Меркі аудандық орталық кітапханасында «Дін мәселелері» жөніндегі пилоттық тобының мүшелері аудандағы мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді.

Бүгінгі алмағайып заманда бала тәрбиесінің нашарлауы, рухани құндылықтардың әлсіреуі, қоғамда жаман әрекет пен жат қылықтардың көрініс табуы тағы да басқа осы секілді келеңсіз жайттар жас ұрпақтың бүгінгі рухани және мәдени келбетін қалыптастыруға теріс әсер етіп жатыр. Дін істері басқармасы осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жасап, игі шараларды жүзеге асыруда. Бүгін Меркі аудандық орталық кітапханасында «Дін мәселелері» жөніндегі пилоттық тобының мүшелері аудандағы мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді. Оған Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Жайлауұлы Омаров, Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бахтияр Амреев, Републикалық «Ақниет» ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының теологы Зұлқарнайн Зүнінқожа, дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов қатысты.
Кездесу аясында З.Зүнінқожа «Зайырлы мемлекет және дін» деген тақырыпта баяндама жасап, еліміздің зайырлы мемлекет екендігін және ондағы діннің орнын түсіндірсе, Б.Амреев исламның дәстүрлі бағыттары туралы және лаңкестікке жол бермеу әрекеттерін, исламның дәстүрлі мәдениетінің маңызы жайында мағлұмат берді. Кездесу барысында мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп отырғанын Жангелді Омаров атап өтті. Сонымен қоса жиналған мұғалімдерге Е.Жақыпов кез-келген әлеуметтік желілердегі дінді уағыздайтын күмәнді сайттардың бар екені және оларға кіруге болмайтыны туралы да ескертіп, қандай сайттың ресми, заңды екені жайлы мәліметтер берді.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
0Share on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter

Облыстық жаңалықтары

'; echo ''.$date.'
'; echo ''.$title.'

'; echo '
'; } ?>

Egov