топ өкілдері арасында жүргізу;
  9. Тұрғындардың діни көзқарастарын анықтау және ақпараттық-түсіндіру шараларының тиімділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізу жүйесін енгізу;

 

Таныстым:

Меркі ауданы әкімдігі

ішкі саясат бөлімінің

басшысы                                                                              Р.Жантаев

 

Жамбыл облысы әкімдігі

дін проблемаларын

зерттеу орталығының

басшысы                                                                              К.Джумекеева

 

Жамбыл облысы әкімдігі

дін істері басқармасының

бас маманы                                                                          С.Мутанов

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


01.01.1970


Egov