Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған негізгі заңымыздың қабылданғанына биыл 25 жыл толып отыр.
Осыған орай, 2020 жылдың 28 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы Тараз қаласы мен облыстағы діни қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтау үшін жиын өткізді.

Басқарма басшысы Ж.Омаров алғы сөзінде жиынға қатысушыларды аталған мерекемен құтықтай отырып, Ата Заңымыздың тарихы мен маңыздылығы, елімізде орныққан конфессияаралық келісімнің ұлғаюы, дін саласындағы саясаты жайлы атап өтті.
Сонымен бірге, басқарма басшысы дін қызметкерлеріне облыс әкімінің және Облыс Маслихатының құрмет грамоталарын тапсырып, облыстағы дін саласында белсенді еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды Өзінің атынан алғыс хаттарымен марапаттап, сыйлықтар үлестірді.
