Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және жастар арасындағы деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкері Е.Әскенұлы Сарысу ауданы Сарысу орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі міндеттері мен принциптері, радикалды діни ағымдардың, экстремистік және террористік идеологиялардың қауіптілігі, дін саласындағы құқықтық заң бұзушылықтың салдарлары жөніндегі тақырыпта орталық қызметкері дәріс оқыды.